Урок по самопознании Жақсылықпен жаным дос

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп Мерзімі №

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: Жақсылық

  • Қасиеттер: Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық.

Мұғалім Даулетбақова С.Т. Сынып____5

Мақсаты : жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп , жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру .

Міндеттері :

- оқушылардың « жақсылық » , « жақсылық жасау » туралы білімдерін кеңейту ;

- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту ;

- мейірімді , қайырымды болуға тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, бейнеролик, оқулық, үнтаспа, суреттер, плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Құстар торға қалай түсті ?» мәтінін оқып , төмендегі сұрақтарға жауап беру .

  • Аңыздан қандай ой түйдіңіз?

  • Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?

Сабақ барысын талдау: Жағымды күйге келтіру

3. Дәйексөз: « Жақсы сөз - жарым ырыс » деген дәйексөздің мағынасын түсіндіріп беру сұралады. Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екендігіне маңыз береді.

Ой-пікірлерін ортаға салу

4.Әңгімелеу: «Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .

  • Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?

Ой түйіндеу, достардың адам өмірінде алатын орнын анықтау

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1) «Ойланайық, пікірлесейік » айдарымен берілген сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізіледі .

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді?

Сендерге айнала адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді?

2) Мәтінге назар аудару

Пікіралысу

6.Топпен ән айту: А.Махамбетованың сөзіне жазылған М.Жәутіковтің «Қуанамын» атты әні

7.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып , талдау .

8. Қорытындылау:

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып , жағымды көңіл күйін қалыптастыратын және жақсылыққа жетелейтін бір - біріне тілек айтумен қорытындыланады .

Бәрі шеңберге тұрып, жақсы тілектер айтады


© 2010-2022