Урок Сөздерді байланыстыру әдістері

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріУрок Сөздерді байланыстыру әдістеріКүні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді байланыстыру әдістері

Сабақтың мақсаты: а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру; ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту; б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікір айту,жаттығулар әдісі,практикалық талдау.

Көрнекілігі: компьютер,үлестірмелі қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті (ауыз әдебиеті), информатика.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Сөзді байланыстырудың әдісі (сұрақ-жауап).

  1. Шешеннің субъективтік көзқарасын білдіретін қандай сөз орамдары бар?

  2. Ой желісінің байланысын күшейтетін тәсілдерге қандай тұлғалар жатады?

  3. Шешендік қайталаудың қызметі не? Мысал келтір.

  4. Риторикалық сұрақтардың алатын орны қандай?

Топтық тапсырмалардың орындалуын тексеру. І топ - 212-жаттығу, ІІ топ - 209-жаттығу («бұрыстығын» сөзіне фонетикалық талдау жасау) ІІІ топ 211-жаттығу.

Үй тапсырмасын бекіту. Сөздерді байланыстыру үшін қолданылатын әр түрлі сөз орамдары мен сөз тіркестерінің рөлі ерекше.

Жаттығу тапсырмалар жұмысы

Оқушы

Мұғалім

Ақпарат

құралдары

Компьютер



өз бетімен әрекеттенуші, кеңесші,саралаушы, ізденуші,білім қорын жинаушы ұйымдастырушы,өңдеуші

Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.

1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі

Өздігінен шешім қабылдайды.

Сөздерді өз мақсатына,мазмұнға сәйкес қолдана алады.

Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.

2. Ақпараттық құзыреттілігі

Ақпаратты негізінде көздеген мақсатына сай мәтін құрайды.

Шығармашылық жұмыстарды орындайды.

3. Коммуникативтік құзыреттілігі

Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді.

Өз пікірін қорғай алады.

Оқулықпен жұмыс. 214-тапсырма.

215-тапсырма.Деңгейлік тапсырма түрінде орындалады.

Сіздің міндетіңіз - елдің көңіл-күйін көтеру,рухтандыру.

І топ. Мектебінің ашылу салтанаты.

Сөзіңнің құрылымы: қаратпа сөз; құттықтау; бүгінгі жайға сипаттама; жетістіктер,жеңістер,болашақ.

ІІ топ. Ата-анаңның мерейтойы.

Бағалау бөліктері: тақырыбы,мақсаты; эмоциялы сөз; тыңдаушыға рух беру керек; дұрыс жеткізуіңіз.

ІІІ топ. Сурет бойынша тақырыпқа сай жоспар құр.

(«Қазақ солдаты» романы бойынша кейіпкер бейнесін ашу)

Тақырыбы



Сөйлемдер

Субъективті көзқарасын білдіретін сөз орамдары

Риторикалық сұрақтар

Қорытынды сөз

1.

2.

3.

Балалық өлді білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Меніңше, тақырыптан ауытқымай,уақытты тиімді пайдалану қажет.

Ойымды түйіндей келгенде,жаман әдеттерден аулақ болған жөн демекпін.




Өзіндік жұмыс.

Мына тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңнің жоспарын жаса.

І топ. Мен таңдаған мамандық.

ІІ топ Мектеп киімі қандай болу керек?

ІІІ топ Ауылым - алтын бесігім.

Сабақты бекіту.

Үлестірме қағаз мынадай үлгіде таратылады.

INSERT әдісі

Білемін

Білгеніме сәйкес келмейді

Жаңа нәрсе

Терең білгім келеді






Нәтижеге қол жеткізу білім сапасын арттырады.

Үйге тапсырма.

216-тапсырма.

Мына тақырптарда үгіт-насихат сөз жазу.

І топ. «Сыр бойы» газетіне жазылу.

ІІ топ. Мектеп маңын көгалдандыру.

ІІІ топ. 217-тапсырма.

Мәтінді оқу.

Лексикалық,морфологиялық талдау жасау

Бағалау.


© 2010-2022