Урок. Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту.

Тәрбиелік: Ата-анаға, отбасына деген ізгі ниеттерді қалыптастыру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау арқылы балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап:

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1 - тапсырма.

1. Мұғалім сурет бойынша көрсете отырып сөздерді оқиды. Оқушылар тыңдап отырады.

2. Оқушылар суреттен көрсете отырып сөздерді тізбектеп оқиды.

2 - тапсырма.

1. Мұғалім оқиды, оқушылар тыңдап отырады.

2. Оқушылар оқиды.

3. Оқушыларға өздерінің ата - әжелерінің аттарын, тегімен айтқызып үйретеді.

3 - тапсырма.

1. Тапсырма бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

2. Мұғалім тапсырманы ойын арқылы өрбітеді.

3. Ойын доппен ойналады. Доп лақтырған оқушы сұрақ қояды.

4. Жауапты дұрыс беру үшін өзіне кері қайтарады. Сұрақ ойлай алмаған оқушы ойыннан шығады. Осылай ойын жалғаса береді.

4 - тапсырма.

1. Мұғалім сурет бойынша көрсете отырып сөздерді оқиды. Оқушылар тыңдайды.

2. Оқушылар суреттен көрсете отырып, сөздерді тізбектеп оқиды.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасын беру.



© 2010-2022