Конспект урока по теме Мектеп асханасы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5 Мерзімі: 01.03.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы

Мақсаты:

Оқушылармен сан есімнің түрлері мен сын есімнің күшейтпелі шырайын қайталап, мәтінмен жұмыс жасап, жаңа сабақты меңгерту.

Міндеті:

Есептік сан есімді, сын есімнің шырайларын еске түсіру, өз ойларын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру, ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді.

  2. Сұраққа жауап бере алады.

  3. Септік, тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдана біледі.

Ресурстар:

Плакаттар, слайд, стикер, маркер, бағалау парағы, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, қазақ әдебиеті, бейнелеу.

Әдіс- тәсілдер:

«Миға шабуыл», рефлексия, диалогтік оқыту.

Кіріктірілген модульдер:

Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талапты және дарынды балаларды оқыту.

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Топтастыру кезеңі: жемістер мен көкөніс атаулары арқылы екі топқа бөлінеді.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

2 мин

Оқушыларды түгелдеп, сабақтың мақсатымен таныстырады, оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушылар міндеттерін түсінеді, бір- біріне жақсы тілектер айтып шығады.

2 мин

Оқушыларға бағалау әдісін түсіндіреді.

Оқушылар сабақ барысында ұпай жинайды.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

  1. Үйге берілген жаттығуды тексереді, дәптерлерін алмастырады.

  2. Семантикалық картамен жұмыс

Оқушылар жылдам жауап береді.

Семантикалық картамен жұмыс жасайды.

ІІІ

Жаңа сабақ

5 мин

Слайд арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады(сөзжұмбақ шешу арқылы). Жаңа сөздермен таныстырады.

Оқушылар септік, тәуелдік жалғауларды қайталай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мәтінді тыңдап жаңа сөздермен танысады.

ІҮ

Жаңа сабақты пысықтау

7мин

3 мин



5 мин

1.Оқулықпен жұмыс:

154 бет 1- тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

2. 2- тапсырма. Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.

3. Екі топқа адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдар туралы презентация жасау.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.

Мәтінді рөлге бөліп оқып шығады.

Әр топ тақырып бойынша ойларын плакатқа жазып, ортада жұмыстарын қорғайды

Ү

Қорытындылау

2 мин

2 мин



3 мин

Сабақты смайликпен қорытындылау

Бағалау: оқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайларын топ басшысы есептейді

Рефлексия: оқушыларға стикер таратылып, өздерінің сабақтан алған әсерін жазуды тапсырады

Әр оқушы дұрыс жауапқа алдындағы смайликті көтереді.

Оқушы сабақ барысында жинаған ұпайын санайды.

Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазу арқылы білдіреді.

ҮІ

Үйге тапсырма

2 мин

Жаңа сөздерді қайталау, 156- беттегі 4- тапсырманы орындап келу.

Берілген тапсырмалар бойынша түсінбегенін сұрайды.

Оқу меңгерушісі : _________ М.Е.Соколова

Күні 01.03.2016 жыл



© 2010-2022