Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Хлебодаровка орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оразаева Айнұр Өмірзаққызы

Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытуға арналған мемелекеттік бағдарламаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек». Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты - оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану -бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Ұстаз ретінде заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуіміз қажет. Басты талап - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:

1 - деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2 - деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3 - деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.

4 - деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;

- оқушының жеке қабілеті айқындалады;

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

-сынып оқушылары толық бағаланады;

-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамытуға болады. Қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. «Тіл дамыту дегеніміз - тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» ,-дейді ғалым М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:

1.Сөздік қорын дамыту. 2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру.

3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. 4.Әңгімелеуге үйрету.

Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардыңтілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:

  • Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет.

  • Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруі тиіс.

  • Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек.

Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек. Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:

  • белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді

  • белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді

  • сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады

  • сөйлеу тілін байтады

  • сөздік қорын байытады

  • нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді

  • әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі - сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.

Тіл үйрету дегеніміз - кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.
1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп

есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
2. Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының

көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.
3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне

аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден - бір тәсіл деуге болады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушыға жаңа сөздерді үйретуде мынадай әдістемелік талаптар ескеріледі:
1. Жаңа сөздер жеке, дара алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде

алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.
2. Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7 - 8 сабақ бойынша еске

түсіріліп, қайталанып отырады.
3. Сондай - ақ, жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.
4. Ол сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатыны

оқушыларға сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітіліп түсіндіріледі.
5. Бір сабақтың ішінде жаңа сөздер мен грамматикалық ереже бір мезгілде берілмейді.

Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б.
2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б.
3. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. А: 2005.34 б.
4. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
5.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.




© 2010-2022