Ана-өмір шуағы 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! : Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Сіздерді біз құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға сыныбымыздың жігіттерінің орындауындағы «16 қыз» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұлдарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай ... ортада Дәулетхан мен Диастың орындауындағы «Абзал ана» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді. Көрініс: «Күншуақ елі»

Жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.

«Ханшайымым» орындайтын Дәулетхан

Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, Мұхамедқыдыр мен Ақжолдың орындауындағы «Әсем ән» өлеңін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,
Анаң барға шүкір ет, болған пана.
Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,
Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

Ән «Ана». Орындайтын Диас

Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Ортада сыныбымыздың өнерлі жігіттеріміздің тағы бір өнерін қарсы алайық. КВН

Жүргізуші:

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттыұтап,
Әндетеміз бәріміз,-дей келе келесі кезекті әңгіме береміз. «Қызыл гүлім-ай»

Орйындайтын Ақжол , Жангелді және Мұхамедқыдыр.

Жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Хор: «Ана туралы жыр»

Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!



© 2010-2022