1 сынып Мен атама көмектесемін

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 сынып Мен атама көмектесемін1 сынып Мен атама көмектесемінСабақтың тақырыбы: Мен атама көмектесемін

Сабақтың мақсаты:

Отбасылық көмекке шақыратын тақпақпен таныстыру, байланыстыра сөйлеу, жатқа айту дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: тақпақ туралы айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, тақпақты жатқа айта алу.

Тұлғалық: ата-әжесі, әке-шешесіне, аға-бауырларына көмектесуге, қамқор болу сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы суреттер бойынша отбасы мүшелерін білдіретін сөздерді тыңдайды, қайталайды.

1 сынып Мен атама көмектесемін

ата, әже, әке, ана

аға, әпке, іні, қарындас (сіңлі)

2-тапсырма толықтырып айтуға негізделген, дегенмен алдын ала аудиотаспадан сөйлемдерді тыңдатып алуға болады. Сонан соң оқушылар сөйлемді толықтырып айтады.

атама әжеме әкеме

Мен ... көмектесемін.қарындасыма (сіңліме) анама

ініме әпкеме ағама

3-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беруге жат-тығады. Сен кімге көмектесесің? деген сұрақты бір-біріне қойып жаттығады. Сөйлесім әрекетіне көбірек көңіл бөлінеді, сұраққа дұрыс жауап бере алуға үйренеді.

4-тапсырмада оқушылар «Көмекшілер» деген тақпақты оқиды, қайталайды. Бәріне деген жаңа сөзді есте сақтайды. Тақпақтың әр жолын жеке-жеке қайталату арқылы, жылдам оқуға, сөздерді дұрыс дыбыстауға жаттығады.

«Көмекшілер»

Көмек керек атаға,

Көмек керек әжеге,

Көмек керек анаға,

Көмек керек әкеге.

Кіп-кішкентай балалар

Көмектесер бәріне. (Ә.Шапағат)

5-тапсырмада оқушылар Балалар кімге көмектеседі? сұрағына үлгі бойынша жауап беруге жаттығады. Үлгі: Балалар атаға көмектеседі.

атаға, әжеге, анаға, әкеге бәріне.

6-тапсырмада оқушылар тақпақтың мазмұнын сұрақтарға (Тақпақ қалай аталады? Тақпақ не туралы?) жауап беру арқылы айтуға үйренеді. Оқушылар бір-біріне тақпақ туралы сұрақ қойып жаттығады.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Тақпақ қалай аталады? Бұл тақпақ «Көмекшілер» деп аталады.

Тақпақ не туралы? Тақпақ көмек туралы. Кіп-кішкентай балалар бәріне көмектеседі. Олар-кішкентай көмекшілер.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

Бағалау:

Үйге тапсырма: сөдік жаттау, 4-тапсырма. бет80


© 2010-2022