Ашық сабақ Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы«Бекітемін»

№ 10 колледж директоры:

....................... Ахмедов Ш.Ш.


Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы


№ 10 КОЛЛЕДЖ МКҚК.

АШЫҚ САБАҚ




Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы




Әдіскер: Ташполатов Д.

Аға шебер: Толаметов А.

Ө/о шебері: Джумабаев Б.

Күні: ...........................

Тақырып: Көкөніс дақылдарының негізгі сипаттамасы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік - көкөніс дақылдары туралы мәлімет бере отырып, тұқым түрлерімен таныстыру. Тұқымды себу мен даярлау әдістерін меңгерту.

2. Дамытушылық - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс - әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын дамыту, теориялық білімдерін практикада ұштастыру.

3. Тәрбиелік - еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта арқылы көкөністерді көрсету, егілген дайын тұқым, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: биология, химия, қазақ тілі

Қажетті құралдар: тұқымдар, дәке, су, стакан, топырақ,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық тренинг/ балалардың көңіл күйін жақсарту/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру барысында сыныпты «Қияр» және «Сәбіз» топтарына бөле отырып алқапта өсетін өсімдіктердің суретін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар көкөніс түрлерін жинау арқылы өз тобына ұпай жинайды.
1. Бидай - Тұқым дегеніміз не?
2. Күріш - Өсімдік шаруашылығының міндеті не?
3. Күнбағыс - Өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті жағдайларды ата
4. Тары - Бидай, жүгері, арпа тары, күріштердің жемістері қалай аталады?
5. Жүгері - Тұқымның сапасына қандай талаптар қойылады?
6. Сұлы - Дәнектен тұқымшаның айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін жұмбақтар шешеміз.
1. Көк лағым көгенде тұрып семірген. /қарбыз/
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /сәбіз/
3. Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма. /қызанақ/
4. Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты... /қияр/
5. Аласа ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар. /қырыққабат/
6. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. /қызылша/
Міне, балалар біздер суреттен не көріп отырмыз мұның бәрін жинақтап айтқанда не дейміз?
- Барлығын жинақтап айтқанда көкөністер дейміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да Көкөністердің негізгі сипаттамасы.
Тұқымды даярлау және себу.
Қызанақ - жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамыр айынан бастап бақшаға отырғызады.
Қияр - немесе кәдімгі қияр - Асқабақ тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1 - 2 метрге дейін барады. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Жылыжайда өсірілген қиярлар ұзынша сырты жылтыр болады, ал бақшада өсетін түрлері орта көлемді сыртқы қабыршақтары түкті болып келеді. Бұларды қысқа сақтау үшін банкіге жабуға ыңғайлы.
- Ал енді осы қиярды егу үшін не істейміз?
Тұқымды алып ыдыстағы суға салып, осыдан дәні жоқ тұқымдар судың бетіне шығады оны сүзіп алып тастаймыз. Ыдыстағы суды төгіп, марганцовка салған ыдысқа шайқап аламыз, өйткені марганцовкаға салған тұқым ауырмайды жақсы өсуіне қажет.
Тұқымды алып дәкеге түйіп, суға салып қоямыз, бір апта немесе 10 күнде оның өскіндері пайда болады.
Дайын болған тұқымды топыраққа отырғызамыз.
Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, [[күн] бойы күн астында тұрған сумен суарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.
Сәбіз - барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская, Витаминная Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60 - қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген.
Енді балалар, сәбіздің бақшада отырғызу тәсілдеріне тоқталамыз. Сәбіздің дәні өте ұсақ болғандықтан. Жерге сепкенде бір жерге бірнешеу шашырап кетеді де сәбіз бір біріне жабысып дұрыс өспейді. Сондықтан оны сулық қағазға бір - екі түйірден орап топыраққа тастаймыз. Дымқылданған сулық қағаз шіріп кетеді де тұқымы өсіп шығады.
Осы өсімдіктерді өсіру үшін тыңайтқыштар қажет. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлығын, өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін топыраққа енгізілетін органикалық және минералдық заттар.
Органикалық тыңайтқыштар: шымтезек, қи, көң, өсімдік шіріндісі, құс саңғырығы.
Минералдық тыңайтқыштар: азот, фосфор, калий, әк, пеш күлі, селитра аммофос
Тыңайтқышты;
1. егін шаруашылығында - бидай, күріш, сұлы т. б
2. Бау - бақша өсіруде, гүл өсіруде
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысқа қажетті заттар: шағын жылыжай, топырақ стакан, тұқымдар, су марганцовка.
Сарамандық жұмыстың орындалу реті: Оқушылар жәшіктердегі және стакандағы топырақтарға сабақтың теориялық бөлімінде түсіндірулі бойынша сәбіз және қиярдың тұқымдарын даярлап, себу жұмыстарын жасайды.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
- Қазір балалар, жаңа сабақты қорытындылау барысында «Кім жылдам»ойынын ойнаймыз. Мұнда қима қағаздары арқылы көкөніс суреттерін құрастыру керек, Қай топ жылдам тапқырлықпен орындайды сол топ ұпай жинайды. Осы құрастырған көкөністеріне сұрақтар қойылады.
1. Қияр қандай тұқымдасқа жатады?
2. Сәбіздің қандай түрлері бар?
3. Тыңайтқыштың неше түрі бар?
4. Қиярмен қызанақты қалай сақтауға болады?
5. Қызанақтың түр сипатына қарай қандай болып келеді?
6. Көкөніспен жемістің айырмашылығы неде?
ҮІ. Бағалау Көкөніс суреттері арқылы жинаған ұпайлары арқылы қорытындылап бағаланады.
Осы сабақта жақсы білімдерін көрсеткен оқушыларға сыйлығымды тапсырамын. Жайқалып сендер осы жемістердей өсіңіздер,
Білім алу жолында аямай еңбек етіңіздер
Гүлдей болып ашылып, шуақ шашып,
Әрқашан да мақсаттарыңызға жетіңіздер.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Бүгінгі сабақта айтылмаған көкөністер туралы мәліметтер жинақтап келіңіздер.

Ө/о шебері: Джумабаев Б


© 2010-2022