Дөңгелек үстел: Баланың сабаққа белсенділігін арттырудағы ата – ананың ролі

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дөңгелек үстел: Баланың сабаққа белсенділігін арттырудағы ата – ананың ролі

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы

Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Құмарова Құралай Тұрғалиқызы




Күні

23.12.2014

Сыныбы

Тақырыбы

Баланың сабаққа белсенділігін арттырудағы ата - ананың ролі


Түрі

Сыр - сұхбат

Мақсаты

  1. Ата - аналардың көңіл - күйлерін жақсарту арқылы бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту;

  2. Ой қозғау сұрақтары негізінде баланың сабаққа белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру;

  3. Ата - аналарға бала тәрбиесінде әдістемелік көмектер беру.

Нәтиже

1. Ата - аналардың мектеппен байланысы артады;

2. Балаларының сабаққа белсенділігін қалай арттыруға болатын жолдарын түсінеді;

3. Бала тәрбиесіне қажетті әдістемелік көмек алады;

Сілтеме

«Тәрбие құралы», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы, интернет материалы,

Стратегия

Өз бетімен, топтық жұмыс, «Мюнстенберг» әдісі, ПОПС формуласы

Ресурстар

А4 қағазы, маркер, постер, үлестірме бетшелер

Кері байланыс

Ата - аналардың сыр - сұхбаттан өздеріне түйген ой пікірлерін білу

Жүрісі

Ұйымдастыру бөлімі.

Сыр - сұхбатқа келген ата - аналарды әдемі сазды әуенмен қарсы алу.

Тренинг «Жақсы қасиеттерді жинаймын» 1 - 2 деп санау арқылы 2 топқа бөлу.

Іс - әрекет

Сынып жетекші іс әрекеті

Қатысушы ата - аналар іс әрекеті

Білу

Мақсатты айқындау үшін «5НЕ?» әдісі қолданылды. (Доп лақтыру арқылы сұраққа жауап алады)

Мектепке келудегі мақсатыңыз не?

Балаңыздың мектептегі жағдайын білу сізге қаншалықты маңызды?

Балаңыздың тартібі мен оқудағы үлгерімі сізді үнемі толғандырады ма?

Ол үшін қандай іс әрекеттер жасадыңыз? Сынып жетекшісі және білім беретін пән мұғалімдерімен балаңыз туралы пікірлесіп тұрасыз ба?

Ата - аналар сынып жетекші қойған сұраққа бірлесіп те, жеке де жауап береді.

Түсіну

І топ:

Балаңыз қазір өтпелі кезеңде. Кейде ашуланып, кейде томаға тұйық боп жүреді. Сізге де бір - екі рет дөрекі мінезін көрсетті. Теріс қылықтарын көргенде қандай тәрбиелеу үлгісін қолданасыз?

ІІ топ:

Балаңыздың сабаққа ынтасы төмендеп кетті. Сіз оны күнделіктегі алған бағаларынан, сынып жетекшімен болған әңгімеден және соңғы кездегі балаңыздың кейбір мінез құлқынан да байқап жүрсіз. Не істейсіз?

Ата - аналар берілген тапсырмалар бойынша топта талқылап, талдап, баласының «Үлгілі бала» бейнесін жасап, постер қорғайды.




Қолдану

Сынып жетекші:- Сіздердің балаларыңыз дарынды және талантты. Мен сынып жетекші ретінде балаларыңызды қатты бағалаймын және осындай балаларды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген сіздерді құрметтеймін. Менің ойымша, сіздер де талантты әрі дарынды ата - анасыздар.

«Мюнстенберг» әдісі арқылы берілген парақшадан мағыналы сөздерді 30 секундта тез тауып, айтады немесе жазады.

Мысалы:Вағашдышыршанемдарынжатанымөлтәрбиеңқ

ртәлімрстсанажэчүлгіліпкфапа

рячәкелгкбалашгямектеп

Талдау

Қалай ойлайсыздар, балаларыңыздың сабаққа ынтасы мен белсенділігін арттыру үшін не істеу керек?

Ата - аналар ПОПС формуласы бойынша бүгінгі тақырыпты талдайды.

  1. «Менің ойымша ... »

  2. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

  3. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... »

  4. «Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім... »

Жинақтау

«INSERT» әдісі арқылы ата - аналар пікірлерін біледі.

Өздеріне бала тәрбиесіне қажетті «білетін», «білгенін», «білгісі келетінін» стикерге жазады.

Бағалау

Смайлик, қатысқан ата - аналарға

«Алғыс хат» табыстайды

Ата - аналар балаларының жаңа жылдық ақ тілегін тыңдайды



© 2010-2022