Қазақ тілі. Лексика тақырыбына тест

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. І тоқсан

Лексика. І нұсқа

  1. Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.

А)Күн сәулесі нұрын шашады.

В) Терезеден күн түсіп тұр.

С)Күнсіздерге күн болған.

D)Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.

Е)Кешегі күн ыстық еді.

2."Биік" сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.

3.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.

4.Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы.
B) Бір келкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.

5.Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды.
B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл - зерек оқушы.

6.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.

7.Антонимі бар қатарды белгілеңіз.

А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.

B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.

С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.

D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.

E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.

8.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.

C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.

E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.

9.Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

А) Мағыналары жақын сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.

D) Заттың атын білдіретін сөздер.

Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.

10.«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.

А) Антоним сөздер.

В) Омоним сөздер.

С) Синоним сөздер.

D) Қыстырмасөздер.

Е) Қаратпасөздер.

11.Антонимдерді анықтаңыз.

А) Биік - аласа.

В) Әдемі - сұлу.

С) Жаман - нашар.

D) Ұстаз - оқытушы.

Е) Қайратты - жігерлі.

12.«Үлкен» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Биік.

В) Қысқа.

С) Жаман.

D) Кіші.

Е) Сұлу.

13.«Ұзын» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Биік.

В) Қысқа.

С) Аласа.

D) Төмен.

Е) Қара.

14.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын белгілеңіз.

А) Синоним сөздер.

В) Біріккен сөздер.

С) Қысқарған сөздер.

D) Омоним сөздер.

Е) Антоним сөздер.

15.Мақалдың жалғасын табыңыз.

Қыстың қамын ...

А)Ойлау керек.

В)Қыста жина.

С)Күн сайын еске түсір.

D)Жазда ойла.

Е)Атадан үйрен.


5-сынып. І тоқсан

Лексика.ІІ нұсқа

1.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу - игі іс.

A) Бұлақтың.
B) Көзін.
C) Ашу.
D) Игі.
E) Іс.

2.Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.

3.Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.

A) Шапан, келін.
B) Алты, жеті.
C) Арықтан суару.
D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.

4.Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.
B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.

E) Қайратты, қажырлы.

5."Жалығу" сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, ішпысу.
E) Ығыр болу, көңіліқалу.

6.Омоним сөзді көрсетіңіз.

А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.

B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.

С) Мөңкенің үйі таңатқанша кісіден құр болмады.

D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.

E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.

7.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек - өмір ажары.

B) Жақсы ұл - елдің туы.

C) Айна - айна емес, халық- айна.

D) Көпке күл шашпа.

E) Мал сақтама, ар сақта.

8.Синоним болатын қатарды табыңыз.

А) Еріншек, сараң.

B) Ауыл-аймақ, ағайын.

C) Күйзелу, сүйсіну.

D) Келемеждеу, мазақтау.

E) Тоңу, шаршау.

9.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.

А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.

B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.

C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.

D) Еңбек - дәулет, бедел - сәулет.

E) Ағайын бір өлі де, бір тірі де.

10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мұғалім - ұстаз.

В) Биік - аласа.

С) Ерте - кеш.

D) Жарық - қараңғы.

Е) Терезе - есік.

11.Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Антоним.

В) Омоним.

С) Затесім.

D) Синоним.

Е) Етістік.

12.Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.

А) Жаман, жақсы.

В) Үлкен, кіші.

С) Шәкірт, оқушы.

D) Ерте, кеш.

Е) Бүгін, ертең.

13. «Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

А) Күшті, батыл.

В) Өнерлі, өнерпаз.

С) Сыпайы, мейірімді.

D) Келбетті, сымбатты.

Е) Жаман, нашар.

14.Антонимді табыңыз.

Жоғары - төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

А) Ұшып тұрса.

В) Үйрек - қаз.

С) Жоғары - төмен.

D) Ұшып тұрса сымпылдап.

Е) Үйрек - қаз ұшып.

15.Антонимді белгілеңіз.

Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет.

А) Алдымен.

В) Ақ-қарасын.

С) Алу қажет.

D) Ажыратып алу.

Е) Істі ажырату.





Тақырып: Лексика

Сынып: 5

Реті

І нұсқа

ІІ нұсқа

1

C

2

A

3

C

4

D

5

C

D

6

C

C

7

A

A

8

D

9

A

E

10

C

A

11

A

D

12

D

C

13

A

14

C

15

E



© 2010-2022