Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет , Сурет . Тақырыбы : "Торғай мен мысық" .(өлең) Мақсаты :  Өлеңді есте сақтауға , тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету . Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру . Торғай туралы түсінік беру және қимыл - қозғалысын бейнелеп , оның дене бөліктерін ажырата білуге үйрету . Торғайдың бейнесін сала білуге үйрету , сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру . Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу . Әдіс - тәсілдер :  Әңгімелеу , көрсету , ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас , шығармашылық .

Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет , Сурет .

Тақырыбы : "Торғай мен мысық" .(өлең)

Мақсаты : Өлеңді есте сақтауға , тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету . Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру .

Торғай туралы түсінік беру және қимыл - қозғалысын бейнелеп , оның дене бөліктерін ажырата білуге үйрету . Торғайдың бейнесін сала білуге үйрету , сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру . Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдер : Әңгімелеу , көрсету , үйрету , түсіндіру , сұрақ - жауап , ойын .

Көрнекілігі : Хрестоматия , торғай мен мысық суреті .

Қажетті құрал - жабдықтар : Сурет дәптер , түрлі - түсті қарындаштар .

Сөздік жұмыс : Торғай , мысық , қамқорлық .

Биллингвальды компонент : Торғай - воробей , мысық - кошка ,

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер бойына тұрып , бір - біріне күлімдей қарап әңгімелеседі :

-- Мен әдемімін .

-- Мен ақылдымын .

-- Мен бақыттымын .

-- Мен әдепті баламын .

Алақанды ашайық ,

Күннің нұрын салайық .

Таза ауамен дем алып ,

Жақсы ойлар табайық .

Осы жақсы лебізді ,

Бір - бірімізге сыйлайық .

Енді , балалар , келіңдер , орындарыңа жайғасыңдар .

Балалар шеңбер құрып тұрады .

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтып , қимылдар жасайды .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

















Рефлексиялық - түзетушілік

Кіріспе әңгіме .

Балалар мен сендерге ақын Ертай Ашықбаевтың "Торғай мен мысық" өлеңін оқып беремін .

Жем шоқыған торғайға ,

Көзі бірден түсіп .

"Бұл әдемі ас болмай ма ? " -

Қадам басты мысық .

Бір , екі , үш ,

Торғай , торғай , ұш !

Сұрақ - жауап :

Торғай нені шоқыды ?

Мысық не істемек болды ?

Балалар мынау ненің суреті ?

Торғай не істейді ?

Құстардың қалай ұшатынын , дыбысын , қимыл - қозғалысын көрсету , және оларға қамқор болу керектігін түсіндіру .

Биллингвальды компонент :

Торғай - воробей

мысық - кошка ,

Сөздік жұмыс :

"торғай" , "мысық" , "қамқорлық".

Балаларға торғайдың денесі сопақша , дөңгелекке , тұмсығы , қанаттары , құйрығы үшбұрышқа ұқсайтынынайтып түсіндіру .

Торғайдың суреті салынған сурет дәптерді таратып беремін . Дәптердегі торғайдың суретін қарындашпен тегіс , біркелкі бояу тәсілін көрсетемін .

Сергіту сәті .

Торғай болып ұшайық ,

Ұшып - ұшып алайық .

Бүркіт болып аң аулап ,

Қыран құс боп самғайық .

Қорытындылау .

Мысық қандай әрекет жасады ?

Торғайлар не істеді ?

Қандай құстың суретін боядыңдар?

Балалардың қалай сурет бояғандарын ерекше атап өту , мадақтау .

Балалар өлеңді бірнеше рет қайталайды .



Жемді

Торғайды жегісі келді

Торғай

Ұшады

Құстардың қанат жайып ұшуын , жем шоқып жеуін , торғай сияқты секеңдеп жүруін көрсетеді .

Балалар тәрбиешімен бірге

Қайталайды .

Балалар суретке қарап дене бітімін сипаттап айтады .

Сурет дәптеріндегі торғайдың суретін түрлі түсті қарындашпен бояйды .

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды .



Торғай ды ұстап алмақ болды.

Жем шоқыды .

Торғайдың суретін .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Өлең мазмұнын түсініп ,тәрбиешіден кейін қайталауды .

Игереді : Құстарға қамқорлық жасау керектігін .

Меңгереді : Торғайдың суретін біркелкі бояуды .






© 2010-2022