Сабақтың тақырыбы: Достық, сапалық және қатыстық сын есімдер

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Достық. қатыстық және сапалық сын есімдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Достық» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде пайдалана білу.

2.Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру,ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту,сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:Достықты бағалай білуге,адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері:Сұрақ -жауап,әңгімелеу,ойын.

Сабақтың көрнекіліктері:презентация,кесте.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі,өзін- өзі тану.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Кезекшімен сұхбат.Сұрақ- жауап.

Бүгін қазанның нешесі?

Қазір қай жыл мезгілі?

Бүгін аптаның қай күні?

Бүгін ауа райы қандай?

Бүгін неше сабақ?

Қазақ тілі нешінші сабақ?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.Бүгін нені білуіміз керек? Нені игеруіміз керек?

Ал балалар енді тілімізді жаттықтырып алайық. Фонетикалық жаттығу.Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып,жаңылтпашты тез айтып ,қазақ тіліне тән дыбыстарға сипаттама берейік.

Көк тырна,

Көп тырна.

Тыраулап,

Көп тұрма.

Жаңылтпаш қандай әдебиетке жатады?

Ауыз әдебиетінің тағы қандай түрлері бар?

Жаңылтпашта қандай құс туралы айтылған?

Тапсырма.Негізгі сын есімдердің астын сызып,туынды сын есім жасаңдар.

Полиглот ойыны.1.Мария сенің досың бар ма?

2.Досыңның есімі кім?

3.Ол нешінші сыныпта оқиды?

4.Досымыз туралы қандай тілдерде сөйлей аламыз?

5.Кім ағылшын тілінде айтады?

6.Көп тілді білетін адамды қалай атаймыз?

7. 22 қыркүйек қандай мейрам ?

Жақсы ендеше сендер бірнеше тілді біледі екенсіңдер,бірақ мемлекеттік тілді білу

біздің басты міндетіміз. Оны ұмытпауымыз керек.Қандай тілде болмасын,қай ұлт өкілі болмасын барлығы да, достық туралы айтады.Сондықтан барлығымыз да, тату дос болуымыз керек.Қазір енді балалар өздерінің достық туралы дайындап әкелген презентациясы мен материалдарын тыңдайық және тек тыңдап қана қоймай, алдарымыздағы параққа балалардың қаншалықты сөйлегендігін, бағалап отырасыздар.

Қазір сабақ барысында кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.

Frind - друг ағылшынша

ami - друг франсузша.

Сөздік жұмыс.

Жолдастық-дружба

Мінезі жұмсақ-мягкий характер

Қадір қасиет-уважение

Оқу озаты-отличник учебы

Мінезі шапшаң-шустрый

Қатты сөзге келмеу-не грубить

Ара қатынасымыз-взаимоотношение

Іс- дело

Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау .

Жақсы іс , оның мінезі жұмсақ.

Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық болып

екіге бөлінеді.

Сапалық сын есім -сындық белгіні анықтайтын төл сын есім..

Мысалы: сұр, биік, үлкен, қызылдау.

Қатыстық сын есім - басқа сөз таптарынан жасалған туын-

ды сын есім.

Мысалы: бойшаң,өнерлі,таулы.

«Адасқан буындар» ойыны. Қандай сын есімдер жасырылғанын табыңдар.

Зықыл Гедөңкел

Сылжа Қытыс

Асужи Анжу

Сақжұм Ғыжаз

Ыңқал Шіпкек

Реңет Тайтас

Дайсу Шаңбой

Логикалық тапсырма.

Менің Ғабит деген досым бар.Оның отбасы үлкен.Отбасында 7 адам бар.Олар:әкесі,шешесі

және 5 баласы.Ғабит Розадан үлкен , бірақ Ақбілектен кіші,Роза Аманжолдан үлкен,Ақбілек

Ғабиттен үлкен.Самат Аманжолдан кіші.

Тапсырманың берілуі.

Балаларды жастарына сай орналастырыңдар және балалардың ішінен үлкені кім екенін анықтаңдар.

Мақалдарды аудармасымен сәйкестендір.

1.Жаман жолдастан таяғым артық - Одежда хорошая новая. А друг старый.

2.Күлме досыңа келер басыңа - Дружи с тем у кого приятелей много, откровейничай

с кем, у кого друзей мало.

3.Досы көппен сыйлас,досы азбен сырлас - Над бедой друга не смейся,тоже может

случиться стобой.

4.Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы - крепкая палка лучше плохого попутчика.

Сабақты қорытындылау:

Нағыз дос қандай болу керек?

Ұлағатты сөз.

Дос болам десең.

Досыңды сыйла қымбаттым !

Досыңа сонда.

Досыммен ғана қымбатпын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Сөздерді жаттау,ережені оқып келу.







© 2010-2022