Ашық сабақ. Таптау қимылдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таптау қимылдары: а) Табанмен бірге соғу

б) Үштік соғу

Сабақтың мақсаты: Санаққа, әуенге сай дүрыс соғу.

1.Білімділігі: Оқушыларды ойлау қабілетін дамытуға арналған қимылдар

үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушыларды өнерге, төзімділікке, тазалыққа, еңбекқорлыққа

тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін дамыту, арттыру.

Сабақтың түрі: Топтық

Сабақ әдісі: ортада

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Күйсандық, диск, флешка,

станок, айна, плакат

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

а) теориялық

б) машықтау

IY. Қорытындылау

Y. Үйге тапсырма

YI. Бағалау

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

Оқушылардың журнал бойынша сабаққа қатысын,

құралдарын, формаларын тексеріп, дене қыздыру

жаттығуларын орындатып, сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Орыс халық биіндегі жүру қимылдары, қапталдап жүру.

III.Жаңа сабақ

Таптау қимылдары: а) Табанмен бірге соғу

б) Үштік соғу

Теория а) Табанмен бірге соғу;

Айнаға шахмат күйінде орналасып денемізді тік

ұстаймыз. Аяқтар мен қолдар дайындық қалыпта. Кіріспе әуенге қолдарымызды бірінші қалыпқа ашып белімізге қоямыз. Оң аяқтан бастап еденге табанмен бірге сегіз рет соғамыз. Бұдан кейін оң аяқты оңға табанмен соғып қайта қалыпты жабамыз, дәл осылай сол аяқпен қайталаймыз. Келесі табанмен соғып оңға екі рет адымдап соғып тұрамыз. Сол жаққа қайталанады. Ортаға орнымызға орналасамыз.

Енді табанмен соғуды тіке алға бір орында және алға жүріп соғамыз.

б) Үштік соғу

Алғашқы қалыпта тұрамыз. Бірге-оң аяқты еденге соғып тізені арқылы жоғары көтереміз де, қалыпты жауып соғамыз. Екіге - сол аяқпен орындаймыз, үшке оң аяқпен соғамыз, төртке қалыпты сақтаймыз. Келесі үштік соғуды сол аяқпен бастап орындаймыз. Оқушы түсініп меңгергенше төрт, бес рет қайталаймыз.

б) Машықтау

IV. Қорытындылау

Жаңа қимыл қалай аталады және орындалады ?

V. Үйге тапсырма

Үйде қимылды өз бетінше қайталап, пысықтау, жатқа орындау.

VI. Бағалау



© 2010-2022