Бейбітшілік жасасын! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мәнерлеп оқу

Тақырыбы: Бейбітшілік жасасын! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.   1-Жүргізуші: Сарғая күткен ұлы күн Шұғыласы бүгін жарқ етті, Бағына талай миллионның Баянды жеңіс күн жетті. («Сарғая күткен күн...» Ж. Саин)  2-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!1-Жүргізуші: «Бейбітшілік жасасын» атты көркемсөз оқуына  қош келдіңіздер. 2-Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер р...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет» мектеп-лицейі

Нургалиева З.К.


Тақырыбы: Бейбітшілік жасасын! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.

1-Жүргізуші:

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті. («Сарғая күткен күн...» Ж. Саин)

2-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
1-Жүргізуші: «Бейбітшілік жасасын» атты көркемсөз оқуына қош келдіңіздер.

2-Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-Жүргізуші: Ұлы Жеңіс - барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.

2-Жүргізуші: Халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.
1-Жүргізуші: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда.

2-Жүргізуші: « Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес» сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...

1-Жүргізуші: Ендеше, сөз кезегін оқырмандарға береміз. «Жеңіс күні келген сайын» өлеңі, оқитын Жадыра Асантаева.

2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс, - деп жырлайды ақын Т.Молдағалиев «Жеңістің балалары» өлеңінде. -Искангалиеав Камила.

1-Жүргізуші: Жеңіс күні! Бұл күн сонау қырық бірінші жылдың желтоқсанында Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, жауды жібермегендер үшін қандай алыс еді...

«Бір бассаң да, алға бас», өлеңі - Алдангарова Менсұлу.

2-Жүргізуші: Т.Әбішұлының «Абзал аға» өлеңі. Бұл өлең шумақтары Москва түбіндегі шайқаста қол бастап, ерекше ерлік көрсеткен қазақтың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлына арналған. Оқитын Турганалиев Ганмерали.

1-Жүргізуші: Арын жалау етіп, жанын алау етіп, жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады.

2-Жүргізуші: Өзі туған жерін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. «Майдангер» өлеңі,- оқитын Данагүл Избанова

1-Жүргізуші: Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген, - біздің әкелер. «Әке аманаты» өлеңі, - Аспендияр Аяулым.

2-Жүргізуші: Ж.Жабаев «Ленинградтық өренім»,- оқитын Тулегенов Рахат.

1-Жүргізуші: Соғыс не? Соғыс елдің сыны. Бұл сұраққа М.Мақатаев «Менен сұра» өлеңі арқылы былай деп жауап береді. Оқитын Ибрашева Нұрайна.

2-Жүргізуші: «Жаралылар» өлеңі, - Рахметулова Назерке.

1-Жүргізуші: Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! «Қаһарман» өлеңі, - Серикова Айзада.

2-Жүргізуші: Жеңіс күні ардагерлер әперген, Желбіретіп қызыл туды көтерген.

1-Жүргізуші: Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші, Арамызда ардақ болып жүріңдерші! «Сен құрметте оны» , - оқитын Хайруллина Назерке.

2-Жүргізуші: Әлі бойда қайратым бар!

Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар, айбатым бар! - деп жырлайды Жубан ақын.
«Екеуін де көтерді ол» өлеңімен Шопликов Алишер.

1-Жүргізуші: Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз. Аспандатып жырлаймыз жақсылықты, - дей келіп, Исмагулова Елмира мен Избанова Данагүл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына өздерінің жыр шашуын арнайды.

2-Жүргізуші: Қасым Аманжолов «Жеңіс даусы»

1-Жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне! «Жеңіс күні»,- Бисембиева Милана.

2-Жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Нұрдәулет Әлмырза «Соғыстың соңғы көктемі».

1-Жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Избанова Гюзель «Жаса, Жеңіс!»

2-Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз.

1-Жүргізуші: Барлық қатысқан оқырмандарға алғыс айтамыз.

Жасасын бейбітшілік елімізде!


© 2010-2022