Cтатья на темуФормативті бағалаудың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Н. Сачанова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

Павлодар қ., №25 жалпы орта білім беру мектебі

Формативті бағалау - заман талабы.

Қызығушылығы жоқ оқушы -

қанаты жоқ құс сияқты.

Саади

Қазіргі даму кезеңі мектептегі заманауи білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беруде.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін формативті бағалау жүйесі .

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Формативті бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім-оқушы арасында кері байланысты орнату.

Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Формативті бағалау үдерісін тиімді ету үшін мұғалім өзіне екі бағыт таңдап алуы керек: оқу барысында оқушы нені үйрену керек және оны жүзеге асыруда қандай бағалау формалары керек. Бағалау - қойылған мақсаттар қандай дәрежеде жүзеге асырылғанын білуге негізделген, белгілі бір мақсаттарға сәйкес бағалау түрлері мен әдістері таңдалу керек.

Мысал ретінде оқушымен тиімді кері байланыс жұмысын қамтамасыз ететін бағалау әдістерін келтіруге болады.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тиімді кері байланыс орнатуға көмектесетін негізгі техникалар

Атауы

Сипаттауы

Не істеу керек

Қысқаша шолу

Мақсаты - оқушылардың сабақта өткендерін қаншалықты түсінгендерін білу

Сабақтың соңғы минуттарында оқушылардың парақтағы келесі сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз: «Бүгін өткен мәліметтің қандай кезеңі ең маңызды болды?» және «Қандай кезеңі түсініксіз болды? »

Жауаптарын қарап шығып, ең пайдалы түсініктемені белгілеп алу.

Келесі сабақта оқушылардың түсініктемелеріне негізделген кезеңдерге тоқталып өту.

Ескертулер тізбегі

Оқушылар бір-біріне мұғалім сабақта болып жатқан жұмыс жайында сұрағы бар конвертті беріп отырады. Конвертті алып, оқушы өзіне қажетті кезеңді тауып алады, оған жауап беріп конвертке салады.

Барлық жауаптарды қарап шығып, оларды белгілі бір түрлерге бөлу. Бұл түрлерді сарапқа салып, талқылау - оқу мен оқытуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Есте сақтау матриасы

Оқушылар екі өлшемі бар, белгілі бір түрде келтірілген диаграммаларды толтырады. Мысалы музыкалық курс үшін бұл стильдің (Барокко, классицизм) және мемлекеттің (Германия, Франция) атауы болады. Оқушылар керекті торға әртүрлі сазгерлерді салады.

Әр бір тордағы дұрыс және дұрыс емес жауаптарда анықтап алу. Торлардың арасындағы айырмашылықтарды сараптау. Қате жауаптарды белгілеп, себептерін ойластыру.

Бағытталған шешу

Оқушылар өздерінің түсініктерін қалыптастыру үшін жаңа өтіп кеткен сөздің мамандырылған емес «аудармасын» жазады.

Маңызды болып көрінетін жауаптарды сипаттамасына қарай категорияларға бөлу. Туындаған мәселелерді жауаптарды сараптау арқылы анықтап алу.

Бір сөйлемді саммари

Оқушылар отілген тақырып негізінде «Кім істеді, не, кімге, қашан, қалай, неге?» сұрақтарына жауап беретін қарапайым сөйлемнен тұратын саммари жазады.

Міндеті - әр бір кезеңге берілген тек нақты ғана сипаттамаларды таңдау керек.

Әр бір саммаридің сапасын тез және толығынан бағалау. Оқушылармен бөлісу.

Оқушылардың емтиханды бағалауы

Оқушылардың жетістіктеріне ықпал ететін тест түрін таңдаңыз.тесттің сапасын анықтайтын бір неше сұрақ ойластырыңыз.

Озіңіздің бағаларыңыз бен тест бағаларының сәйкестігін байқау.

Қосымша карталар

Маңызды бөлікті айтқаннан кейін оқушыларға отілгені туралы жазып беруді сұраңыз.

Жауаптпрды қарап шығу және мысалдардың көп түрлерін сыныпқа ұсыну.

Оқушылар құрастырған тест сұрақтары

Оқушыларға өтілген тақырып бойынша тест сұрақтары мен жауаптарын жазуға мүмкіндік беріңіз. Бұл олардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін көрсетеді.

Сұрақтардың сапасын бағалау және сынапта талқылау.


Мұндай жүйе әр бір оқушының жетістіктерін даралап бақылауға мүмкіндік береді. Формативті бағалаудың нәтижесі оқытуды дамытуда ұсыныстар жасауға көмектеседі.

Жаңа бағалау әдістерін қолдануда мұғалімдердің ынталары мен қызығушылықтары күннен - күнге артуда. Оны тек жас мамандар ғана емес , сонымен қатар тәжірибелі ұстаздар да қолдануға тырысады. Жаңа бағалау әдістері тек ұстаздармен шектелмей, мектеп әкімшілігін де қызықтырады.


© 2010-2022