Жалаң және жайылма сөйлем

8- сыныпта өткізілген ашық сабақ жаңа технологиямен,жаңа түрде өтті.Сабақта АКТ, Венн диаграммасы, графикалық диктант сияқты жұмыс түрлері қолданылды.Жай сөйлем ,түрлері сөйлем мүшелері туралы түсініктерді қайталауға жаттығу жұмыстарын жүргізу. Сөйлем мүшелеріне,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді синтаксистік талдау жасату арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру. Талдау жұмысын жасата отырып және постерлар арқылы логикалық ойларын дамыту. Ақпараттық оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңе...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Пән - қазақ тілі

Сынып - 8 «А»

Сабақ №25

Сабақ тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сілтеме


Интернет желісі, С.Аманжолов, Қ.Ысқақов ,қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқау.

Мақсаты


Жалаң, жайылма сөздер туралы түсінік алу,сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрену Ой-өрістерін, ауызекі тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Күтілетін нәтиже

Жалаң және жайылма сөйлемді сөйлем талдау барысында қолдана біледі

Негізгі идеялар


Жай сөйлем,түрлері сөйлем мүшелері туралы түсініктерді қайталауға жаттығу жұмыстарын жүргізу. Сөйлем мүшелеріне,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді синтаксистік талдау жасату арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру. Талдау жұмысын жасата отырып және постерлар арқылы логикалық ойларын дамыту. Ақпараттық оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі


Жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі

интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар;


Өту барысы:

Сабақ кезеңі

Жұмыс түрі, әдістер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

/2 мин/

Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін смаиликтар таратып өз көңіл күйлерін бейнелету. «Мақал сөздің мәйегі» тіл дамыту жұмысын жүргізу.Сурет қиындылары бойынша 3 топқа бөлу.


Ұйымдастыру.

Оқушылар смайликтерге өз көңіл-күйлерін бейнелеп,3 тілде мақал-мәтел айтады,сурет қиындылары арқылы топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты еске түсіріп, үй тапсырмасы «сиқырлы сандар» ойыны арқылы сұралады, жаттығулар тексеріледі. 5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтарды оқу

Оқушылар сұрақтарға жауап береді,жаттығуларды жұппен тексереді.

Графикалық диктант

/3мин/


Сөйлем мүшелерінің сұрақтарына байланысты

графикалық диктант жаздыру

Таратпа материал тарату. Дұрыс жауапты слаид арқылы көрсету.

Оқушылар жұмысты жазбаша орындайды

Қызығушылық

ты ояту

/2мин/

3 топқа сұрақтар беріледі: «жалаң» деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Жайылма» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушыларға бағдар беру

Постерлерді жасау ,қорғау

Кубизм әдісі арқылы жаңа білімді меңгерту

1.Бірінші беті «Талдаңыз»

/4 мин/

Сөйлемдерді талдату ақылы жалаң және жайылма сөйлемдердің ережесін жаздыртамын.


Ережесін жаздыру,талдау жұмысының дұрыстығын тексеру.

Дәптерге

сөйлемдерді талдау. Өздерін бағалау.

2. Екінші беті «Салыстырыңыз»




Венн диаграммасы арқылы жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын табу


Парақшаларды таратып,жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырту. Топпен жұмысжасауды қадағалау.


Оқушылар жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады,қорғайды

3.Үшінші бетте: «Анықтаңыз»


110-жаттығу Сөйлемдерді талдап жалаң не жайылма екенін анықтау


Тапсырмаларды топта оқулықтарынан дәптерлеріне орындату,

қателерін түзеу

Оқушылар дәптерге талдайды.Екеуара тесереді,бағалайды.

Топ бойынша постерлар тарату.

/5мин/

Жай сөйлем түрлеріне ертегі құрастыру

Оқушыларға бағдар беру

Постерларды жасау, қорғау

Үйге тапсырма

/2 мин/

Оқулықтағы 107 жаттығу.Жалаң және жайылма сөйлемдерді талдату

Талқылауға мүмкіндік беру

Күнделіктеріне жазу

Бағалау

/2 мин/

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын.

Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді.

Рефлекция

/2 мин/

Кері байланыс жасау.

Критериалды бағалау парағына талдау жасау.

Смайликтерді тақтаға ілу

Смайликтерді тақтаға іледі.



























© 2010-2022