Қанатты, нақыл сөздер дөңгелек үстел

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қанатты,нақыл сөздер туралы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпымақсаттар

Халық ауыз әдебиетінің түрлерін оқыта отырып, білімдерін кеңейту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық, ойлау қабілеттерін арттыру.Оқушылардың білімдерін тереңдету, түсініктерін кеңейту. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Оқыту нәтижесі

Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Ітапсырма- тақтада 10 мақал 30 секунд көрсетіліп, жабылады. Осы уақыт ішінде оқушылар жаттап үлгеруі тиіс. 2 минут уақыт беріліп, оқушылар есінде сақтағандарын жазады.

1.Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге.

2.Ақылды қария- ағып жатқан дария.

3.Туған үйдің түтіні жылы.

4. Ер қанаты- ат.

5. денсаулық- зор байлық.

6. Өнер алды- қызыл тіл.

7.Көз қорқақ, қол батыр.

8.Еңбек түбі- береке.

9.Жігітті жолдасынан таны.

10.Сабыр түбі- сары алтын.

Үй тапсырмасын сұрау

ІІ тапсырма- берілген мақалдың жалғасын табу керек.

Не ексең…/соны орасың/

Тұз астың дәмін келтіреді,мақал …/сөздің сәнін келтіреді/

Қоянды қамыс өлтіреді, …./жігітті намыс өлтіреді/

Көп сөз көмір, …./аз сөз алтын/

Ақыл тозбайтын тон, білім…/таусылмайтын кен/

Оқу - білім азығы, білім- …./ырыс қазығы/

Мағынаны тану

Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тутас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге қүрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең келемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да есиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен көзеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, соларқылы күрескетұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық керінбей қалған жоқ.Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз керкем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр көз қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр кұйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Басқа емес, дәл осы тарихи шындық Ұлы ақынды поэзияның өзық үлгілерін жасауға үнемі бой ұрғыза отырып, заманның ересі жеткен әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры - надандыққа соққы беруге бастап әкелді. Мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың ұзақ ғасырлық самарқаулықпен керітартқан, өмірдің басқа да жақтары, жолдары бар деп білмеген түсінігіне қозғау салу ұшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой үрғызды. Осы тұрғыда Абайдың нақыл сөздер ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік т. б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас формасы, айнымас мазмұн тапқан үлгілері.Абай нақыл сөздернің тақырыбы - оның тұтас шығармасына тән дүниелер. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Ақын шығармаларындағы нақыл сөздерді: өнер-білім, тәрбие, еңбектуралы; достық, адамгершілік, сүйіспеншілік туралы; адам мінездері туралы; философиялық; өнер туралы деп жіктеп, топтастыруға болады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Мақалдың басқы бөлігі айтылады, оқушылар жалғасын тауып беру керек.

1. Туған елдей ел болмас, ………………..

2. Оқу- білім бұлағы, ………………………

3. Кітап- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

4. Күш- білімде, білім- кітапта.

Үй тапсырмасы

Мақал жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



© 2010-2022