Урок на тему Электрқозғалтқыштардың бағытын өзгерту жұмыстары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Электрқозғалтқыштардың бағытын өзгерту жұмыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге электрқозғалтқыштарын бағытын өзгертіп,орнату жұмыстарын жасауға үйрету.

Тәрбиелік: Студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып,сапалы еңбек етуге үйрету.

Дамытушылық: Студенттерді электрқозғалтқыштардың бағытын өзгертіп,орнату жұмыстарын жасай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың оқу-материалдық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау карталар, схемалар, электромонтер құрал-саймандары, шартты белгілер,, асинхронды электрқозғалтқышы.

Оқу-өндірістік базасы: «Электромонтер» шеберханасы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.Студенттердің сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.

2.Студенттердің арнайы киіміне назар аудару.

ІІ.Кіріспе нұсқау:

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.Студенттердің білімін тексеру(тест жұмысы).

1)Электрқозғалтқыштың неше түрі бар?

А)3; Б)4; В)2; Г)5:

2)Қай жерде пайдаланамыз?

А)ауыл шаруашылығында; Б)Мал шаруашылығында; В)Электр станцияларда;Г) барлығында:

3)Қалай таңдап аламыз?

А)Бағасына қарай; Б) Барлығы дұрыс; Қоршаған ортасына қарай

Г)Қуатына байланысты

4)Схемалар арқылы қалай жалғанады?

А)Үшбұрыштап,жұлдызшалап; Б)Тізбектеп; В)Қатарласып; Г)Аралас:

3.Оқу материалы бойынша студенттерге нұсқау беру:

А) Электрқозғалтқышты құру.

Ә) Электрқозғалтқыштың пайдалану жері мен түрлері

Б)Орналасу жеріне бекіту,орнату.

4.Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту:

А)Электрқозғалтқыштың орналасу аймағын таңдап алу.

Ә) Тексеру құрал-саймандары (изоляциялық жағдайы).

Б) Техника қауіпсіздігі.

ІІІ.Студенттердің өндірістік жұмыстары мен ағымдағы нұсқау:

1.Студенттердің жаттығу жұмыстары:

а) Электрқозғалтқышты таңдап алу.

ә)Электрқозғалтқыштың құжаттық дерегімен танысу.

б) Схема арқылы орналастыру,жалғау.

в)Монтаждау кезіндегі құрал-саймандарды пайдалану техникасын ескеру.

2.Студенттердің жұмыс орнының дайындығын және басталуын қадағалау:

А ) Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.

Б) Еңбек қауіпсіздігі мақсатында жұмыс орындарын аралау.

3. Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау.

4.Жұмыс орындарын тазалау және жинастыру.

ІҮ. Қорытынды нұсқау:

1.Жіберілген қателіктерді ескерту.

2.Студенттердің білімдерін бағалау.

3.Үйге тапсырма.

Қолданылған әдебиеттер:

Қ.Қосыбаев «Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу және құрастыру».

Б.Дурманов «Электрмонтер».

М.Исаханов «Электр машиналары».

М.Прищеп «Учебник сельского электрика».

Өндірістік оқу шебері: А.Қартаңбаева



© 2010-2022