Сыни ойлау-ойды шыңдау - логикалық қабілетті дамыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші

Мақпалбай Ләззат


Коучинг тақырыбы

"Сыни ойлау- ойды шыңдау" - логикалық қабілетті дамыту

Жалпы мақсаты

Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту үшін әдіс-тәсілдерді оқытуда пайдалану жолдарын үйрету.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдерінің оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерін үйренеді, олардың тиімділігі жайлы мағлұмат алады, оны өз тәжірибелерінде қолданады

Әдіс-тәсіл

Түрткі сауалдар, Джигсо әдісі, Еркін жазу

Негізгі идеялар

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды. Сондықтан да сыни ойлауды оқыту кезіңде оқушылардың бойынан мынадай ерекше қасиеттерді байқауға болады: бір-біріне қарсы сұрақтар қою , дәлелдерді талап етуді , нақты жан - жақтылықты және өз көзқарастары мен сенімдерінің орнауын.

Кезең-дер

Уақыт

Коучнигтің іс-әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Ресурс

Кіріспе кезең

Топқа бөлу


«Молекула» әдісі

Музыка ойналып турады. Мұғалімдер билеп жүреді. Музыканы тоқтатып 1-2-3-4 деп айтқанда топтасу.

Мұғалімдер 2 топқа бөлінеді

музыка

Түрткі сауал:


Терең ойлану


Видео: "Жердегі жұлдыздар "

Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге видео ұсынғым келіп тұр. Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Видеодан не түсіндіңіздер?

2. Алдымызда отырған барлық бала сіздер үшін бірдей ме?

3. Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

4. Егер барлық балаға көңіл аудармаған жағдайда қандай жағдай туындайды?

5. Сіздер сабақта оқушыларды қызықтыру үшін қандай әдіс- тәсілдер қолданасыздар?

Сабақты қызықты өту мақсатында ашық пікір айтқан топ мүшелеріне жұлдыз беріледі

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады


Видео


Жұлдыз

Негізгі кезең


«Джигсо» әдісі


Талқылау

Болжам жасау




Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бір әдісі "Джигсо" арқылы жұмысымызды жүргізгенді жөн көріп отырмын.

Жұмыс топ:

Алдымен алдарыңызға қойылған түстер бойынша жұмысша топтарға бөлініп алайық. Сіздерге мәтіннің бір бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып өз топтарыңызда талқы-лаңыздар. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі.

Бастапқы топ:

Ал енді сабақ басында бөлінген бастапқы топтарыңызға қайта келіп, қолдарыңыздағы мәтін бөліктерін құрастырыңыздар.Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін соңын әр топ өз топ мүшелеріңізбен ақылдаса оты-рып аяқтаңыздар

Енді сіздерге мәтін толық нұсқасы таратылады.

Топтарға мәтін бөлігін өзара талқылайды.



Әр топ өздеріне берілген мәтін қиындыларынан мәтін құрастырады. Мәтінді талқылайды.


Мәтінді топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды



Мәтін





Сергіту сәті

Енді біз жұмысымызды сәл тоқтата тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық

Проектордан сергіту бейнеролигі қосылады

Мұғалімдер сергіту жаттығуларын жасайды

Видео

Қорытынды-лау кезеңі

Ой

тұжырымдау


Қортын-ды жасау

Еркін жазу

Жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіру

Қағаз бетіне өз ойларын, алған әсерлерін жазады

А4 қағазы

Кері байланыс

Сауалы бар қорап

Сыни ойлау- ойды шыңдау - логикалық қабілетті дамыту

Алдарыңыздағы сауалы бар қораптан сауал-нама парақтарын алып толтыруларыңызды сұраймын .

Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?

Бүгінгі сабақта не қызықтырды?

Бұл әдістерді сабақта пайдалануға бола ма, қалай?

Қандай ұсынысыңыз бар?

Сауалнама парағын толтырып, қайта қорапқа салады

Сауал-нама алу

Бағалау кезеңі

Бүгінгі сабаққа мұғалімдер «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау жасайды.



© 2010-2022