Құймалар. Қазақстандағы металл кен орындары. 9-сынып

 Сабақтың мақсаты оқушыларды металл құймалары және еліміздің қазба байлықтарымен,Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қ.И Сәтбаевтың қосқан үлесімен таныстыру.  Осы уақытқа дейін металдар жайында алған білімдерін дамытып,металлургия туралы жаңа түсінік қалыптасады.   Оқушылардың туған жерге,еліне деген сүйіспеншілігі артып,болашақ мамандығын таңдауға ықпал етеді.  Сонымен бірге сабақ барысында халықтық педагогика үлгілері де қолданылады.Оқушылардың есеп шығару қабілеттері шыңдалып,пән...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9- сынып

Сабақтың тақырыбы: Металдар құймалары.

Республикада кездесетін металл кен орындары

Мақсаты: 1.Оқушыларды металдар құймалары және еліміздің қазба байлық

тарымен, Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым

Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесін таныстыру.

2.Оқушылардың металдар жайлы білімін дамытып,Қазақстанның

металлуругиясы туралы мәлімет беру.

3.Оқушылардың туған жерге ,елге деген құрмет сезімін ояту,адам

гершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Д.ИМенделеевтің периодтық жүйесі,Қ.Сәтбаевтың суреті, альбом,өмір баяны «Қаныш аға» ,темір, құм, магнит, тестік сұрақтар.Қазақстан картасы.

Сабақтың түрі,әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, проблемалық.

Сабақ кезеңдері: 1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты пысықтау.

а)Металдар тарауынан тестік тапсырма.

3. Жаңа білім беру.

4. Бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

ІІ Өткен сабақты пысықтау үшін сыныпқа тестік тапсырма беру.

  1. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық

жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.

а)90% ә) 80% б) 50%

2. Сілтілік металдарға жататындар.

а).Li.Na. K. Rb. Cs. Fr ә).Li. Na. K. Ca. Ba. Mg б) Na. K. Ca. Al . Fe.

3.Жеңіл балқитын металдар.

а).Күміс,сынып,мыс ә). Сынап ,цезий, галий б). Сынап, қорғасын,алтын

4. Электр шамының қылын жасайтын,ең қиын балқитын металл.

а) Тi-титан ә)V-ванадий б) W-вольфрам.

5. Металдарды алудың негізгі төрт әдісі:

а) көмір, көміртегі(ІІ) оксиді,элоктролиз, алюминотермия,сутегімен.

ә) көміртегі (ІІ)оксиді, электролиз,кремний,

б) сутегімен, алюминотермия, никельмен, темірмен тотықсыздандыру

6.Негізгі топшаның металдары.

а) s.d -элементтер. ә) d-элементтер б) s,р-элементтер.

7. Қосымша топшаның элементтері:

а)s,р-элементтер, ә) d-элементтер, б) р,d-элементтер

8. Электр тогын ең күшті өткізетін металл

а) күміс, мыс,алюминий ә) күміс,алтын,хром. б) титан, мыс, алюминий

9.Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл.

а ) Mn ә) Сu б) Fe

Тест жауабын кілт арқылы оқушылар бір-бірін тексереді.

ІІІ. Жаңа сабақ: Ал, балалар жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге

мынадай сұрақ қояйын.

  1. Металдардың жекелеген қасиеттері өндірісте, техникада қажеттіліктерді

толық өтей ала ма?

  1. Неге ұшақ жасауда алюминийді таза күйінде қолданбайды?

Бұл сұрақтарға жауапты біз бүгінгі сабағымыздан аламыз. Иә, сонымен алюминий жеңіл, тез балқитын,майысқақ болғандықтан ұшақ жасауда басқа металдармен құймасы қолданылады.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Құймалар» .Құймаларды қоспаларға жатқызуға бола ма?

Бұған көз жеткізу үшін тәжірибе жасап көрейік.

Демонстрация: Темірді магнит арқылы қоспадан бөліп алуға болады, ал құймадан темірді бөліп ала алмаймыз. Енді мынаған келейік.

1. Құймалар қалай алынады. Балқытылған металдардың бір-бірінде еру бейімділіктеріне негізделген. Оларда кейбір бейметалдар ериді(С,SI)

2. Қасиеттері: суытқанда алдын-ала болжаған қасиеті бар құйма түзіледі,қаттырақ, балқу температурасы төмен.

  1. Анықтамасы: екі немесе бірнеше металдардан немесе металл мен бейметалдан тұратын, металдық күйге тән қасиеттері бар жүйені

құйма деп атайды.

4.Құймаларды жіктеу.

а) Компоненттер саны(екі,үш т.б.)

б) құрылымы(гомогенді, гетерогенді)

ә) тән қасиеттері: (қиын балқиды,оңай балқиды, ыстыққа төзімді, өте берік, қатты, коррозияға төзімді)

в) өндеу технологиясы (құйылатын, деформацияланатын, престелген т.б.)

г) құйма негізін қураушы металдар (қара ,түсті)

Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандар:Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай,Лисаков,және Қашар комбинаты темір кеңдерінің концентратымен жұмыс істейді.Ақтөбе мен Ақсудағы ферроқортпа зауыттары, Ақтөбе зауыты Хромтаудың хромиті феррохром шығарады.

Ал Ақсу зауыты өнімдерінің қалдықтарын одан әрі 95%-ке дейін өңдеп басқа қажетті заттар алуына байланысты, жақында бүкілдүниежүзілік экономикалық сертификатқа ие болды.

Алюминий мен титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда қорытылады,

Шымкентте қорғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар. Балхаш

және Жезқазған кен-металлургия комбинаты-мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорын-

дары. Осы өндірістің дамуына өзіндік үлес қосқан ғалым- академик Қаныш

Сәтбаевтың өмірбаяны, еңбектері жөнінде оқушы хабарламасы.

Ал енді құймалардың қандай түрлері бар екендігін білу үшін өздеріне сұрақ

берейін. Құймалардың қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылар:жез,қола,дюралюминий,шойын,болат. Мұғалім шойын мен болаттың құрамына,қасиеттеріне тоқталып өтеді.Құймалардың беріктігіне,төзімділігіне байланысты айтылған халық теңеулері.Оқушылар өздері білетін мақал-мәтел,теңеулерді айтты. «Қоладан құйғандай...», «Болаттай берік»,»Жез киік»т.б.

Қола және жездің қасиеттері, қолданылуы және кездесетін жері жөнінде оқушы хабарламасы тыңдалды.

Бекіту: Сонымен бүгін біз металдарды тағы бір жаңа қырынан таныдық.Олардың құймаларын алу арқылы қажетсіз қасиеттерін ( тотыққыш,таттанғыш,майысқақ) жоюға болатындығын және халық қажетін өтейтін көптеген заттар,құралдар жасайтынын білдік.Енді осы қоспаларға байланысты есеп шығарайық.

Темірдің массалық үлесі 96% болатын 200 кг құйма алу үшін құрамында темір (III) оксиді бар қызыл темір тастың қандай массасы (массалық үлесі 78 %, қалғаны бөтен қоспалар) қажет етіледі. Берілгені:

W(Fe) =96% Шешуі:

m (құйма)=200кг 1.200кг темір құймасын алуға қажетті таза

W(Fe2O3)=78% темірдін массасын табу.

Т\К: m(Fe2O3)-? m=200кг*96%=192кг(Fе)

100%

2.Формуласынан көретініміздей 1 моль темір сәйкес келеді.

Fe2O3-2Fe

1* 160кг=160кг - 2*56=112кг

112 Fe­­­­­---------- 160кг Fe2О3

192кг Fe--------- хкг Fe2O3

Х= 192кгL 160кг=274,3(Fe2O3)

112кг

3.Қызыл темір тасындағы оксидтің масса бөлігі 78%екендігін еске ала отырып

қажет болатын кеннің массасын табамыз.

m кен = 274,3*100% =351,7 кг

78%

V. Үйге тапсырма §41 №8 есеп.


© 2010-2022