Сабақ жоспары. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Тұрлаулы мүшелерді салыстырмалы түрде теорияны практикамен ұштастырып,білімдерін бекіту, сабақ барысында оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып,комментарий жүргізу арқылы ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ғылыми конференция сабағы.

Сабақ типі: Дәстүрлі емес сабақ

Әдіс- тәсілдер: Блум жүйесі бойынша мақсат қою технологиясы,модельдер арқылы талдау жасау, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Кестелер,кеспе қағаздар,оқулық,мақал - мәтелдер

Пән аралық байланыс: Әдебиет

Сабақ барысы: Сынып екі топқа бөлінген.

I топ «Жігер»

Ұраны:

Бас- кемеңгер,жүрек- ер,

Құлақ- бұлақ,аяқ- пырақ,

Қол - мұрап,тіл - тілмаш,

Кілтін тап та сырын аш.

II топ «Қайрат»

Ұраны:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Біз жастарға сенеміз.

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Мұғалім:

Балалар комментарий жүргізе отырып,салыстырмалы түрде тұрлаулы мүшелер және бастауыштың жасалуы мен қолданылуын қорғап шығады.

II Білім тексеру кезеңі

Екі топқа сұрақтар беріледі де олар өз жауаптарын қорғайды.

I топ

Сөйлем мүшелері деген не?

Комментарий: Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем болады.

Сөйлем құрамында тұрса да шылау,одағай,көмекші етістіктер,қаратпа, қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

1 Толық мағыналы сөз болуы керек

2 Сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұруы керек.

3 Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек.

II топ

Дара , күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не?

Комментарий: Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз.

Күрделі сөзден ,тұрақты тіркестен , шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз.

Кемінде екі не одан да көп сөзден құралып , бастауыштық- баяндауыштық қатынастан тұратын бір сөйлем мүшесі қызметін атқаратын сөздер тобын үйірлі мүше дейміз.

III кезең Түсіну

I топ

Бастауыш дегеніміз не?

Комментарий: Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс- оқиғаның иесін білдіріп,сөйлемге ұйытқы болатын тұрлаулы мүше бастауыш деп аталады.

Бастауыш Кім? Кімдер?Не? Нелер? Кімі ? Несі? Қаншасы? деген сұрақтарға жауап береді?

II топ

Бастауыш қандай жолдармен жасалады?

Атау тұлғадағы зат есім: Ержан атасына қонаққа келді.

Есімдік: Мысалы: Біз білім алуға ұмтыламыз.

Сын есім: Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады.

Сан есім: Берерменге бесеу көп.

Есімше: Әке көрген - оқ жонар,

Шеше көрген - тон пішер.

Тұйық етістік : Тыңдау - мәдениеттіліктің белгісі.

Үстеу: Шапшаң асықтырады .

Одағай: «Ә,Құдай!» - күйзелгеннің белгісі.

IV кезең Талдау

Тұрлаулы мүше Іс оқиғаның иесі

Толық мағыналы

Үйірлі мүше Бастауыш Күрделі мүше

Атау септігінде тұрады Дара мүше

Толық мағыналы Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы мүшелер баяндауыш

Сөйлем құрауға негіз болады Бастауыш

V кезең Жинақтау

49- жаттығу

Бастауыштарды тауып, астын сызып, қай сөз табынан жасалғанын айту.


  1. жаттығу

Топтарға тапсырмалар тарату

  1. жаттығу

5 сөйлем немесе мақал - мәтел жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

VI кезең Комментарий

Оқушылардың сабақ жайлы пікірлерін тыңдау.

Топ басшылары сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін қорытындылап, топ мүшелерінің бағаларымен таныстырады.

VII кезең Үйге тапсырма

52- жаттығу « Сөйлем иесі» тақырыбында ойтолғау жазу.


© 2010-2022