Сабақ жоспары өзін-өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығару

Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыСыныбы: 4 «А»Күні: 13.02.15Тақырыбы: «Еңбекқорлық пен еріншектік» Құндылық: ЕңбекқорлықҚасиеттері: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық. Сабақтың мақсаты:Оқушылардың еңбек құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:Еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру,еңбекке қызығушылықтарын арттыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар, дереккөздер) Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.Оқу құралдарына назар аудару. 2.Тыныштық сәтi.«Н...
Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығаруСабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік шығару

№ 267 орта мектеп



Ашық сабақ

Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Сыныбы: 4 «А»

Өткізген: Арихова Л.Ж.



Қызылорда қаласы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сыныбы: 4 «А»

Күні: 13.02.15

Тақырыбы: «Еңбекқорлық пен еріншектік»

Құндылық: Еңбекқорлық

Қасиеттері: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың еңбек құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:Еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру,еңбекке қызығушылықтарын арттыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Оқу құралдарына назар аудару. 2.Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізі ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Өзімшілдік пен көпшілдік

Ескертулер


  1. Дәйексөз.

Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айрылмас азап.

Абай


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Еңбексүйгіш пен Еріншек»

В.А. Сухомлинский

Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайынды екі адам болған екен.Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді,ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді, cәске түстің кезіңде оянады... Сөйтіп қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды. Оларды әулие өзіне шақырып алып : «Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңдер?»-деп сұрайды?-«Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік,»-деп жауап береді ағайындылар. «Жарайды, маған да келетін кездерің жетті,»-дейді әулие.- «Кәне, маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші»

Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп ну орманды көрсетеді. Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштын отырғыза беріпті. Содан орман өсіпті. Әулие орманмен бір күн жүріпті, ал орман болса, қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті. Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті. Әулие шаршап, жерге отыра кетіпті, сондай қауқарсыз шал, ал Еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік»-дейді. Әулие қолын бір-ақ сілтейді де, Еріншекке қарап: «Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды»-дейді. Ал Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады... әулие аһлап-үһлеп, орынан әрең тұрып: «Енді әулие мына- Еңбексүйгіш болады»,-дейді. Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды. Ал сен Еріншек, тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің. Содан кейін әулиеге-өзіңнің бауырыңа келесің. Еңбексүйгішке өзің өткізген жылдарыңды көрсетесің.

Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді.

Сұрақ:

Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерің айтып беріңдер?

«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?

-Еңбекті сүйетің адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасыңда ұрпағына, халықына мұра қалдырады. Ал Еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс: Берілген 2 өлеңді салыстырып оқыңдар.Өз

Ұмытшақ па әлде еріншек пе? М.Әлімбаев

Үйдегі қоқыс шелегі

Төгілмей үш күн тұр күтіп

Ұмытып Ұмсын келеді

«Ертең!»-деп, күнде сырғытып.

Самауыр қояр су таппай ,

Анасы жүрсе абдырап,

Қысылмай ,соған міз бақпай

Жүр,әне,Ұмсын ол бірақ.

Алынбай қалып шайға нан,

Дүкенге тартты тәтесі.

Ұмысын қыз қайда ойлаған,

Мойындап өз қатесін?!

Менің оған нем кетті? М.Әлімбаев

Отын жардым балталап

Құлаштадым,шалқалап,

Маңдайымды терлеттім...

Менің оған нем кетті?!

Он қатынап дедектеп

Су тасыдым шелектеп,

Маңдайымды терлеттім.....

Менің оған нем кетті?!

Көргенім жоқ мен кейіп,

Еден жудым еңкейіп,

Қолтығымды терлеттім....

Менің оған нем кетті?!

Дәмін таттым еңбектің

Менің оған нем кетті?

Оқушылар «Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді».Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.Адамгершілдік құндылықтар мен өмірді тану,білімге құштарлық,ұжымшылдық,ата-бала өнері,тіл,туған ел, жақсы сөз, адал достық,қуаныш,ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, жақсылық жасау,талаптану, өзімшілдік пен көпшілдік,батылдық пен өжеттік,еңбекқорлық пен еріншектік

алған білімдеріміз бен толықтырылып бекітіледі

Тапсырма

Оқушылар сендерге «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінесіндер?

Оқушылар тапсырманы орындау кезінде адал еңбек қана адамды табысқа, бақытқа жеткізетіні, жасаған жұмысыңның еш кетпей, пайдалы болғаны, еңбегіңнің өнімді болуы өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғам да тиімді болатыны жайлы айтты.

  • Сергітусәті: (Музыкамен бірге қимылдары жасалады)

Қырға шықсаң,өрлеп. (Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең,зерлеп. (Оң қолымен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сабағына жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)

Әзірлесең- Еңбек.

Қиындықтын бәрін (Құшағын ашады.)

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)


  1. Топпен ән айту. «Атамекен»

Тапсырма

-Еріншектік, жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші қиындықты, бір кедергіден екінші кедергіні тудырады, жолын болдырмайды. Нәтижесінде көңілің де, қарыңын да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек - қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап» деп айтқан болатын.

Бүгінгі сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс-жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін шығармашылық тапсырма ұсынамын.

Мұнда балалар «Еңбек пен бақыт -егіз» мақалын көзқарас себеп-мысал-қортындылау әдісімен талқылайсыңдар!

  • Еңбек пен бақыт- егіз мақалына көзқарасың? Не себептен?

  • Еңбек пен бақыт- егіз мақалына мысал келтір?

  • Еңбек пен бақыт- егіз мақалын қортындыла!

Тапсырма

«Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріндер»

1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге ерішек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.Жазғандарынды салыстыра отырып өз қорытындыларыңды шығарыңдар.

еріншектік. Бұл әдет-бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойыны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі -надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық,»-деген екен.

2-тапсырма:Мақалды оқып,түсінгендеріңді айтыңдар.

Еңбек туралы мақал-мәтел жазыңдар.

Еңбек-ырыстың бұлағы,бақыттың шырағы.

Адал еңбек,алғыр ой,-анық досың біліп қой.

Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей т.б

Балалар бүгінгі сабақта не түйдіңдер?

Кімнің сөзі саған ерекше ұнады?

Достарыңа айтар сөздерің бар ма?

Бүгінгі сабақтан кейін аянбай еңбек етуге тырысамыз ба?


  1. Үй тапсырмасы.

Мәтін оқу. Дәптермен жұмыс


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!










Сыныбы: 7 А сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: білімділік - зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

дамытушылық - жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік -оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Ізденіс сабағы

Көрнекілігі: сызбалар,топтастыру,кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет.

Сабақтың өту барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.

2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.

1.Қайталау - оқу анасы.

2.Жаңа сабақ құпиясы.

3.кітап - досың,ақылшың.

4.Біліміңді байқап көр.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту.Ой шақыру.

1. «Қайталау - оқу анасы Тапсырмалар

1-қатар.Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбсын салады,түсіндіреді.

дара, күрделі

кім,не негізгі,туынды

Зат есім

жалпы және жалқы деректі,дерексіз

көптеледі септеледі

тәуелденеді

Морфология.

Зат есімнің түрленуі.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.

Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.

Жалғау

көптік тәуелдік септік жіктік

Зат есім көптеледі,тәуелденеді,септеледі.

Тек адамға байланысты,адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.

Мысалы: Мен бала-мын

Сен бала-сың

Сіз бала-сыз

Ол бала

Оқулықтағы көптік жалғау,тәуелдік жалғау мәліметтері,оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.

3. «Кітап - досың,ақылшың».

Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы

1-қатар. Берілген сөйлемнен көртік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.

Тіл - адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті.Ата-бабалырымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.

2-қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.

3-қатар. Ағалар,апалар,аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

IV. Бекіту.Ой толғаныс.

4. «біліміңді байқап көр»

Тест

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

А) 6 Б)9

Ә) 7 В) 8

2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады?

А) Сан есім Б) Есімдік

Ә) Үстеу В) Зат есім

3. Жалғаудың неше түрі бар?

А) 4 Б) 5

Ә) В) 2

4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.

А) -хана,-паз,-кер

Ә) -лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті

Б) -шы,-ші,-лық,-ім,-ыс

В) -дай,-дей,-тай,-тей

5. Күрделі зат есімдерді тап.

А) білім,күрек,күйші

Ә) аяқ,ауыл,бала,дала

Б) ана,қала,мектеп

В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ

6. Тәуелдік жалғауының оңаша,ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет

А) -ым,-ім,-м,-мыз,міз

Ә) -ңыз,-ңіз,-ыңыз,іңіз

Б) -сы,-сі,-ы,-і

В) -ң, -ың,-ің.

V. Үйге тапсырма.44-жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып,оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.

VI.Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.





© 2010-2022