Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны: Рахимжанова Рыскул Дуанбековна, Арқалық қаласы Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сынып: 9

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысында жіберілген қателермен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ғаламтор жайында негізгі түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға ғаламтор, электронды поштаны қолдану жайлы түсінік беру , білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді тиімді пайдаланып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау, талдау, түзету дағдыларын дамыту, өз және өзара іс-әрекеттерін бағалай білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Коммуникативтік қарым-қатынасты қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Мұғалім үшін: сабақ жоспары, бағалау парағы, презентация;

  2. Оқушылар үшін: бақылау жұмысы парағы, бағалау, сараптау, есептеу парағы, «қателер күнделігі».

Сабақтың түрі: бақылауды дамыту сабағы

Сабақтың әдістері: модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сөздік, көрнекілік, баяндау, талдау.

Сабақтың нысаны /обьектісі/: ғаламтор және электронды пошта тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері, шылаудың түрлері, дыбыстар классификациясы, сөз құрамы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу , кезекшімен диалог;

  • оқушыларды топқа бөлу ;

  • психологиялық дайындық;

  • сабақтың мақсатын түсіндіру:

    1. түзету;

    2. бағалау,

    3. сараптау;

    4. өзіндік үй жұмысына тапсырма белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ғаламтор және электронды пошта. Шылаудың түрлері.

  • «Ми шабуылы» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау.

  1. Ғаламтор дегеніміз не?

  2. Ғаламтордың ең маңызды сервистерінің бірі не?

  3. Internet алғаш рет қашан және қайда пайда болды?

  4. Ғаламтор ақылы не істеуге болады?

  5. Компьютер мен ғаламторды байланыстыратын құрылғы не деп аталады?

  6. Шылау деген не?

  7. Шылаудың белгілері қандай?

  8. Шылау білдіретін мәніне қарай неше түрге бөлінеді?

  9. Септеулік шылаулар қандай септік жалғаулы сөздерден кейін келеді?

  10. Шылау түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ: Қатемен жұмыс.

Бақылауды тексерудің І кезеңі.

  • Оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті белгіленеді.

  • 1-топ. 2-нұсқа жұмысын тексереді, 2-топ 1-нұсқа жұмысын тексереді.

  • Топтағы оқушылар «кезекші» «есепші », «бағалаушы», «сарапшы-кеңесшіні» тағайындайды.

  1. Кезекші жұмыс парақтарын таратады, жинайды.

  2. Әрбір оқушы бір оқушының жұмысын тексереді, қатесін түзетеді.

  3. «Есепші» ұпай сандарын есептейді, есеп парағына толтырады.

  4. «Бағалаушы» білімді бағалайды, бағалау парағын толтырады.

  5. «Сарапшы-кеңесші» көп жіберілген қателерді сараптап, оқушыларға тапсырма береді.

  • «Бағалау критерийі » таныстырылады.

  • «5» деген баға-41-50 балл

  • «4» деген баға- 31-40 балл

  • «3» деген баға-21-30 балл

  • «2» деген баға 21-ден төмен

Сергіту сәті:

Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс

ІІ-кезең: Тексерудің екінші кезеңінде 2 топ жұмыстарын ауыстырады, әр оқушы өз жұмысымен танысады;

  1. Қателерін «Қателер күнделігіне» толтырады:

«Қателер күнделігі»

Оқушының аты-жөні___________________________________________


1-нұсқа


Тапсырма

Қатемен жұмыс

Қайталау керек!

1

Сөздік диктанты



2

Мәтінмен жұмыс


3

Сөз құрамына талдау


4

Тест

5

Фонетикалық талдау


  1. Өзіне тапсырма жоспарлайды.

ІІІ-кезең:

  • Көп жіберілген қателермен тақтада жұмыс жасалады.

Біз сабақтан соң мұражайға барамыз.

Оқушылар мен мұғалімдер сенбілікке шықты.

Сен үй тапсырмасын орындадың ба?

  1. Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз құрмаына талдау.

  2. Шылау сөздерді тауып, түрін ажырату.


  • Оқушылардың өз бағасы, мұғалімнің бағасы, «бағалаушының» бағасы есептеліп, бақылау жұмысының қорытынды бағасы шығарылады.

ІҮ. Рефлексия.

  • «Сарапшы-кеңесшілер» өз тобының жұмысын бағалайды;

  • Өздік үй жұмысының міндеттері белгіленеді;

  • Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады, өз іс-әрекетіне баға береді.

Қорыту. Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың білімін бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: «Менің ғаламтордағы әлемім» тақырыбында эссе жазу.


Восточный жалпы орта білім беретін мектебі








Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс



Тақырыбы:


Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс


9 «Б» сыныбы


Қазақ тілі

Өткізген: Рахымжанова Рыскүл Дуанбекқызы

Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың қызықты сәттері


Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс


Қазақ тілі сабағы да басталды




Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс


І-топ оқушылары бақылау жұмысын тексеруге кірісті



Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс



Колесниченко Анастасия өз білімін көрсетуде



Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс


Овсянникова Элина -ІІ- топ сарапшысы,

оқушылардың жұмыстарын талдауда

Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс






Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары: Қатемен жұмыс

© 2010-2022