«Кел, балалар, оқылық» тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кел, балалар, оқылық»

Мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапханаға шақырып кітап әлемімен таныстыру, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуді әңгімелеу.

Көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат .

Түрі: кітапханаға саяхат

Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сендер үшін айрықша күн

кітап әлемімен танысу үшін, кітапханаға оқырман ретінде қабылдау үшін өздеріңді кітапханаға «Кел балалар оқиық» деген іс-шараға шақырып отырмыз. Кітапхана ережесімен, кітап қорымен таныстыру.

Іс-шараға басқа сынып кітапқұмарлар, белсенді оқырмандар келіп отыр.

1-оқушы: Ойшылдар мен білімпаздар мекені,

Бәріңе аян кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын,

Кітапханашы апай қызмет етеді.

Кітапханашы: Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

2-оқушы: Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.

3-оқушы: Дейді ойшылдар «Кітап - білім бұлағы»,
Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітапханашы: Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.
Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады. .

4 оқышы: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Кітапханашы: Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.

Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

Кәзір біз сіздермен ертегі кейіпкерлері арқылы қай ертегі екенін табамыз:

5оқушы:

1.Орман жанында үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,қане,олар кімдер?(Үш аю.

2. Үлкен сыпырғысы бар кім? (Мыстан кемпір.

3. Терезеде суытылған,

Апасынан,атасынан қашқан кім? (Бауырсақ.

4.Мысықтың құйрығын кесіп алған кім? (Мақтақыз.

5.Атасы тартты ,бәрі тартты,тышқан тартып еді,

жұлып алды. (Шалқан.

6.Қазақ ертегілеріндегі сақалсыз өтірікшінің аты.

(Алдар Көсе.

7.Лақтар туралы ертегіні айт. (Жеті лақ.

8.Жерден аспанға ұшу үшін,оған үлкен сыпырғы керек.

(Мыстан кемпір.

9.Шал кемпірге оралды-Кемпірде жаңа астау.

(Балықшы мен алтын балық.

Кітапханашы: Өте жақсы,сендер барлық ертегілерді атап шықтыңдар. Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы біледі екенсіңдер. Олар туралы қайдан білесіңдер, апаларың оқыды ма, әлде мультфильм көрдіңдер ме?

Енді өздерің кітап оқитын боласыңдар. Балалар,кәзір сендердің қолдарыңда кітапхананың қандай кітаптары бар қане еске түсірейік? (Оқулықтар.)

Ал, олар қандай күйде?

Балалар сендерден кейін осы оқулықтарды басқа оқушылар пайдаланады, сондықтан кітапты таза ұстаңдар.

Біздің тұрақты оқырмандарымыз кітапты пайдалану ережесін еске түсіреді, мұқият тыңдайық.

6-оқушы:

1.Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2.Беттерін қатты басуға болмайды,одан кітап парағы түсіп қалады.

3.Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан

мұқаба бүлінеді.

4.Парақты бүктемей,кітап белгісін пайдалан.

5.Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6.Кітап бетіне қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.

- Сонымен,балалар,бүгін сендер кітаппен достастыңдар.

Ал, сендер мұқият болдыңдар ма? Онда қайталаймыз.

7-оқушы: Мен тақпақ сұрақ оқимын, ал сендер бәрін бірден мақұлдасаңдар, «Ол мен және барлық достарымыз» деп, егер қарсы болсаңдар үндемейсіңдер немесе алақан соғасыңдар. Қане мұқият болайық.

1.Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?

2.Кім көп кітап оқыған,бірақ ештеңе тоқымаған.

3.Кім екен жыл бойы өз оқулығын ұқыпты ұстаған.

4.Достар,кім айтады, кітапты жыртып, былғамау керектігін?

5.Кітапқа қарап есінеп, тек суретін көретін?

6.Дұшпанын жерге қаратып, кітаптан білім алатын.

7.Айтар екен кім,тақпақ пен ертек сүйетін?

Кітапханашы: Жарайсыңдар, сендер біздің кітапхананың оқырманы болуға

лайықтысыңдар. Сендер бүгіннен бастап мектеп кітапханасының оқырманысыңдар. (Формуляр тарату.)

Тағы да көп білгілерің келеме, ондай болса, кітапханаға жиі келіңдер.

Қызықты кітаптарды оқыңдар.

Біз сендерді тосамыз!

Салтанат Мырзабайқызы Раева,

№16орта мектеп гимназиясының кітапханашысы.

Талдықорған қаласы, Алматы облысы







© 2010-2022