Сабақтың тақырыбы: «Табиғат аясында» Модуль бойынша қайталау

Сабақтың тақырыбы «Табиғат аясында».   Бүл сабақ негізінен модульді пысықтау ретінде алынған. Сабақ барысында осы тақырыпты қайталау арқылы оқушылардың ойлау, өз ойларын айта білу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру еді.Слайдпен жұмыс істеуде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ояна түсті. Өз суреттерімен жұмыс істеу барысында жақсы сойлемдер құрастырылып, ойларын айта білді.          Оқушыларға тапсырмалар арқылы сөйлемдер құр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат аясында»

Модуль бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаттары: қоршаған орта, оны қорғау, еліміздің экологиялық жағдайы, «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін қайталау, етістік сөз табын пысықтау.

Оқушылардың тілдерін дамыту, өз ойын айта білуге үйрету.

Табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: оқулық, карточкалар, суреттер, компьютер.

Әдісі: қайталау, әнгімелесу, іздендіру.

Сабақтың барысы:

І..Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Кезекшімен тілдесу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Карточкалар арқылы сөздерді тексеру.

2.Сиқырлы сандар. /Сұрақ-жауап/

3.Етістік /талдау/.

ІІІ. Дүниежүзілік проблема.

1.Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Біздің елімізде экологиялық жағдай қандай?

  • Арал теңізінің экологиясы туралы мәніннен не білдіңдер?

2.Мына кімнің портреті /суреті/?

  • Қазақстанның белгілі ақыны О.Сулейменов туралы не білесіндер?

3. Топпен жұмыс: «Біздің көмегіміз»

ІҮ.«Қазақстанның Қызыл кітабы» мәтінмен жұмыс істеу.

- 1966 жылы «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды.

- Оның басты мақсаты қандай?

- Қызыл кітап туралы не білесіндер?

- Суреттермен жұмыс.

Сойлем құрастыру.

Ү.Табиғат қорғау - менің борышым.

- Өзіндік жұмыс.Өз пікірлерін айту.

- 5 маусым күні туралы не білесіндер?

Оқушылардың суреттері.(постер жасау)

- Табиғат туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер.

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тестілеу.

Тест сұрақтары.

1. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңдар.

а)тарады;

ә) қорғайды;

б) өсіп тұр.

2. Өткен шақ жұрнақтары

а) ды, ді;

ә) ып, іп,п;

б) а, е, й.

3. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні.

а) 4 маусым;

ә) 21 наурыз;

б) 5 маусым.

4. Сөйлемді толықтырындар: Қызыл кітапқа сирек кездесетін жануарлыр мен өсімдіктер

а) қойылады;

ә) тіркеледі;

б) алынады.

5. Республикамыздың экологиялық жағдайы қандай?

а) жақсы;

ә) қиын;

б) тәуір.

Сұрақ жауаптары:

  1. ә) қорғайды.

  2. а) ды, ді;

  3. б) 5 маусым

  4. ә) тіркеледі;

  5. ә) қиын.

Үй тапсырмасы.

  1. Қазақстан табиғаты туралы мазмұндау.

  2. Етістік қайталау.




© 2010-2022