Қазақ билері Әйтеке би. Сын есім түрлері

Сабақтың тақырыбы:Қазақ билері Әйтеке би.Сын есім түрлері. Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: Туған жер тарихын, мәдениетін,әдебиетін таныстыру. 2Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жасауға, сұраққа жүйелі жауап бере білуге, өз еркін толық жеткізуге дағдыландыру.1.Тәрбиелік: Оқушылардың елін, жерін сүйуге, елінің шын сүйер азаматы болуға, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.2.Сабақтың типі: Білімді бекітуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбатСабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемд...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қазақ билері Әйтеке би.Сын есім түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: Туған жер тарихын, мәдениетін,әдебиетін таныстыру.

  1. Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жасауға, сұраққа жүйелі жауап бере білуге, өз еркін толық жеткізуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың елін, жерін сүйуге, елінің шын сүйер азаматы болуға, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

  2. Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.Сан есімнің түрлері

Перфоркартаны қосу таңбасы арқылы белгілеу

Сан есім мысалдары

Есептік

Реттік

Жинақтық

Болжамдық

Топтау

Бөлшектік

Бір мың екі жүз бес


Жетеу


Екіден бір


Отызыншы


Бес-бестен


Бесінші


Беске жуық


Жүздеген


Оннан


Біреу


Екі бүтін оннан үш



Сабақтың эпиграфы.

Ашу деген - ағын су
Алдың ашсаң,арқырар
Ақыл деген - дария
Алдың тоссаң,тоқырар
Әйтеке би

Лексикалық тақырып.

Әйтеке би.

Әйтеке би (Айттық) Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Есімханның тұсында Самарқанды басқарған Жалаңтөс батырдың немересі. Әйтеке би Кіші жүздегі әлем ұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке би жеті жарғыны шығаруға зор үлес қосты.

Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.

Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты қойылды.

Жаңа сөздер:

Билік айту- разрешать споры

Жеті жарғы - семь указов

Ел аузында- на устах народа

Танымал- известный

Қазақ билері Әйтеке би.Сын есім түрлері.




Жазылым.

  1. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар:

Управлял младшим жузом до Абулхаира хана.

Внук Жалантоа батыра.

Внес вклад в создание закона «Семь указов».

Был умным оратором.

Создал много стихотврений, коротких рассказов.

  1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар:

Жарғының, орталыққа

3.Грамматикалық тапсырма

Сын есімнің ережесін қайталау,қандай сұрақтарға жауап береді және түрлері.

Карточкалармен жұмыс

А)Ұстаз,қала,бала,көше,мектеп,асхана - сөздерін тиісті сын есімдермен тіркестр.

Ә) Сын есім:сөз тіркестерді аудар

Осенний лес,счастливая мама,прилежный ученик,красивая девочка,интересная книга,госудрственный символ,знаменитый ученый

Б) Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып,жаз.

............боран соғып тұр. ........, ........, .........қар жер бетін жапты., ........аспан түнеріп тұр. ........мезгіл. Балалар ...... киенген..........ойындар ойнап,уақытты ......... өткізіп жүр.Менің анам тамақты.........пісіреді. ::::::: адам,........... бұлбұл.

ІҮ.Бекіту.

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Әйтеке би кімнің немересі?

2.Қандай рудан шыққан?

3.Әйтеке би қандай жарғы шығарды?

4.Әйтеке би ел арасына несімен танымал?

2. Әйтеке биден басқа тағы қандай билерді білесіңдер?

Ү. Үй жұмысы.

Әйтеке би жайлы шағын шығарма жазып келу.

ҮІ. Бағалау.








Тест сұрақтары

1.Туынды сын есімді көрсетіңіз

А)Ақшыл

В)Биіктеу

С)Егеменді

Д)Әдеміше

2.Заттың санын білдіретін сөз табы

А)Зат есім

В)Сын есім

С)Есімдік

Д)Сан есім

3.Сын есімді анықтаңыз

А)Жаңа

В)Өзі

С)Белгі

Д)Құрмет

4.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді

А)3

В)2

С) 4

Д) 5

5.Негізгі сын есімді табыңыз

А)Судай

В)Жазғы

С)Қалалық

Д)Қызыл

6.Сын есімнен жасалған туынды зат есімді табыңыз

А)Сыпырғыш

В)Кеспе

С)Ағажан

Д)Жеңілдік

7.Туынды сын есімнің сұрағын анықтаңыз

Біз Отаншыл болуымыз керек9.Күрделі сын есімді табыңыз

А) Әп-әдемі

В)Сарғылт

С)Көкшіл

Д)Кемдеу

8.Сын есім бар сөзтіркесінтабыңыз

А)Менің атам

В)Бес қыз

С)Сұлу қыз

Д) Анау бала

9.Күрделі сын есімді табыңыз

А) Әп-әдемі

В)Сарғылт

С)Көкшіл

Д)Кемдеу

10.Сын есім мен зат есім тіркесін көрсетіңіз

А)Бес бала

В)Үлкен мектеп

С)Сабақ басталды

Д)Қоңырау соғылды

11.Заттың түсін,түрін,көлемін,сапасын білдіретін сөз табы

А)Үстеу

В) Сын есім

С)Сан есім

Д)Зат есім

12.Сапалық сын есімді табыңыз

А)Күзгі

В)Майлы

С)Тұзды

Д)Тәтті

13.Әйтеке би қай ғасырда өмір сүрген

А) XV

В) XVIII

С) XIV

Д) XVII

14.Әйтеке би қай руддан шыққан

А)Ұлы жүз

В)Кіші жүз

С)Орта жүз

Д) Үлкен жүз

15.Сан есімі бар мақалды табыңыз

А) Әке- балаға сыншы

В) Жігітке жеті өнер де аз

С) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

Д) Атаңа не қылсаң,алдына сол келер

Тесттің жауаптары

1.С

2 Д

3 А

4. В

5. Д

6. Д

7. В

8. С

9. А

10. В

11. В

12. Д

13. Д

14. В

15.В



© 2010-2022