8 наурыз мерекесіне іс-шара утренник

Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка ырғағымен келеді. Көбелек ұшып келеді: Мына гүлдердің әдемісінай,иісінай өзінің.Көктем.Көктем қандай тамаша өзі. Жүргізуші: Көктем келіп еді,міне бізге әдемі көбелектерімізде ұшып келіпті.,сәлеметсізбе көбелек. Көбелек: Сәлеметсізбе. Көбелек:Балалар айтыңдаршы бүгін бізде аналардың мерекесіғой,я. Ендеше анама мына гүлдіме,әлде мына әсем гүлдерді сыйласам ба екен,ойым дұрыс ба балалар. Жүргізуші:Жоқ,жоқ көбелек,сен өзіңде, гүл сияқты...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка ырғағымен келеді.

Көбелек ұшып келеді: Мына гүлдердің әдемісінай,иісінай өзінің.Көктем.Көктем қандай тамаша өзі.

Жүргізуші: Көктем келіп еді,міне бізге әдемі көбелектерімізде ұшып келіпті.,сәлеметсізбе көбелек.

Көбелек: Сәлеметсізбе.

Көбелек:Балалар айтыңдаршы бүгін бізде аналардың мерекесіғой,я. Ендеше анама мына гүлдіме,әлде мына әсем гүлдерді сыйласам ба екен,ойым дұрыс ба балалар.

Жүргізуші:Жоқ,жоқ көбелек,сен өзіңде, гүл сияқты әдемісінғой,гүлден гүлге қонып әдемі сұлулығыңмен біздің табиғатымызға бір әсем көрік бересің.

Көбелек: Рахмет сізге..Балалар мен өзім жеке келген жоқпын,өзіммен бірге өсім келе жатқан достарымды да алакелдім.Кәнекей солардың биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:Әрине тамашалаймыз.

Қыздар «Көбелектер» биімен билеп кіреді. Би аяқталған соң жарты шеңберге тұрады.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары,ару қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.Бүгін міне ұйымдастырылып отырған «Өркен» тобының «Құттықтаймын ана қуанышыңмен» аты ертеңгілігіне хош келдіңіздер. Ертеңгілігімізді бастамас бұрын мерекелік құттықтау сөз балабақшамыздың меңгерушісі Мукаримова Марал Икрамқызына беріледі.

Жүргізуші:

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан,ананың сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті аналар,қадірлі апайлар,қызғалдақтай қыздар бүгінгі ән жырымыз тек сіздерге арналады.

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Құрметті жан аналар.

Барлық аналарға құрмет тағзым ете отырып мерекелік тақпақтарын айтуға бір топ бүлдіршіндерімізді шақырамын.

(Ақнұр,Ерсұлтан,С.Әсемай,Нұрасыл,Назерке,Нұрәлі)

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бармекен

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

(Тоғжан,Зарина,Б.Әсемай,Ернұр,Ақжүніс,Айбек,Нұрбақыт)

Ана!Ол -біздің елде ардақты адам,

Кіші де үлкенде оны ардақтаған

Өзінің аяулысы отанды да

«Ана»-деп біздің халық текке айтпаған.

Жүргізуші: Ендігі кезекті әнге береміз

Хор: «Құттықтаймын мама»

Жүргізуші:

Асыл тастан,өнер жастан шығады-деп дарынды.

Халық айтса,халық сөзі,әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған,балғындардың атынан

Қабылдаңыз шын жүректен мерекелік құттықтауды-деп ортаға

Назерке,Айби,С.Асемай.Нұрәліні шақырамыз.

Назерке:

Көңілің алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағынышпен ақтарылмай.

Айби

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңнен әр дайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

С.Асемай

Айналайын анашым

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек

Бәрін іздеп табасың

Әлпештеген баласын

Ана бақыт ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

Нұрәлі

Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін ізгілікті аямаған

Бақшадан үйге келгенімде

Бал сөзі жаным деген сая маған.

Жүргізуші:

Адам бар ма,ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысынан мақтанам-

«Мерекесі бүгін анамның» әнімен ортаға Еламан,Әсемай,Қырымбек,Асемайды шақырамыз

Мерекелік тақпақтарымен ортаға Ақжүніс,Темірлан,Зарина,Елдарды шақырамыз

Ақжүніс:

Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз.

Зарина:

Анам анам ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсаанға барамын

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам ақ анам

Сен керексің қашанда

Аппақ анам ақ анам

Темірлан:

Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

Құлыным деп сүйетін

Күнде қамқор болатын

Ыстығыма тоңатын

Әлпештеген баласын

Алтыным ғой анашым

Елдар:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Асқан сұлу бар ма екен

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

Жүргізуші: Ендігі кезекте біздің биші балғындарымызды «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз

Би: «Қара жорға»

Ән: «Көктем» Әділет,Рамазан,Айби

Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық

Ақнұр:

Ақ қабақты Анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтіңмен суардың

Бөбегіңнің санасын

Баланың да тірегі

Даланыңда тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Гауһар

Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Кір түсірмей жағама

Кекілімді тарайсың

Бақшамызға барарда

Мейірлене қарайсың

Ернұр:

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейтін

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анашым

Нұрбақыт:

Ақ арман- аппақ анам

Өзіңсіз бақта маған

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайда ақтап анам

Жүргізуші:

Тіршілік шыққан күннен нәр алады

Анамыз ақ сүтінен жаралады

Еркеназдың «Анама» деп салған әні

Аналар бір сіздерге арналады,-демекші келесі «Мен анамның бөбегі» әні тек өздеріңізге арналады.

Ән: «Мен анамның бөбегі» Жұмағұлова Еркеназ

Би: «Шоқ қыздар» Ақнұр,Нұралі,Асемай,Қырымбек,Айби,Нрасыл

Жүргізуші: Аналарына арналған тақпақтарын айтуға

Рамазан:

Мұрат мүлде мақсатым

Жақсы күн мен жақсы түн

Наурыз бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін

Теңдесі жоқ данасын

Арқа тұтар панасын

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым

Айнара

Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші келші ақ мамам

Қырымбек :

Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Жүргізуші:

Ана-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде,әр үйінде мейір мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,-деп кезекті әнге береміз.

Ән: «Менің анам алтын» Темірлан,Ернұр

Жүргізуші

Ендігі ән жырымыз ақ жаулықты әжелерімізге арналады.

Тоғжан:

Менің әжем бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

Балапаным дейді әжем

Балақаным дейді әжем

Ұзақ күнде бүкшеңдеп

Біздің қамды жейді әжем

Қ.Асемай

Әжем қандай әже еді

Айтқандары наз еді

Қабақ түйген кездері

Өзім үшін аз еді

Өзгеше бір төбе еді

Ертегісі көп еді

Теңтегім ау деп кейде

Маңдайыман өбеді

Б.Асемай

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған

Еламан

Немерем деп сүйгесін

Қалай маған күймесін

Түсіп қалған киімнің

Қадап берер түймесін

Әжем қандай әже еді

Айтқандары наз еді

Біздер үшін қашан да

Жаны жайсаң жаз еді

Әжем нағыз әже еді.

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар дөңгелене би билеп

Келеді міне ортаға көңілдері толқып,тасып

Қол соғып,қошеметпен шақырамыз

«Түрік» биімен мың бұралған аруларды

Ән: «Менің әжем әдемі» (Нұралы,Нұрасыл,Гауһар,Тоғжан)

Би: «Түрік» биі Ақнұр,Еркеназ,Зарина,Асемай

Көрініс:Немер менің

(Төрт әже бейнесіндегі ұл балалардың әзіл әндері)

Әділет, Ерсұлтан,Нұрасыл,Айбек

Брі:

Келіннен қорқып саспайық

Келіндер өсек бастайық

Немеренің әр түрлі

Қылығын айтып тастайық

Апыр-ай,белім-ай,

Қайда кетті келін-ай?

Айбек:

Немер менің қазақша

Таза сөйлей алмайды

Орыс тілде сөйлесе

Алдына жан салмайды

Ойпырым-ай,сұмдық ай,

Ұят екен масқар-ай

Ерсұлтан;

Немер менің компьютер

Ойынына тоймайды

Тамаққа да қарамай

Үзіліссіз ойнайды

Ойпырым-ай,сұмдық-ай

Бұл не деген масқара-ай

Әділет:

Немерем менің сабақтан

Екі алып келеді

Жамандаса апайы

Келін соған сенеді

Ойпырым-ай,сұмдық -ай

Ұят екен масқар-ай.

Нұрасыл

Немерем менің теңгеге

Үйір болйп алыпты

Оң теңгені сағызға

Аямай бере салыпты

Ойпырым-ай,сұмдық-ай

Бұл не деген масқара-ай

Бәрі:

Келіндер келіп қалған ба.

Бізде үйге кетейік

Немере тәтті жалғанда

Барына шүкір айтайық

Апыр-ай,белім-ай

Шай қойдың ба,келін ай?

Хор: «Әжетайым»

Би: «Шығыс биі» (Зарина,Еркеназ,Назерке, Асемай)

Жүргізуші: Ендігі кезекті біздің балаларымыздың аналарына арналған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.

Енді біздің жігіттеріміздің сұлуда сымбатты қыздарымызға арналған гүлдерін табыстауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарына

Осымен кешімізді аяқтаймыз

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «Құттықтаймын ана қуанышыңмен» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын.Ата-аналарға сөз беру

Хор: «Айналайын ақ мамам»

«Жазира» балабақшасы




«Құттықтаймын ана қуанышыңмен»





«Өркен» ересек тобы

Тәрбиеші: Лекерова Гүлжан




2011 жыл

© 2010-2022