Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктері

Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында үш қаруы болуы керек. Ең бастысы – шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең ғылыми білімі, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсіл. Осылардың басын біріктіре білген ұстаз жаңа технологияның тиімдісін, ең көрнектісін таңдап, қолданады.    Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен ж...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ








Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның

мүмкіндіктері



Адилмуратова Қ.А.




Семей

2015 жыл

Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1. Интерактивті оқыту технологиясы

2.2 Интерактивті құралдардың негізгі ерекшеліктері .

2.3. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктері

2.4 Қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті ойындар

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе


«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.

Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында үш қаруы болуы керек. Ең бастысы - шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең ғылыми білімі, екіншісі - сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсіл. Осылардың басын біріктіре білген ұстаз жаңа технологияның тиімдісін, ең көрнектісін таңдап, қолданады.

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
бақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?
Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды.? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Интерактивті оқыту технологиясы
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді / оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, зертханалық - практикалық жұмыс)
3) интерактивті - inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді түрде өзара қарым - қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін - өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру. Өз тәжірибемде мен осы тәсілді басшылыққа аламын.

Оқытудың интерактивтік тәсілдерін таңдау себебім:
- оқушыларға материалды меңгерудің кешендік білімін ұсыну;
- жастардың оқу үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, шығармашылық тұлға санатына қосылуларына ықпал жасау;
- оқушылардың ой - өрісінің кеңейіп, жан - жақты дамуына жәрдемдесу;
- оқушыларды көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету.

- белсенді таным әдістері үйренушілерді өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулиды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

«Халықаралық тәжірибелерге сүйіне отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, иновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек»,- деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат -оқушыларды қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыларды таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін қолдану тиімді.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі -«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы - педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқытудың мәнісі - кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.

«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы - айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген бір сабақтан үзінді ұсынамын. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6-класта қазақ тілінен «Менің әуес ісім - кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен сабақта осы әдісті қолдандым. Оқушыларға берілген сұрақ: Кітап бізге не береді? Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Орыс тілді болғандықтан оқушыларға қиын болған жағдайда, қайталаттым және олардың пікірін айтуы бойынша жаздым. Әдіс қағидасы бойынша мұндайларға жол беріледі.

Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді, кітаптар түсініксіз жазылған, қателер бар, қызық емес деген пікірлер де айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап- адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы, кітапты көп оқыған адам білімді, жан-жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап - білім бұлағы» деген қорытындыға келді. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:

-даулы мәселелерді талқылау;

-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

-қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау.

«Тест сынағы» әдісі барлық кластарда қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданамын. Әсіресе, 11 кластарды ҰБТ-ға дайындау сабақтарында өте тиімді әдіс. Тест сынағы әдісінің көмегімен оқушылардың ақпараттандырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағы сұрақтарының мазмұны дұрыс құрылуы тиіс: сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.

Егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағының қорытындысын оқытушы (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын - жауаптарын оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.

2.2.Интерактивті құралдардың негізгі ерекшеліктері .


Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта -дегеніміз не?

Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам - дегеніміз не?

Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwandуказкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз - ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады

ACTIVstudio программасы

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт

Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

«Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

«Активті экран» бағдарламалық - техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі

-Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

- Алған білімді жүйелеу ;

- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио - және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім - оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс - шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия - технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық - техникалық базасын жетілдіру.

Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын - ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал - саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен,
« Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай - ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда - мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:


1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл - біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

2.3. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктері

Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше класпен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамын. Сонымен бірге, мен өз тәжірибемде үй тапсырмасы ретінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше (3-5) тест сұрақтарын (жауаптарымен) құрастыруды тапсырамын. Оқушылар келесі сабақтарда өздері құрастырған тестерімен алмасады, жауап береді. Бірін-бірі тексереді. Оқушылар құрастырған сұрақтар мен олардың жауаптарын алдын ала қараймын, тест құраудың талаптарының орындалуын (оқушылар үшін бастысы - өткен тақырыптар бойынша құрастырылуы және жауаптар нұсқасының дұрыс болуы) қадағалап, бағалауды ұйымдастырамын. Бұл әдіс оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады деген қорытындыға келдім.

Өз тәжірибемде жиі қолданатын әдістердің бірі - жобалау әдісі. Жобалау әдісі - оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады:

- тақырыпты өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай еркін таңдай алады;

- алдына қойған міндетіне қарай жұмыс мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады;

- алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолдарын өз бетінше іздестіреді;

- мәліметтерді жинақтап, жүйеліп және сараптауға және сыни ойлауға үйренеді;

- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады;

- көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын дәлелді және логикалық түрде жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.

Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдісі ретінде түрлі ойындарды, соның ішінде іскерлік ойын мен рөлдік ойынды атауға болады. Рөлдік ойын - өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын топтарда жүргізіледі. Көркем шығарманы оқытуда шығарманың негізгі идеясын тиімді әдіс-тәсілдермен түсіндіру және шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқын, олардың рухани әлемін сипаттау мақсатында «Әдеби кейіпкерді танып ал», «Кейіпкерге сипаттама» атты ойын түрлерін жиі өткіземін. Аталған ойын түрлері оқушылардың шығарманы қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданутөмендегідей нәтижелерге жеткізеді:

-оқушылардың тіл байлығын дамытады;

-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығы артады;

-көркем шығармалардың түсінеді;

-оқушылар өз ойын еркін жеткізе алады;

-оқушылардың жан-жақты ізденуіне мүмкіндік болады.

Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу - әрі жеңіл, әрі тиімді. Оқушылар бірлесіп үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, кесте арқылы көрсетеді. Ойларын дәл, дұрыс қорғап шығуға күш салады. Бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастырғанда мына жайларды: басқаны тыңдай білу, қажет жерінде ғана кірісіп сөйлеп кету, сыйластық, жауапкершілік сияқты дағдыларды қалыптастыру керектігін еске ұстау керек. Оқытудың бұл әдісінің берері: оқушы белсенді болады, пәнге деген қызығушылығы оянады, топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсарады.

Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушылар шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін сабақ құрылымы әр түрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

-уақыт үнемделеді;

-сабақтың сапасы көтеріледі;

-оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік туады;

-оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арттады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Оқыту барысында оның әр түрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы тиіс. Бұл оқыту тәсілі әр түрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болмақ.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгіріболуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады

Интерактивтік тәсіл арқылы білім алушы мына қағиданы ұстанады:
• Естігенімді -ұмытамын.
• Көргенімді - есте сақтаймын.
• Істегенімді - түсінемін.

Интерактивтік тәсілдер бойынша өтілетін сабақ «Колба моделі» (Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы) бойынша жүзеге асады.
Қазіргі кезеңдегі кез-келген педагогикалық технология оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

70-жылдары американ психологы Дэвид Колбо тұлғаның ойлауы мен іс-әрекетін дамытуда эмпирикалық оқыту моделін ұсынған. Бұл кейіннен «Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы» деген атауға ие болды.
Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы - бұл төрт фазадан тұрады, яғни бірінші фазада нақты проблема немесе тәжірибе белгіленеді, екінші фазада бақылау және ой қорыту жасалады, үшінші фазада рефлексия негізінде жаңа тұжырымдар қалыптастырып, оны төртінші фазада тәжірибеде тексеріп қарайды. Бұл технология моделдеу, жоба жасау, белсенді эксперимент жүргізу сияқты тапсырма түрлерін қамтиды.

  1. Нақты проблема немесе тәжірибе (НТ)/Конкретный опыт - (КО)

  2. Бақылау және ой қорыту (ОҚ) /Мыслительные наблюдения - (МН)

  3. Жаңа тұжырымдар қалыптастыру (ЖТҚ)/ Абстрактная концептуализация - (АК)

  4. Тәжірибеде тексеру (ТТ)/ Активное экспериментирование - (АЭ)

Сабақта атқарылатын жұмыстардың құрылымы:
1. Мотивация
2. Бекіту
3. Негізгі материалды оқу
4. Бағалау
5. Дебрифинг

Сабақ уақытын жоспарлау

Сабақ уақытын әр мұғалім сабақ ерекшелігіне байланысты өзгертуіне болады, алайда сабақ құрылымы сақталуы тиіс.
Пәнді оқытуда қолданылатын интерактивтік әдістер: сабақ-презентация, практикум, семинар сабақтар, проблемалық лекциялар,

сынақ сабақ, зерттеу, жоба құру сабақтары.

Өз тәжірибемде қолданатын оқушылардың белсенділіктерін арттыратын интерактивтік тәсілдер - Миға шабуыл, кластер, синквейн, инсерт, эссе, тезаурус, триггерлік суреттер, семантикалық карта, РАФТ, жұппен, топпен жұмыс, рөлдік /іскерлік/ ойын, пікірталастар, жағдаяттарды шешу, алмаздық жетілік/тоғыздық, рефлексия,...
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Қазақ тілінен жаңа ережелерді меңгертіп, бекіту кезінде қолданылатын тиімді тәсілдің бірі - «Жадыны жаңғырту». Оқушылар төменде көрсетілген үлгідегі кесте бойынша ережені еске түсіреді, теориялық білімін мысалдар арқылы тәжірибеде қолданады.
Леп белгісі (!) Жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады.

Қай жағдайларда қойылады? Мысал

Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң

Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң

Ерекеше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тәсіл - «Жағдаяттарды шешу». Мысалы, «Менің досым» тақырыбы бойынша оқушыларға мынандай жағдаят ұсынылады.: Сен досыңды жоғалтып алдың. Полиция бөлімшесіне келдің. Онда тек қазақ тілінде сөйлейтін полиция қызметкері отыр. Сен өз досыңның фотороботын бейнелеуің керек. Аты кім? Жасы нешеде? Шашы, көзі, бойы..

«Семантикалық карта» Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндір:

Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. , Құрмалас сөйлем

Ағаштың айналасын әбден жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап сұрайды: - Аласа бойлы, қолында қысқантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе? - деп.

,
,
:
-
,
-
,
?
- Құрмалас сөйлем Құрмалас сөйлем


Автор сөзінен кейін
Төл сөздің алдына
Бірыңғай мүше
Қос сөз
Бірыңғай мүше
Сұраулы сөйлем
Төл сөзден кейін
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып ұрысын ұстапты-мыс. ,
- Құрмалас сөйлем
Демеулік шылау
«Триггерлік суреттер» тәсілі:

Әдебиет сабақтарында шығарма сюжетіне байланысты сурет көрсетіледі. Оқушылар мазмұндайды. Бұл тәсіл үй тапсырмасын тесергенде өте тиімді. Оқушыларға үйде оқыған шығармаларының мазмұнын ашатын суреттер салып келу де тапсырылады. Жаңа сабаққа кіріспе кезінде де осы тәсіл тиімді. Мысалы, орыс сыныптарында қазақ әдебиетінен А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысалын меңгерткенде, сабақ басында тақтаға егін, баланың, ересек адамның, сұрақ белгісінің суреттері салынады. Не көріп тұрсыңдар? Мынау кімдер? Ол не туралы сұрап тұр деп ойлайсыңдар? Деген сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятамын және шығарманың мазмұнын меңгертудің минимумы орындалады.

«Даналық ағашы» - оқушылар ереже, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, ағашқа іледі. Мұғалім оқып, жауап алады.
«РАФТ» - т іл дамытуға бағытталған тапсырмалар

Рөл - Абылай/Қалмақ/Қаламгер
5-сынып оқушылары/қазақтар/
Форма - әңгіме
Тақырып - Ерлік/Қазақ елі/Батырлық образ
Синквейн Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ - негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ - негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ - негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ - тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ - бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі
Жуан сұрақтар Жіңішке сұрақтар
Толық, пысықталған жан-жақты жауап берілуі тиіс Дәл, қысқа да нұсқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Мысалы:
Түсіндір, не себепті...
Неге солай ойлайсың...
Айырмашылығы неде...
Егер де...
Қалай ойлайсың, егер... Мысалы:
Не?
Қайда?
Қашан?
Келісесің бе?
Дұрыс па?

«Құндылықтарды бағалау».
Оқушылар оқыған шығармаларындағы мәліметтердің маңыздылығына қарай рет - ретімен жазып шығады.
І қысқа нұсқа ІІ толық нұсқа
Х - ең маңызды пікір Х - ең маңызды пікір
Х Х - басқа да 2 маңызды пікір Х Х - келесі басқа да 2 маңызды пікір
Х - маңыздылығы шамалы пікір Х Х Х - келесі басқа да 3 маңызды пікір
Х Х - 2 маңыздылығы шамалы пікір
Х - маңыздылығы шамалы пікір

Оқыту құралдары. Сынып кабинеті интерактивті тақтамен, интернетпен жабдықталған.
- Дидактикалық материалдар.
- Электрондық оқулықтар.
- Интернет материалдары /онлайн-тест/
- Кестелер
- Презентация

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың тиімділігі.
- Тақтаға жазылған мәліметтер сақталып, файлдарға жинақталады.
- Жазылған мәтіндегі мәліметтердің маңыздылығына қарай түрлі бояумен белгілеуге болады.
- Әр тақырып бойынша презентация.
- Кесте, сөйлемдердегі жетіспейтін сөз, тыныс белгілерін қою, жақшаларды ашу,т.б.
- ҰБТ, МАБ дайындықтарында түрлі тақырып бойынша тест тапсырмаларын көлемді түрде қолдану.
- Есте сақтау диктанты, сөздік диктант жазуда өте тиімді.
- Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру кезінде алдын- ала тапсырмалар дайындап қоюына мүмкіндігі бар.
- Интернет материалдарын оқушылардың көруіне мүмкіндіктері бар.
- Онлайн-тест
- Суретпен жұмыс, иллюстрацияларды көрсету...

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивтік тәсілімен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқытудың мәнісі - сыныптағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.

Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс өзара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үрдісте өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет мәселені бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды.

Сұхбаттасып оқыту барасында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана тәжірибеде қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИАОТ бүтіндік принципі бұзылады: бұл үрдіс әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

2.3. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР

1.1. «Ғажайып алма» ойыны. Шарты: «Алма» деген сөзді қатыстырып, фантастикалық тіркестер құра. Сол фантастикалық тіркестерді құрастырып, шағын ертегі шығар.

1.2. «Жаңа атау» ойыны. Шарты: «тәрелке» деген сөзді пайдаланып, жер бетінде ешкім көрмеген, білмеген тың, жаңа фантастикалық заттардың күрделі атауын құрастыр. Сол атауды тақырып етіп фантастикалық шағын әңгіме құра.

1.3. «Сөз соңындағы ұйқас» ойыны. Шарты: екі команда бір-біріне кезекпен дайын ұйқас ұсынады. Қарсыластар сол ұйқастыпайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға тиіс.

1.4. «Жұмбақ сәбіз» ойыны. (Сәбіз болуы шарт емес). Шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып сәбіз әкілінеді. Сәбіз үстел үстіне қойылғаннан кейін тапсырма оқылады. Тапсырма: «Алдымен, сәбіздің қастиеті қандай, соны іштей саралап алып, сәбіздің ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар».

1.5. «Сұрақ - жауап» ойыны. Шарты: оқушыға мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беруі керек.

Мысалы, сұрақ:

- Қасқыр қарызынан қалай құтылады?

Жауап:

- Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады.

- Егін екпейтін кім?

- Кімнің көзі елу?

- Ең ардақты кім?

- Адамдықтың белгісі не?

- Надандықтың белгісі не?

- Бәрі қайда, жау қайда?

1.6. «Кездейсоқ сөйлем» ойыны. Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырыптар беріледі. Оқушы осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді. Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыратындай юморға құрылуы керек.

1.7. «Диалог-ертегі» ойыны. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...» 1 - оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 - оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті»... - міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

1.8. «Композиция» ойыны. Берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылған. Оқушы міндеті - композициялық бөліктері орны - орнына қойып, әңгіменің желісін бұрынғы қалпына келтіру.

Жасанды бұзылған мәтін:

«Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың жанына таяды.

Ақыры Болат:

- Атаң ба? - деп сұрады қартты иегімен нұсқап.

- Иә, көрші тұрамыз, - деп Айнұр басын изеді. Болат Айнұрдың «Көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық.»

Осы кезде қария:

- Бұл қай бала? - деп құлағын тосты. Болат сасып қалып:

- Ассалаумағалейкум, ата - дейді дауыстап.

- Аман бол, балам. Көп жаса! - деді қарт кісі басын шұлғып.

- Шамасы, Айнұрды білесің ғой деймін.

- Иә, ата, - деді Айнұр. - Біздің класта оқиды. Жақсы бала.

«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті. Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді. Болат ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:

- Шынында да, жақсы бала екен, - деп жатыр.

«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті дуылдап кетті.

Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды. Сосон тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді.Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.Кенет Айнұгға кездесіп қалғаны.

Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап келеді. Болат бірден «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екн ғой»,-деп ойлады.

Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінді.Қасында тұра баргісі бар. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.

-Сен паркке жиі келесің бе?

Болат басын шайқады.

-Ал мен үнемі осында келемін.

-Неге?-деп Болат таң қалды.

-Атам жалғыз өзі үйде отырып жалығады. Мен сабақтан келгесін, екеуіміз серуенге шығамыз,-деді Айнұр.

«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады. Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.

Кетерінде:

-Ата сау болыңыз!- деп қоштасты. Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен»

Ескерту. Оқушыға тапсырма ергенде мұғалімге жеңіл тию үшін (бірақ оқушыға көмегі жоқ) дұрыс мәтінді ұсынамыз. Балалар композициялық бөліктерді ойдағыдай құрастыра алмаған жағдайда ғана мұғалім осы дұрыс мәтінді оқиды. Сонымен, әңгіменің композициялық бөліктерінің орналасу реті:

Тақырып: Жақсы бала.

«Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды.Сосын тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді. Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.

Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап келеді. Болат бірден: «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екен ғой,» - деп ойлады.

Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың жанына таяды. Айнұр оған жымиып күліп қойды.

Ақыры Болат:

- Атаң ба? - деп сұрады қартты иегімен нұсқап.

- Иә, көрші тұрамыз, - деп, Айнұр басын изеді.

Болат Айнұрдың «көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық».

Осы кезде қария:

- Бұл қай бала? - деп құлағын тосты.

Болат сасып қалып:

- Ассалаумағалейкум, ата, - деді дауыстап.

- Аман бол, балам. Көп жаса! - деді қарт кісі басын шұлғып. - Шамасы Айнұрды білесің ғой деймін.

- Иә, ата, - деді Айнұр. - Біздің класта оқиды. Жақсы бала.

«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті.

- Сен паркке жиі келесің бе?

Болат басын шайқады.

- Ал мен үнемі осында келемін.

- Неге? - деп Болат таң қалды.

- Атам жалғыз өзі үйде отырып жолығады.. Мен сабақтан келгесін, екеуміз серуенге шығамыз, - деді Айнұр.

«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады». Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.

Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінеді. Қасында тұра бергісі келеді. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.

Кетерінде:

- Ата, сау болыңыз! - деп қоштасты.

Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді.

Ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:

- Шынында да, жақсы екен, - деп жатыр.

«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті буылдап кетті.

Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен».

1.9. «Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан - Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс - бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ - кейіпкер, екінші тармақ - кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта - қимыл - әрекет, оқиға, бесінші - оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы. Мысалы:

Болыпты бір пенде

Өзі аңғал, әпенде

Түбі тесік шелекпен

Су тасыпты ұзақ күн

Әй, жарымес әпенде!

кейіпкер

мінездеме

оқиға

автордың көзқарасы

а) Оқушылардың мәтіннің көркемдігін арттыруға, тілдік форма іздеуге, тілдік құралдарды сұрыптап ала білуге дағдыландыратын жаттығулар.

Жаттығу. Шарты: мына шағын мәтіннің ішіндегі сөйлемдердің соңындағы етістіктердің /-ты/-ды/, т.б. формаларын өзгерту, мүмкіндігінше, баяндауыштарды етістіктен басқа сөз табынан жасау. Тілдік формаларды өзгерту мәтін мағынасына нұсқан келтірмесін.

Мәтіннің алғашқы нұсқасы:

Екі соқа.

Бір заводтан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше ай уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды.Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып, қарайып кетке...

Оқушы өзгерткен нұсқасы (үлгі - мұғалімдікі)

Екі соқа.

Мыналар - бір зауыттан шыққан екі соқа. Біреуі қазір егіншінің қолында. Егінші онымен жер жыртпақшы. Ал екінші соқа еш қимылсыз, сол жерде жатқан күйі. Міне, арада бірнеше ай уақыт өткен кездесудегі екі соқаның жағдайы: жұмыс істеген соқа күмістей аппақ, жап - жылтыр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басқан. Қара ала...

(жаттығу 7-8 сынып оқушыларына арналған)

ә) Стилистикалық жаттығу. Шарты: мәтінді әдеби-көркем стильмен қайтадан жазып шығу.

Мәтіннің алғашы нұсқасы:

«С. Мұқанов - қазақ кеңес әдебиетінің дамыту жолында аса өнімді еңбек еткен жазушы. Сәбит Мұқановтың туған жері - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу-молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасында көп тараған қысса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі - әңгімеге әуес абал там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып, оқи бастайды. Талантты жастың қолына татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбитің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді».

Оқушы жауабы:

Қазақ кеңес әдебиеті - алып бір бәйтерек (бірақ жаралы бәйтерек. Олай дейтінім: сол бәйтеректің бойында ала балтаның аяусыз шапқан қанды іздері бар. Мұны тарихымыздың қызылтабан жылдарына қатыстырып айтып ортырмын). Сол алып бәйтеректің жапырағын жайған бұтақтары - Сәкен, Ілияс, Бейімбет ағалар. Ал бұтақтардың арасындағы жіңішкелеу біткен сан салалар - Сәбит секілді інілердің жолы. Сәкен ағаның, Ілияс ағаның, Бейімбет ағаның, інілерінің жолы. Сәкен - қазақтың солтүстігінде жатқан орманды, тоғайлы даланың ұлы. Сәбит те ағалары секілді білімнің қара жолын молда оқуынан бастады...

б) Ой қисынына негізделген жаттығу. Шарты: төмендегі бірінші бағанда көрсетілген құбылыс-аттарға екінші бағанадағы белгі қасиеттердің қайсысы тән? Тіркестіріп ата және тіркестердің мағынасын бір-ақ сөзбен, яғни синонимімен түсіндіру.


жүрек

перде

қараңғылық

шыжық

тағдыр

от

үміт

сызық

өмір

Көз


Жауап: жүректің көзі - саналылық; қараңғылық пердесі - надандық; тағдырдың сызығы - жазмыш; үміттің оты - үміттену, шыжығы - қайғы, трагедия.

в) Лингвистикалық ойындар

«Балта» деген сөздің құрамындағы бес дыбыстан 8 зат есім жасау.

бал

ата

аба

Балта

таба

тал

бала

ала

ат (жылқы)

Осы жерде мұғалім «ала» және «оба» деген сөздерге түсінік беруі шарт. «Ала» деген сөз түркі тілдерінде заттың түсін ғана емес, заттық ұғымның өзін де білдіретін («ат», жылқы, жүйрік ат), «аба» деген сөз «апа», «ене», «әке» (әр түрлі түркі тілдерінеде) деген ұғымдарды білдіретінін айта кетеді.

г) Тақырыптық ойын жаттығулар

Бұл жаттығулардың түрлері қазақ тіл білімімен (жоғары сыныптарда) белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін беріледі. Айталық, оқушы фразеологизм туралы ұсынған жөн.

1.Мына фразалардың қайсысы қай дәуірге және кімнің поэтикалық сөз қолданысына тән? (Оқушы сөз тіркестерінің шығу төркіні жөнінде зерттеу жүргізеді).

Қу тілмен қулық сату - (Абай)

Үшкілсіз көйлек кию - (Бұхар)

Қорамсаққа қол салу - (батырлар жырының стилі)

«Өмір сүру», «өмір кешу» деген қалыпты фразаны эмоциялық әсер беретін фразаға, поэтикалық образға айналдыру.

Оқушы жауабы:

Өмір тонын кию,

Өмірдің өріне шығу.

Өмір тауқыметін тарту,

Өмірдің ауыртпалығын көтеру.

Сонымен, жоғарыдағы сұрау - тапсырмаларды, ойын - жаттығуларды топтап берудегі мақсатымыз -шығармашылық тапсырмалар жүйесін құру, оны оқушыға ұсыну ерекшелігімен таныстыру және тіл дамытуды жүргізуде жаңа мазмұн, форма іздей отырып, қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.

Қорытынды

Елбасы атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

47


© 2010-2022