Бұйрық райға жаттығу жұмыстары 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Күні: 03 02 2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: бұйрық райға жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің бұйрық райынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау. Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, тереңірек меңгеруіне мүмкіндік беру.

Етістікің бұйрық райының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін дамыту;

Етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу; тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, бұйрық райды ашық райдан ажырата білуге баулу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, «Кубизм» әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекіліктер: түрлі қималар, рефлекция ресурстары, кубик

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.

б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

В) сынып оқушыларын алдын ала топқа бөлу

Г) үйге берілген тапсырманы сұрау, тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Кубизм» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1 Суреттеңіз: бұйрық райдың ережесін айтыңыз
2 Салыстырыңыз: ашық рай мен бұйрық райды бір-бірімен салыстырыңыз.
3 Қолданыңыз: үйге берілген жаттығудың ішінен бұйрық райды табыңыз.

4 Дәлелдеңіз: Тісте, тамақтан, өлеңдет сөздерінің туынды етістік екенін дәлелдеңіз
5 Қарсы шығыңыз: Бұл жерден олар түс ауа қозғалды деген сөйлем бұйрық райлы сөйлем екеніне мен қарсы шығамын, өйткені......
6 Зерттеңіз: Бұйрық райдың қалай жіктелетінін зерттеңіз.

Үй тапсырмасын бекіту. Рай түрлерін топтастырыңдар

Шартты рай

Бұйрық рай

Рай түрлері

Ашық рай

Қалау рай

Негізгі бөлім мен үй тапсырмасы

Берілген сөйлемдердің ішінен бұйрық райлы етістікті табыңдар:

Біз жидек теруге бардық. Әркім өз ойымен отыр. Тау ішінде келемін. Бүгін ауылға барайық.

Әрине, дұрыс. Демек біз бүгін бұйрық райға арналған жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

Негізгі бөлім.

І бөлім

Оқулықпен жұмыс: бұйрық райды тауып, қай жақта тұрғанын, қай етістік екенін анықтаңдар.

169-жаттығудың І абзацын І, ІІ топ

Екінші, үшінші абзацын ІІІ топ

170-жаттығу

ІҮ, Ү топ.

Батаның ішінен бұйрық райлы етістікті табыңдар

Қосымша тапсырма:

Тақтамен жұмыс. Екі оқушыны тақтаға шығару: Әмина, Нұрбол

Берілген сөйлемдердің ішінен ашық райлы етістікті бір бөлек, бұйрық райлы етістікті бір бөлек жазыңдар:

Наурыз мерекесіне дайындалып жатырмыз. -Кіріңіз, кіріңіз!-деп, тысқа дауыс берді. -Атқа қонайық!-деген үлкендердің дауысы естілді. Таудан самал жел еседі. Омар қарт жетпіске толады. Жоғары шығыңызшы.

Ашық райлы сөйлемдер

Бұйрық райлы сөйлемдер


ІІІ тапсырма. Ашық райлы етістіктерді бұйрық райлы етістікке айналдырыңдар.

Дәптермен жұмыс

І, ІІ топ

Берілген ашық райлы етістіктерді бұйрық райға айналдырып, дәптерге түсіріңдер:

Алдымызда үлкен адыр көрінеді. Сол адырдың төбесіне немістер бекінген. Биік адырды немістер толық пайдаланды. Олар біздің бекінісімізді бақылап отыратын болды. Қимылдасақ, атқылап дамыл бермеді. Немістер жатқан адырға біз де бет қойдық. Айғай - шусыз жылдамдата басып келеміз. Жаудың тікен сымды шебінен өттік. Оның әр жерінен есік ашылыпты.

ІІІ, ІҮ, Ү топ

Берілген бұйрық райлы етістікті ашық райға айналдырып, дәптерге жазыңдар

«Арлы-ожданды бол!

Намысыңды жастан сақта!

Халқыңды алалама!

Жақыныңды жаралама!

«Құдай жарылқасын,бай қылсын,

Төрт түлігін сай қылсын!»

«Малды теппе,Ақты төкпе».

«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».

«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».

Уақыт қалса, бұйрық рай қатыстырып, өлең шумақтарын құрап, бір мақамға салып әнге айналдыру

Сабақты бекіту:

«Күн сөнбесін» ойыны
Бұл ойында бұлт күннің көзін жауып тұр, сол себепті берілген қорытынды сұрақтарға жауап беру арқылы бұлтты ашып, күн сәулесін түсіреміз.

1. Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді.
2. Көсемшенің жұрнақтарын ата.
3. Есімшенің жұрнақтарын ата.
4. Етістіктің неше шағы бар? Ата
5. Етістіктің неше райы бар?
6. Тұйық етістіктің жұрнағын ата, мысал келтір.

Үйге. Бұйрық райы бар тиым сөздерден мысал жазу

Рефлекция. Бүгінгі сабақта алған әсерлерің, ұсыныс, пікірлерің. Алдарыңдағы пирамидаға жапсырыңдар.


© 2010-2022