Орта мерзімді жоспарды ұйымдастыру коучинг сессия жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сессия жоспары

Тақырыбы

Орта мерзімді жоспарды ұйымдастыру

Мақсаты

Орта мерзімді жоспар туралы түсінік беру. Тәжірибе жүзінде іске асыруға жағдай туғызу.

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

А. Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013) Алматы

Күтілетін нәтиже

Оқытудың жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын құрады.

Негізгі идеясы

Орта мерзімді жоспар құру

Құрал жабдықтар

Таныстырылым, ресурстар, маркер, бағалау парақшалары, А4 форматағы беттер.

Оқыту әдістері

Миға шабуыл, постермен жұмыс, майшам жаттығуы.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І.Жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Алақан» жаттығуы (өзінің алақаның салып, 5 саусағына өзінің 5 жақсы қасиеттерін жазып, көршісіне ұсынады. Содан соң көршісі алақанына оның аталмаған қасиеттерімен толықтырады) Бір қасиетті оқуға болады. Сізді айтылған қасиеттер таңқалдырды ма? Онымен сіз келісесіз бе? Қорытынды: кей кезде адамның бойындағы қасиеттеріне мән бермей, дұрыс баға бере алмаймыз.

ІІ.Топқа бөлу

«Тәтті сыйлық» сандықшасы арқылы топқа бөлу. Топ мүшелерін сайлау(таймкипер, хатшы, баяндамашы, эксперт). Топтың алтын ережесімен таныстыру.

ІІІ.Миға шабуыл

1-топ. Жоспар деген не?, Жоспар құру не үшін қажет? 2-топ. Сіз бүгінгі күніңізге жоспар құрасыз ба? Білім беруде жоспардың маңызы неде? Топтар ойларын ортаға салады.

ІV.Мағынаны ашу

«7 модуль» презентациясын ұсыну

«ОМЖ» презентациясын ұсыну. Коуч таратпалы ресурстарды ұсынады. Коучингке қатысушылары материалды конспектілейді

V.Сергіту сәті

Қимылдық қозғалыстар

VІ.Топтық жұмыс

Топтар материалдың мазмұнын талқылып, постерге түсіріп жасайды.

Топтар арасындағы эксперттердың бір-бірін бағалайды.

VІІ. Критериалды бағалау

1.Постердің эстетикалық безендірілуі; 2.Мазмұндылығы; 3.Материалды нақты, толық жеткізуі

VІІІ. Рефлексия :

«Майшам» жаттығуы

Бүгін сіз өзіңізге тиімді қандай мәлімет алдыңыз?

Бүгінгі тренинг барысында қандай сұрақтар, тілектер туындады?



© 2010-2022