Статья Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие - бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Статья Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөліМағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі - жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті - бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, бала- бақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан- жақты жетіледі. Біз бүгінгі тақырыбымызда қаламыздағы екі балабақша жайында ой қозғамақпыз. Оның бірі мемлекеттік, екіншісі жеке меншік балабақша. Енді жеке-жеке тоқталып өтелік:

Біз әуелі ат басын «Жанар» мемлекеттік балабақшасына тіредік.

№2 «Жанар» мемлекеттік балабақшасына кірген кезде әдемілікті сезіндік. Өйткені ауласы жасыл-желекке оранған. Ғимараттың іші таза. Ең бастысы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде болашағымыздың тірегі осылар екен деп, іштей қуандық. 1989 жылы іргетасы қаланған балабақша бүгінде талай қиындықты артта қалдырып, қаладағы алдыңғы қатарлы балабақшаның біріне айналды. 69 қызметкері бар берекелі ұжым балаларды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 300 орынды қамтиды, қазірде 280 баланы қабылдап отыр. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен. 12 топтың ішінде үш пен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топта 25-30 баладан бар. «Ұстаздарымыздың бәрі білікті мамандар, 29 педагог, соның ішінде: жоғары санатты - 4, бірінші санатты - 9, жоғары білімді - 8, аяқталмаған жоғары білімді - 2, орта - 13, аяқталмаған орта білімді - 6 оқытушымыз бар. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл дамыту, айналамен таныстыру, валеология, сауат ашу секілді пәндерді оқытамыз. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне баулимыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зерек. Балабақшамызда толықтай жағдай жасалып отыр. Тек қана саз пәнінің мұғалімі жетіспейді», - дейді балабақша әдіскері Айжан Қуанышқалиева. - Айтпақшы, әдіскер Айжан қалалық «Үздік әдіскер» байқауында 2-ші орынға ие болған. Балабақшада «Балбөбек», «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам», «Зерек», «Мектепалды дайындық», «Қайнар» бағдарламасы бойынша балалармен жұмыстанады екен.

Біздің балаларымыз қаламызда ұйымдас- тырылатын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, жүлделі орынға да ие болып жүр. А.Бижанова, А.Кутейнова, А.Мәденов, Е.Айзакова, А.Әлім- жанова секілді балаларымызбен және А.Ер- мекова, М.Бүлкебаева, Қ.Кеңесбаева сияқ- ты тәрбиешілермен мақтанамыз», - дейді балабақша тәрбиешілері. Балабақшаның дамуына үлес қосқан қызметкердің бірі Күләнда Мысаева. Ол балабашаның алғашқы ашылған кезінен бері осы күнге дейін абыроймен еңбек етіп келе жатқан тәжірибесі мол қызметкер. Және балабақшаның мате- риалдық-техникалық базасының нығаюына, ғимарат пен тәрбиеленушілердің бөлме- лерінде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар мен ере- желердің толықтай сақталуына өз үлесін қосып келе жатыр. Күләнда апайды біз де сөзге тарттық:

Күланда МЫСАЕВА, шаруашылық бөлім меңгерушісі:

- «Балалар - біздің болашағымыз.» Сон- дықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бо- йына сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырып кеткен балаларға жауапкершілікпен қарамауға болмайды. Балалар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Оларды бір күн көрмесем сағынып қаламын.

Мұнан соң «Айназ» жекеменшік бала- бақшасындағы жағдаймен де таныстық.

Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеді. Аталмыш балабақша осыдан бір жыл бұрын, қыркүйектің 22-сінде «Балапан» бағдарламасы аясында «Өркен» шағын- ауданы, №21 үйдің жанынан ашылған еді. Одан бері де жылға жуық уақыт өтіпті. Білікті педагог, кәсіпкер Назгүл Шырақбаеваның ұйытқы болуымен бұл балабақша бой көтер- ген болатын. Балабақшаның ғимараты, материалдық-техникалық базасы барлық талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытта бұл жерде 100-ден аса бала тәрбиеленіп жатыр. Кіші жас пен бес жастағы балалар алаңсыз ойнап, тынығып, уақытын өткізеді. Сонымен қатар, мектепалды даярлық тобында балаларды оқытады. Балалар тек тәрбиеленіп қана қоймай, ағылшын, орыс тілін үйреніп шығады. 25 қызметкердің бәрі мәдениетті, сауатты. 11 педагог жоғары білімді. Және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жас мамандар балабақшаға жұмысқа орналасады екен. «Айназ» балабақшасы жекеменшік балабақшалардың арасында үздік атанып жүр. Себебі, бұл балабақша мемлекеттік балабақшадан еш кемдігі жоқ. Ғимараты кең, өз алдына ойын алаңы салынған. Мұнда тәрбиеші апайлары бүлдіршіндерге үстел басындағы тамақтанудың ережелері мен тәр- тіптерін, тамақтанып болған соң асты қалай қайыру керектігінің бәрін үйретеді. Сон- дай-ақ балдырғандардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында әр түрлі танымдық ойындар, музыка сабағы қосымша өткізіледі.

Балабақша әдіскері Айгүл Есқалиева ны әңгімеге тарттық.

- Балабақша ұжымы барлық балабақ- шалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Ашылғанына бір жыл толады. Аз уақыттың ішінде жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, бірнеше рет ашық сабақ өткіздік. Әрине, әлі де талай тәжірибе жинап, еңбектенеміз. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып әрі баланы қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» - деген тамаша сөз бар. Бұл - мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. Қазақтың проблемасы балабақшадан басталады. Балабақшаның санын көбейту керек.

2010 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында қаламызда бірнеше жекеменшік балабақша ашылған болатын. Биыл да бірталай балабақша ашылатын шығар деген ойдамыз. Өйткені, мұнайлы өңірде алты мыңнан аса бала бақшаға бару үшін кезекте тұр. Мемлекеттік балабақшаға барайын десе, орын жоқ, кезекті ұзақ уақыт күтесің. Ал жекеменшік балабақшаға барайын десе, кез келген ата-ананың айына 20 мың теңгені төлеуге шамасы жетпейді. Қалалық перзентхананың санақ мәліметтеріне жүгінсек, апта сайын қаламызда 85-ке жуық әйел босанады. Сондықтан балабақшаны көбейту - уақыт күттірмейтін талап.



© 2010-2022