Сынып сағаты Бизде билей аламыз. 2 сынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып концерті «Бізде билей аламыз»

Сыныбы: 1,2

Оқушы саны: 31

Мақсаты: Ата-ана, оқушы, сынып жетекшісі және мектеп арасындағы

байланысты нығайту, оқушыны өнерге, адамгершілікке,

көпшілікке үйретіп, өнерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге

қадам басуға дайындалу, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі:

Мұғалім: Өнер саласындағы мамандардың басты парызы халықтың

өнерінің мәнін жоғалтпау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу болып

табылады.

Атақты педагог-ғалым Сухомлинский өнерді жалғайтын ұстаздар туралы былай деген екен: «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу, педагогикалық шеберлікпен, өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады».

Бұл сөздер арқылы біз шәкірттерімізге білген өнерімізді, тәрбиемізді жеткілікті бере алсақ, олар біздің өнеріміздің жалғасы ретінде бізден де жоғары деңгейде өнер жалғастырушылары болады дегіміз келеді.

Сіздерге жалпы өнер туралы айтып өттім, енді оқушылардың үйреніп жатқан би өнеріне тоқталатын болсақ, Биді адамзат қауымы барлық жер жүзінде билейді. «Би» дегеніміз адамның ішкі сезімін, яғни қуаныш, қорқыныш, жайдарылық немесе уайым-қайғыны қимыл мен музыка арқылы көрсететін өнерді айтамыз.

Ритуалды билер болады,-бұл кейбір елдерде биді адам жерлегенде билейді екен немесе егін жиналғанда жаңбыр шақырғанда түрлі ритуалды билер биленеді. Ритуалды билер өлеңге және барабанның үніне қосып биленетін болған.

Бидің түрлері өте көп. Біздің сіздерге ұсынылғалы отырғанымыз ырғақ биі, классикалық, қазіргі заманғы балдық және халықтық-сахналық билерден шағын көрініс.

Тағы айта кететін жай бүгінгі сынып концертінде балаларымыздың тек қана өнер мектебінде үйренген билері ғана емес, оқушылардың өз бетімен дайындалған билері, әндерінде көрсеткіміз келеді. Оқушылардың өз бетінше дайындаған өнерлеріне өзгеріс енгізген жоқпыз, бұл оқушының өнерге деген талпынысын, өз бетінше жұмыстануға құштарлығын білдіреді.

Ал енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегендей- сынып концертін бастауға рұқсат етіңіздер.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, әннің терең мазмұнды мәні оятар»,- деп Абай атамыз айтқандай алғашқы музыкалық нөмер 2 сынып оқушысы Мархабаева Меруерттің орындауында «досқа тілек» тыңдаңыздар.

Келесі кезекте бидің әліппесін үйретіп жатқан ырғақ биі бойынша 1-сыныпты шақырғым келеді.

Ырғақ биі-биді мәнерлеп, нақышына келтіріп орындау үшін ырғаққа түсу, музыканың ұзақтығын білу, құлақпен тыңдап оны есте сақтау қабілетін тұрақтандыру болып табылады. Ырғақ биінде оқушы ең алғаш «Марш» жүрісінен бастап, дене жаттығулары, әр түрлі қозғалыстағы заттарды, жан-жануардың қимылдарын үйренеді.

Қазір сіздерге осы ырғақ биінен қысқаша көрініс ұсынамыз.

1-сынып «Полька» жаттығу

Енді сахнаға бұдан 1 жыл бұрын би-туралы мағлұматты азда болса меңгерген, қазіргі 2 сынып оқушыларының орындауында Чунга-чанга биін тамашалаңыздар.

Чунга-чанга биі орындайтын 2 сынып оқушылары

Қаһарлы қыстан кейін келген көктем айы немесе көктем мерекесінің алғашқысы, бүкіл дүние жүзі тойлайтын халықаралық аналар, әйел қыздар мерекесін атап өткен болатынбыз. Сол барша аналарға арнап 2 сынып оқушысы Өмірбекова Назерке «Ана туралы жыр» әнін дайындаған болатын, қабыл алыңыздар.

Адам дүниеге келе туа бітті әр нәрсеге байланысты икемділік, құштарлық, дарындылық қасиеттері болады. Сол сияқты оқушылардың да биге деген икемділігі, қызығушылығы сәл де болса жоғары, деңгейлігі анықталды. Сол мақсатта берілген сабақтардан тыс ансамбль сабағы өтеді. Осы ансамбльге қатысушы 1,2-сынып оқушыларының орындауында «Тентегім» биін көріңіздер.

Келесі кезекте 1 сынып оқушысы Сағынбаева Аружан деген оқушының «Адай» күйіне қойылған қазақ биін дайындаған екен, соны тамашалайық.

Би «Адай» - Сағымбаева Аружан

Сынып сағатын бастағанда айтып өткендей бидің түрі көп. Қазіргі өтіліп жатқан сабағымыздың бірі классикалық би.

Классикалық би терминологиясы XYII ғасырда Францияда, корольдік би академиясында құрылды. Содан бері бұл терминология жалпы халыққа танылған. Классикалық бидің стилі Францияның, Данияның, Италияның, Орыстың би мектептері мен мұғалімдері арқылы қаланған. Францияның талантты балетмейстері М.Петипа 1818-1910 ж Ресейдің Санкт-Петербург қаласына балетмейстр болып, шәкірттер дайындады.

Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін 1932 жылы опера және балет театрының ірге тасы қаланды.

Алматыда музыкалық-хореографиялық мектеп ашылып, 1938 жылы балет бөлімі жеке оқу орны болып бөлінді.

Қазақстан ұлттық балет өнерінің тамыр жаюына орыс балетмейстері А.В.Селезнов зор үлесін қосты. Қазіргі таңда Д.Абиров, З.Райбаев, Б.Аюханов сияқты түлектері елімізде қызмет етуде.

Классикалық би 2 сынып

Ән. «Айым менің» Есенова Асылхан

Би. «Назлы гүлім» Есімова Г, Шәудірбаева Д

Ендігі кезекте қазіргі заманғы балдық биден үйренген қимылдарды көресіздер. Балдық би XYI-XYII ғасырлары Европада, коррольдік сарайында пайда болған. Франция королі людовик XYI Париждің маңайындағы Версаль сарайында адамдарды салтанатты мерекелерге дайындаған. Ол өзі 13 жасында ең бірінші балет билеген. Биді өте жақсы көрген. Балдық билерді бақшаларда, сарайларда билеген.

Балдық би 2 сынып

«Ерке сылқым» 2 сынып

Осымен 1,2ші сынып оқушыларының сынып концерті өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.








© 2010-2022