Сыныптан тыс жұмыс Мақал сөздің мәйегі 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

Қошқарата ауылы №9 Абай атындағы орта мектебі

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кенжебекова Жібек Нұрғазықызы

Сыныптан тыс жұмыс Мақал сөздің мәйегі 7 сынып

Тақырыбы: «Мақал - сөздің мәйегі»

Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, сурет

Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер, слайд, мультфильм, шарлар, т.б.

Түрі: сайыс сабақ

Сыныбы: 7

Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Мақал сөздің мәйегі» атты интеллектуалдық ойын-сайысына қош келдіңіздер! Бұл ойынымыздың мақсаты: Қазақ тілі-дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен қасиетті тілімізді қастерлеу-жастардың, әр қазақтың еншісінде. Бүгінгі сайысымыздың жоспары алты тапсырмадан тұрады

Сайыс жоспары

1. Үй тапсырмасы

2. Мықты болсаң тауып көр

3. Жалғасын тап!

4. Тапқырлар тобы

5."Ойлан ,тап"

6. Ән- көңілдің ажары

1-сайыс.Үй тапсырмасына екі топ өздерінің топтарымен таныстырады. Ұрандарын айтады

2 сайыс. Мықты болсаң тауып көр . Шарты: берілген сөздерді қатыстырып мақал-мәтелдер құрау керек. Қолдағы таяқшаны бірінші көтерген топ жауап береді

  • Ұя, ұшу, ілу (Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі)

  • Тіл, тас, бас (Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады)

  • Білімді, бір, мың (Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар)

  • Білім, теңіз, кеме (Білім -теңіз, мектеп- кемеБілім -теңіз, мектеп- кеме)

  • Дос, жау, дау (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды)

  • Тіл, ел, құрмет (Тілге құрмет -елге құрмет)

3 сайыс. Жалғасын тап! Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде табу керек. Орыс тілі мен ағылшын тіліндегі аудармаларға қосымша 2 ұпай беріледі

... - инемен құдық қазғандай ( оқу-учеба-study)

Оқусыз ... жоқ, білімсіз күнің жоқ (білім -знание -knowledge) т.б.

4 сайыс. Тапқырлар тоты. Шарты: екі топ мүшелеріне де «Мақтаншақ қыз» мультфильмі көрсетіледі. Көрген көріністеріне оқушылар мақал айтады . Әр мақалға бір ұпайдан беріледі (ең азы 5 мақал)

1. Қыз өссе -елдің көркі

2. Басты бәле - тілден

3. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі

4. Отан үшін отқа түс, күймейсің

5. Ауру қалса да, әдет қалмайды

6. Отырған қыз - орнын табар

5."Ойлан ,тап" сайысы

Шарты: Берілген сұрақтара мақалмен жауап беру керек

1 Жыланды інінен қалай
шығарамыз? Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығар
2.Инемен құдық қазуға бола ма? Білім-инемен құдық қазғандай
3. Аппақ қарға бола ма? Қарға баласын аппағым дер
4. Ең тәтті не?

5. Қар жана ма? Қалауын тапса қар жанар
6. Тауық түс көре ме?
7. Кімнен кім жаман?
8. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

9. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

10.Етікті қонышынан басуға бола ма?

11. Өнерлі мен өлеңшінің алтыны бар ма?

12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

6. Ән- көңілдің ажары .

1 топ. Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ бантик» әнімен (караоке)

2 топ. Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін шырқайды (караоке)

Кезек әділқазылар алқасында

© 2010-2022