Оқушылардың алған білімдерін жүйелеп қорытындылауға бағытталған материалдар

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары.

1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Сын түзелмей, мін тізілмейді.

В) Бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын.

С) Ал мынада бос сөз көп.

Д) Жасқа ұстаздың етсең, болашақтан тірек табасың.

Е) Жерді жортқан біледі, малды баққан біледі.

2. Антонимді табыңыз

А) жоламау-жуымау

В) жомарт-сараң

С) соқтығыс-қақтығыс

Д) нәтижелі-жемісті

Е) маңдай алды-бетке ұстар

3. Географиялық терминді таыңыз

А) полюс

В) аспау

С) жер

Д) қосынды

Е) сәуір

4. Көсемшені көрсетіңіз

А) бару

В) жазып

С) айтар

Д) келмек

Е) көрген

5. Бітеу буынды көрсетіңіз

А) дала

В) құба

С) егін

Д) оқ

Е) қант

6. Жалқы есімді белгілеңіз

А) өзен

В) Ертіс

С) қала

Д) көше

Е)облыс

7. Жинақты сан есімді табыңыз

А) жоғары

В) кітап

С) үшеу

Д) оқыды

Е) ащы

8. Омоним бола алатын сөзді табыңыз

А) халық

В) үлкен

С) биыл

Д) түс

Е) үшеу

9. Есімшенің жұрнағын тап

А) -р,-ар,-ер

В) -ып,-іп,-п

С) -ғалы,-гелі

Д) -ма,-ме,-ба,-бе

Е) -ыс,-іс,-с

10. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің шылауларын табыңыз

А) -бірде,-біресе,-кейде

В) әлде, әлденеше, әйтсе

С) әйтеуір, тәуір

Д) алайда, әлденеше

Е) әйтпегенде, әйткенде

11. Ағайын ... болса-ат көп, сөйлемді толықтырыңыз

А) алтау

В) жетеу

С) тату

Д) түзу

Е) күлу

12.Себеп-салдар салалас құрмаластың шылауын белгілеңіз

А) себебі,өйткені,сондықтан

В) аса,тым

С) әлде,немесе

Д) я, яки,болмаса

Е) да,де,та,те

13.Ертіс жағасында орналасқан қала

А) Астана

В) Ақтөбе

С) Семей

Д) Қызылорда

Е) шымент

14.Ортақ етіс жұқрнақтарын табыңыз

А)-ыс,-іс,-с

В)-ыл,-іл,-л

С)-дыр,-дір,-тыр

Д) -ын,-ін,-н

Е) -қыз,-кіз

15.Қысқарған сөздерді табыңыз

А) тау-тау

В) ұзын бойлы

С) Екібастұз

Д) ұжымшар

Е) қып-қызыл

16.Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген жыл

А) 1991

В) 1998

С) 1999

Д) 1997

Е) 1996

17.Қайталама қос сөзді табыңыз

А) көзбе-көз

В) асыра

С) өте үлкен

Д) сымбатты

Е) тәуір

18. Теміртау қай өзеннің бойында

А) Есіл

В) Ертіс

С) Жайық

Д) Нұра

Е) Балқаш

19. Шығыс Қазақстандағы қаланы табыңыз

А) Атырау

В) Ақтау

С) Талдықорған

Д) Ақтөбе

Е) Семей

20.Әулие ата деп қай қаланы атаған

А) Тараз

В) Семей

С) Қызылорда

Д) Шымкент

Е) Ақмола

21. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын табыңыз

А) үстеу

В) зат есім

С) еліктеуіш

Д) одағай

Е) сын есім

22. Сілтеу есімдігін табыңыз

А) сен

В) кім

С) өзі

Д) мен

Е) осы

23.Тұйық етістікті табыңыз

А) сүй

В) ойлау

С) көрген

Д) жоқтады

Е) тіле

24.Болжалдық сан есімді анықтаңыз

А) отыз шақты

В) бір жарым

С) он-оннан

Д) қырық

Е) сегізінші

25. Түбір сөзді көрсетіңіз

А) күз

В) ойлау

С) ойшыл

Д) білімді

Е) көну

2


© 2010-2022