Қазақ тілінен Тіл үйрену курстары тақырыбына сабақ жоспары. 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6 сынып 21.01.16.
Сабақ тақырыбы: Тіл үйрену курстары
Мақсаты: 1. Оқушыларға тілді үйрену курстары жайлы мәлімет бере отырып, тіл үйрену - заман талабы екендігі туралы ой - пікір қалыптастыру. 2. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай
білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере біледі. Көптік мағына білдіретін ажырата алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.
Әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, топтық жұмыс, бағалау.
Ресустар: интербелсенді тақта, түрлі түсті қағаздар, маркерлер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық, сәттілік тілеу.Бүгінгі сабақта сендерге жақсы көңіл, сәттілік тілеймін! Көңілдерің осы гүлдей жайнай берсін.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Тіл үйрену курстары». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: - Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек?
- Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін сабақтан басқа қайдан үйренуге болады? «Тіл үйрену курстарында».

1. «Кім тез» Сұрақ - жауап.
Тапсырмалар:
1) Сұрақтар:
- ҚР мемлекеттік тілді ата.
- Қай тілде сөйлей аласың?
- Көп тілді білу пайдалы ма?
-Зат есім дегеніміз не?
- Зат есім сұрақтарын ата.
- Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
-Қай сөздерге көптік жалғау жалғанбайды?
- Тілдер мерекесі қай күні?
2. Мәтінмен жұмыс
«Тіл үйрену курстары»
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
«Полиглот» деп ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады.

Мектептен тыс жерде тілді үйірмелерде, тіл үйрену курстарында үйренуге болады. Көп тіл білу - қазіргі заман талабы. Полиглоттар былай дейді: «Ең бастысы қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге керек.»

Қазақтар: "Өнер алды - қызыл тіл" - дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды. Тіл тағдыры - ел тағдыры деп санайды.
3) Мәтін бойынша тапсырма:
1 - топ Көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып,морфолгиялық талдау жасаңдар.
2 - топ Қанатты сөздерді анықтаңдар.
3 - топ Тәрбиелік мәні бар сөйлемді белгілеңдер.
4) «Даналық ағаш» оқыта үйрету.
Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқиды. Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
5) Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар.
• Көп тілді білу - _______ талабы
• Мен _______ сөйлеймін
• Өнер алды - _______
• Басқа пәле - _______
• Тіл - _______ жаны
(қазақша, қызыл тіл, заман, халықтың, тілден)
ІV. Қорытынды жасау.
V. Үй тапсырмасы:
1. Тіл туралы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер жаттау.
2. Мәтінді мазмұндау.
VІ. Бағалау



© 2010-2022