Ашық сабақ: Ш. Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»Ашық сабақ: Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»Ашық сабақ: Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»Ашық сабақ: Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»Ашық сабақ: Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Ақмаржан Сексенқызы Бақытова

Жаңаөзен қаласы

№18 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері»

Сабақтың мақсаты: Еңбектің мән-мазмұнын білу,Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану

Сілтеме: Оқулық,слайдтар, әдістемелік құралдар

Оқыту нәтижесі: Еңбекті оқиды, мән-мазмұнын түсінеді, талдау арқылы тұжырым жасайды.

Негізгі идеялар: Шоқан-заманының жан-жақты білімдар ғалымы.Халық- бай мәдениетттің иесі.

Тапсырма көздері: 1-тапсырма Ой қозғау.Тапсырма парақшалары.

2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.

2-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау.4-модуль.АКТ. 5-модуль.Талантты және дарынды балаларды анықтау.

1-топ Мәтінмен жұмыс.Жоңғария

2-топ.Мәтінмен жұмыс.Аңыздар

3-топ.Мәтінмен жұмыс.Манас

4-топ.Мәтінмен жұмыс.Құндылықтар

3-тапсырма.Талдау. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау. 5-модуль.Талантты және дарынды балаларды анықтау.7-модуль. Көшбасшылық. 6-модул.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

4-тапсырма.Драмалық қойылым. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау. 5-модуль.Талантты және дарынды балаларды анықтау.

5-тапсырма.Деректі фильм жасау.2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау

Кейінгі тапсырма.Мазмұнын оқу.

Бағалау: Оқуды бағалау,топты бағалау, ОүБ, кері байланыс.

Рефлексия Сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру. Сыныппен байланыс орнату. Амандасу.

-Сәлеметсіз бе, балалар

-Сәлеметсіз бе?

.........................................

-Қазақ халқында "Алынбайтын асу жоқ" -деген сөз бар, бәріңізге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Топқа бөлу.

№1 топ.

№2 топ.

№3 топ.

№4 топ.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Өткен тақырыпқа шолу.

-Өткен сабақта қандай тақырыпты сөз еттік?...

«Ыстықкөл күнделігі».Үйге тапсырманы балалар бір-біріне айтады, өздерін-өздері бағалайды

Шоқанның «Ыстықкөл күнделігі» туралы тест беріп,орындатып, өздеріне тексертіп бағалайды

Тест орындайды,өздерін бағалайды.

Тұсаукесер. Сабақ тақырыбын ашу.

-Сұрақ. Жоңғария туралы не білесіз?

-Жоңғария........

Қызығушылығын ояту. Қ.Мырзаәлі «Шоқанға»

Ескіліктің қалмаған есігінде,

Бір ғаламат қуат бар есіміңде,

Уақыт сені тұрса да алыстатып,

Ең жақын жан өзіңсің осы күнге....

Логикалық ойлауға жетелеу.

Қытай халқында «Қашан да түсіністік жасасың» деген аталы сөз бар

-Бұдан не түсіңесіз?

-Бір-бірін жақынырақ білу.

-Өзара түсінесе жүру

-Түсінісу арқылы ұту.

...............................................

Түсіндірме жалпылама сұрақтар.

-Очерк дегеніміз не?

-Кімдер очерк жазған?

-.....................

Негізгі бөлім.Түсіну үшін тапсырма.Төрт топқа тапсырма беремін:

1-топ.Мәтінмен жұмыс.Жоңғария

2-топ.Мәтінмен жұмыс.Аңыздар

3-топ.Мәтінмен жұмыс.Манас

4-топ.Мәтінмен жұмыс.Құндылықтар

Топтар тапсырмаларын постермен қорғап, тақырып тұжырымын ашады.

Жеке оқушымен жұмыс. Үзіндіден түсіп қалған сөздерді табу.

Сергіту сәті. «Қаражорға» биі.

4-тапсырма. «Жоңғария очерктері» бойынша деректі фильм жасау.

Қорытынды шығару. Д.Мәсімханұлы «Қытай туралы қырық сөз»

Шоқан Уәлиханов

Географ

Әдебиетші

Тарихшы

Дінтанушы,мәдениеттанушы, саясаттанушы......

Слайдқа қарап әңгімелеу.

Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу.

-Сонымен, бүгін қандай шығармамен таныстық?

- Шоқанның «Жоңғария очерктері» еңбегі.

-Балалар, бүгін не үйрендік?

-Жоңғария тарихын,мәдениетін,әдебиетін.Бүкіл дүниеге танымал «Манас» жырымен таныстық.Шежіре жөніндегі аңыздармен таныстық.Көшпелі халықтардың бай әдебиеті, мәдениеті болғандығын білдік.Шоқан ғылымға үлкен үлес қосқан біртуар азамат,әмбебап ғалым.

Рефлексия .Сұрақ-жауап

Оқушылар өз пікірлерін айтады.



© 2010-2022