Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Қалай оқу керектігін үйрену

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Отырар ауданы, Көксарай ауылы

М. Әуезов атындағы жалпы орта

мектебінің мұғалімі Әлшері Айнұр

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары




Тақырыбы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Қалай оқу керектігін үйрену

Мақсаты

Тәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.

Күтілетін

нәтижелер

Оқытуда қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын, мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге қандай көмек бере алатындығын білу.

Түйінді идея

Сыныпта оқытуда қандай негізгі кедергілер бар?

Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық»

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, желім мен қайшы, интербелсенді тақта,слайдтар

Коучингтің

өту барысы

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

(3 мин)

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Танысу. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді "Оқыту мен оқу үдерісіндегі диалогтік оқыту әдісінің қолданылуы" тақырыбындағы семинарда көріп отырғаныма қуаныштымын.


Қатысушылар өздерін таныстырады

Топтық ереже

(5 мин)

Ереже дегеніміз не? Ереже - құбылыстардың тұрақты қатынастарын немесе олардың белгілі бір заңдылықтарын көрсететін қағидалар; бір нәрсенің тәртібін анықтайтын жинақтар, белгілі бір қағидалар жиынтығы, нұсқаулар.

Қатысушыларға топтық ереже құрғызу

қатысушылар өздері топтық ереже құрайды.

Психологиялық жағымды ахуал орнату (10 мин)

1."Табыс қоржыны" жатығуы (5 мин)

Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін қалыптастыру.

Жаттығу барысы. Жүргізушінің сөзі: Әр мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай болмайды. Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз -тілегіңіз орындалады.

Топ бір-біріне қарама -қарсы екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.

Топтың мақсаты:

-қол, дене арқылы кедергі тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.

"-Жоқ! Жоқ!" деп хормен айтады.

Қатысушының міндеті:

-қатардағылардың арасымен өтіп кету;

келе жатып: "Иә! Иә"" деп жүреді және өз мақсатын салтанатпен алады.

Қуаныштан секіруі мүмкін.

Топ арасымен барлығы өтуі тиіс.

Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша жүреді:

-Жүру қиынға соқты ма?

-Не көмектесті, не кедергі жасады?

-Мақсатқа бару жолында әрқашан кедергі бола ма? Әдетте олармен не істейсіз?

-Не істеген жөн?

-Мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңуге даярсыз ба?

-Өз мақсатына жету үшін баса -көктеген дұрыс па?

Қане , мақсатқа қойылатын талаптарды бірге тұжырымдалық.

Мақсат нақты болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу адамның өзіне байланысты-мақсатты баяндауда өзге адамдар көрініс бермеуі тиіс, өйткені олардың өз мақсаты мен тілегі бар және олар басқа адамның тілегін орындауға міндетті емес.

Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі керек.

Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.

«мақсат» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)

Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?

Мұғалімдер өздеріңіз сабақ берудегі мақсаттарыңызды айтсаңыздар.

Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.



















































Сұрақтарға жауап береді.

«Мақсат» сөзіне ассоция құрады

Топтарға бөліну

(2 мин)

Коучке қатысушыларды пазл арқылы топқа бөлу.

Қатысушылар пазл арқылы асық, таудың тасы арқылы екі топқа бөлінеді.



Миға шабуыл

(10 мин)

Жаттығумен жұмыс «Сабақты жаттап айту - зиян»

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша әр топ өз ойларын жеткізеді

«Көбелек» сабағы

Оқытудағы бөгет болатын факторларды айқындап, қалай оқу керектігін үйрену жолдары туралы ой бөлісетін боламыз

«Көбелек» сабағы туралы ой бөліседі

Жаттығулар:

(25-30 мин)





Сергіту сәті

(5 мин)

Оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету үшін тыңдаушыларды топтарға бөліп, әр топқа төмендегі материалдарды бөліп беру

1.Қалай оқу керектігін үйрену 2. Оқушылардың табандылығын дамыту(Білім беру платформасын қараңыз). 3. Оқу бағдарламасындағы драма (Білім беру платформасын қараңыз). 4.Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар (Білім беру платформасын қараңыз). «Тұрақтылық» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).

Сергіту сәті. «Портрет»

Суреттен қанша сөз табасыз?

Қатысушылар жаттығу тапсырмасын орындайды

Қалай оқу керектігін үйрену неге соншалықты маңызды?



Топ жұптасады, қарама-қарсы отырып, бір-бірінің портретін салады

Суретке 1 минут назар аударады, есте қалғандарын жазады

Бағалау (1 мин)

Топ бір-бірін стикер арқылы бағалайды

(6 мин)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Қалай оқу керектігін үйрену

«5+5+1» әдісі 5 сөйлем, 5 сөз аласыз, түйінді бір сөз.

Рефлексия «Ойлаудың бес гүлі» стратегиясы

Түйінді сөзді оқиды.

Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.











Мақсатыңнан көзіңді алсаң, кедергілерді көре бастайсын

Алға ұмтылу - өмірдің мақсаты

Сабақтың мақсаты - қалай оқу керектігін үйрету. оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету

© 2010-2022