Ашық сабақ Қазақ елінің астаналары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің астаналары

Мақсаты: Оқушыларды астаналардың тарихымен таныстыру.

Міндеттері: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір -біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Жақсы тілек - жылы жүрек» (шаттық шеңбері), «Миға шабуыл» әдісі, т.б.

Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

  1. Балалар, сабағымызды бастамастан бұрын бәріміз «Жақсы тілек - жылы жүрек» атты шаттық шеңберіне тұрайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір- бірімізге тілнгімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! «Мен саған осы Астананың бойтұмары секілді бүгін биіктен көрінуіңе тілектеспін» т.б

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сандықшадан билет алғызып, балаларды 3 топқа бөліп отырғызу.

Өткен сабақта біз өздеріңмен Қазақстанның бас қаласы - Астана жайлы мәтін оқығанбыз. Үйде туған жер отан туралы мақал-мәтел жазып келуге берген болатынмын. Қане тексерейік. Сонымен қоса, грамматикалық тақырыбымыз - септіктерді де еске түсіре кетейік.

Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешіп алайық

Ашық сабақ Қазақ елінің астаналары

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы « Қазақ елінің астаналары» деп аталады.

Сабағымызды бастамас бұрын алдымызда жатқан таблицаны толтырып аламыз.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Осы схемаға сабақтың ортасында ораламыз.

Жаңа сөздермен жұмыс

Киелі-священный

Көрікті- красивый;

Ынтымақ-единение, согласие;

Тәуелсіз-независимый;

Сәуле-сияние;

Бақ-удача;

Ойын сауық орталығы-развлекателный центр;

Жаңа сөздермен жұмыс. Сөйлемдер, сөз тіркестерін құрату.

Кітаптарымыздың 77 бетіндегі «Елордасы елімнің мәтініне назар аударамыз»

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.

Тыңдалым

3 топқа мәтін беру. Астана қаласы туралы мәтін беру.

Жіктік, көпті

Алматы -өте әдемі қала. Қалада үлкен, зәулім үйлер өте көп. Алматы қаласының халқы милионнан асады. Алматыда әр алуан ұлттық мәдени орталықтар бар. Алматыда мемлекеттік мұражайлар көп. Сондай мұражайлардың бірі -1973 жылы құрылған археология мұражайы.

тәу

Қызылорда -республикадағы ірі қалалардың бірі. Ол -әкімшілік, мәдени және экономикалық орталық. Қызылорда ақ күріштің атасы- Ыбырай Жақыповтың Отаны-. Қызылорданың күміс күрішін, нан комбинаттарын, күріш тазалау барлық өңдеу зауыттарын ерекше атауға болады. Бүгінгі Қызылорда үлкен құрылыс алаңына айналды. Қызылорда - республикасындағы ірі қалаларының бірі.

Астана көркейіп күннен күнге дамып келеді. Қаламыз бұрын «Ақмола» деп аталған. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа ғимараттар, биік үйлер салынып жатыр. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар. Астана болашағы үлкен қала. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Бәйтерек еліміздің символы болып табылады. Оның ұзындығы 97 метр.

Жазылым

Мәтінде кездескен жалғаудың түрлерін дәптерлеріне жаздыру

3 топқа үш жалғау

Тәуелдік жіктік тәуелдік

Келесі тапсырма 3 деңгейді орындау. Мәтін бойынша хронологиялық кесте толтыру.

Жылдар

Болған оқиғалар

1920-1925

Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы-Орынбор

Балалар енді біз алдымыздағы кеспенің екінші бағанын толтырамыз. Біз Астана туралы не білдік.

Ой - толғаныс

Бес жолдық өлең құрастыру

Тақырып Астана

Сын есім- әдемі, сұлу

Етістік - тұрады, көркейеді

Сөйлем- Астана бас қала

Синоним - туған жер

Балалар енді сендер Астана қаламыз туралы тағы не білгілерің келеді. Соны үшінші бағанға жазып беріңдер.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де келіп жеттік.Бұл кезеңде біз «Сиқырлы сандық» көмегіне жүгінейік!

« Cиқырлы сандық» Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

  1. Астана қандай қала?

  2. Орынбор қаласында кімдер жұмыс істеген?

  1. Қаламызда қандай ұлт өкілдері тұрады?

  2. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша метр?

  1. «Астана-Бәйтерек» монументін салу идеясының авторы кім?

  2. Қызылорда қаласында не өндіріледі?

  3. Астанаға қандай тілек айтасың?

  4. Алматы қаласында 1973 жылы қандай мұражай құрылды?

  5. Астананың болашағын қалай елестетесің?

Рефлексия

Үй тапсырмасы : Астана арман қала тақырыбына шағын шығарма

Бағалау:


© 2010-2022