• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Мақсаты: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін жинақтау, тапсырмалар арқылы пысықтау. Міндеттері: А) Оқушылардың білімдерін тексеру, тақырыпты қаншалықты дәрежеде меңгергенін бақылау. Ә) Екеуара сөйлесуге, өз ойларын еркін

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Мақсаты: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін жинақтау, тапсырмалар арқылы пысықтау. Міндеттері: А) Оқушылардың білімдерін тексеру, тақырыпты қаншалықты дәрежеде меңгергенін бақылау. Ә) Екеуара сөйлесуге, өз ойларын еркін

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БіржікенА.О.

6 «А» сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін жинақтау, тапсырмалар арқылы пысықтау.

Міндеттері:

А) Оқушылардың білімдерін тексеру, тақырыпты қаншалықты дәрежеде меңгергенін бақылау.

Ә) Екеуара сөйлесуге, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, қиялын ұштату.

Б) Ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Бойларына адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Көрнекілік: интерактивті тақта, перфокарталар, кеспе қағаздар, флипчарт.

Әдісі: Сұрақ- жауап, топтастыру, қайталау, ойын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (Балалармен амандасу, сынып тазалығына назар аудару, сыныпты түгендеу).

2. Үй тапсырмасын сұрау.

А) Жұмбақтарды шешу, жауаптарын орыс тіліне аударту.

Ә) Ережелерді еске түсіру.

Б) Сабаққа деген психологиялық дайындық (Бір- біріне тілек айтқызу).

3. Жаңа сабақ.

І.Қызығушылықты ояту кезеңі:

1. Постер қорғау. (Алдымен балалар түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлінеді)

1- топ мектеп деген сөзге, 2- топ оқу құралдары деген сөзге постер жасап, оны қорғайды.

ІІ. Мағынаны тану:

2. Кеспе қағаздармен жұмыс.

- Балалар, сендер мектепте не істейсіңдер?

- Мектепте кітап оқимыз, сабақ айтамыз, мұғалімді тыңдаймыз, ойнаймыз, жазамыз т.б.

- Дұрыс, олай болса осы айтқан сөздеріңді етістіктің рай түрлеріне түрлендірейік.

Мысалдар Ашық рай Шартты рай Бұйрық рай Қалау рай

Оқу Оқып отыр Оқыса Оқы Оқығым келеді

Айту Айтып жатыр Айтса Айт Айтқым келеді

Жазу Жазып отырсың Жазса Жаз Жазғым келеді

Тыңдау Тыңдап отыр Тыңдаса Тыңда Тыңдағым келеді

Ойнау Ойнап жатыр Ойнаса Ойна Ойнағым келеді

3. Перфокарталармен жұмыс.

1- топ Септік жалғауларын жинастыру

2-топ Жалғау түрлерін топтастыру

Сергіту сәті. «Қызыл өрік» әніне билеу.

4. Мәтінмен жұмыс. (Топтық жұмыс)

1- жақта берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару. 1-топ 2- жақта баяндау, 2- топ 3- жақта баяндау.

5.Диалогтық оқыту.

1-топ. Мектеп тақырыбына

2- топ Сынып тақырыбына

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі:

6. Бес жолды өлең.

Қала

Әдемі қала

Қала көркейді

Мен қалаға бардым

Шаһар

Осы мысал үлгіге қарап отырып 1-топ мұғалім сөзіне, 2- топ оқушы сөзіне бес жолды өлең жазады.

7. «Өлең шығарып үйренейік!»

__________________мектебім

__________________ мен келдім

__________________ ұстазға

__________________ гүл бердім.

Сабақты қорыту. Диалог:

- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

- Сабақтың қай жері ұнады?

- Мектептерің сендерге ұнай ма?

- Саған қандай пән ұнайды?

- Сен партада кіммен отырасың?

- Бүгінгі ауа- райы қандай?

Үйге тапсырма: Ұйқас сөздер тауып келу.

Оқушыларды бағалау. Топ басшылары өз тобындағы балаларды бағалайды. Балалар алдарындағы стикерлерге смайликтердің суреттерін салып сабақтың ұнағанын немесе ұнамағанын көрсетеді.

2

© 2010-2022