Разработка урока Күмбірлеген сазды ауен

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күмбірлеген сазды әуен

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың жыл брйына алған білімдерін тексеру. Әсіресе етістік категорияларына баса қатты назар аудару.

  2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, мәнді сөйлем құра білуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын қадірлей білуге, елжандылыққа, отансуйгіштікке тәрбилеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

Домбыра туралы аңызды тыңдату.

  • Балалар, аңызда не туралы айтылған? Осы аңыз бойынша сұрақ қойып, жауап беріп көрейік. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінненетстіктерді теріп жазып , құрамына қарай талдау.

Болады - етістік, дара, негізгі, салт, болымды.

Өлтіреді- етістік, дара, негізгі, сабақты, болымды.

Босанады - етістік, дара, негізгі, сабақты, болымды

Қаратып іліп кетеді

Бастайды

Тыңдаса

Шығатынын түсінеді

Кеткен деседі

Енді, балалар, домбыраның құрылысымен таныс болайық.

  1. Басы - екі құлақ бекітілетін жері.

  2. Шайтан тиегі - екі ішек орналасатын жері.

  3. Мойны - перне байланатын бөлігі.

  4. Шанағы - дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі.

  5. Беті - шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері.

  6. Дыбыс ойығы - қақпақтың дөңгеленіп ойылған тесігі.

  7. Тиек - қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы ершік.

  8. Түймесі - шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.

  9. Екі құлақ - домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері.

Сауаттарын тексеру, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыс.

Енді, домбыраның құрылысын қалай есте сақтағандарыңды тексеру мақсатында мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау арқылы домбыраның макетін жасап шығарайық.

Домбыра - қағып-шегіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап.

Ол көбіне ағаштан тұтас ойылып жасалады.

Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді.

Ел арасында үш ішекті домбыралар да кезігеді.

Тірек сызбасы арқылы оқушылардың домбыра жайлы алған білімдерін текеру.

Енді осы екі сызбаны басшылыққа ала отырып, кім домбыра жайлы айтып бере алады?

Біз күй тыңдадық, домбыра туралы аңызбен , оның құрылысымен таныстық. Енді грамматикалық тақырыбымыз етістікті қайталауға көшейік. Дәптермен жұмыс.

Бос орындарға сәйкес тіркестерді қойыңыз.

Айтады, шертеді, билейді, киеді, тағады, тартады, салады.

Оқушылардың шапшаңдығын , сауаттылығын тексеретін жұмыс.

Сөйлемдерді өз орнына қойыңыз.

Қазақ халқының, аспабы, домбыра, ұлттық.

Туралы, халықта, аңыз, мынадай, ол, бар екен.

Іші, қуыс, жасалады, ағаштан, ол.

Жасау, домбыра, өнер, үлкен, қазір.

Балалар, шаршаған сияқтымыз, ә? Кәнекей, мен сендермен бір психологиялық тренинг өткізіп жіберейін. Қазір бір әдемі әуен қосылады. Әуен басталғаннан бастап сендер көздеріңді жұмасыңдар, ал мен мәтін оқи бастаймын. Сендерге тапсырма : мәтіннен естеріңде қалған рай категориялы етістіктердіәуен біткесін дәптерлерімізге жазып аламыз.

Ғалым болу - арманым

Ғалым болғым келеді

Жер байлығын ақтарған

Жалын болым келеді

Гүл жасайтын тастардан

Асқақтаған күй болып

Шалқып тұрғым келеді

Жарқыраған күн болып

Балқып тұрғым келеді

Артқа тастап ғасырды

Тасып кеткім келеді

Алатаудай асылды

Ашып кеткім келеді.

(Х. Талғаров)

Осы етістіктерді 3 райға қойып жазамыз.

  • Балалар, біз етістіктің тағы да қандай категориясымен таныстық? Етіс. Берілген етістерді тиісті ұяшықтарына бөліп топтастыр.

Жазыс, көтерт, шақырылды, көрінді, жаздыр, апарыс, әңгімелесті, сұранды, ойланды, оқылды, айтысты, тыңдалды, сақталды, жуынды, салғызды, босатқыз, жаттаттыр.

Сонымен, балалар, біз бүгін халық аспабы домбыра жайлы әңгімелестік. Домбараның сиқырлы үні тыңдарманның көңілін толқытады. Домбыра ғана халқымыздың жан сезімін еркін жеткізе алады. Сабағымызды Қадыр Мырза Әлидің мына өлең жолдарымен аяқтығым келеді:

Екі ішектің бірін қатты , бірін сәл-пәл кем бұра

Қазақ - нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ - домбыра.


  1. Бекіту

  2. Үйге тапсырма

  3. Бағалау

  4. Қорытынды


© 2010-2022