Менің жаңа форматтадағы педагог ретіндегі рефлекцияның ықпалы

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің жаңа форматтадағы педагог ретіндегі

рефлекцияның ықпалы


Молдажарова Мирамкул Турмаганбетова

Сырдария ауданы, Шаған ауылы

№37 орта мектептің

математика және информатика пәні мұғалімі


ХХІ ғасырға аяққа басқан бүгінгі Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғыртулар тұсында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін жақсы түсініп отыр.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім .....

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықтамалады. Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз»- делінген.

Заман талабына сай мектептерде білім мазмұнын оның құрылымдық жүйесін жақсарту - білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы заманғы білім берудің страгетегиялық мақсаты өз жауапкершілігі сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіби өсуіме ықпал етіп, ұжымдық іс - әрекетке бастауды, ол нысандардың толық орындалуына өзім бар білімін мен күшімді салудамын. Себебі, осы тың бастапма, тіпті жаңа проектінің алғашқы ұшқыны бола тұра, қайта дәстүрлі принциппен оқытуға раым бармайтыным қақ болды. Өйткені Елбасы бастамасымен көтерілген мұндай жаңа жобалардың барлығы Отанымыздың өркендеуі үшін қарастырған.

Сонымен қатар менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлекцияның ықпалы зор. Рефлексия - адамды, білім беру жүйесін дамыту шарттарының бірі. Сондықтан қазіргі таңда білім саласындағы көкейтесті мәселе. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлекция нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл жерде рефлексияның құрылымы бойынша кемшіліктерін қарап, әрмен қарай оны жеңуге тырысудамын. Мен өз тәжірибемде оқушыларды педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтижесінің дұрыс не бұрыс болғанын дәлелдеп, қолданылған. Әдіс - тәсілдердің тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарастарын, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін байқатамын. Кез - келген жұмысты бастамас бұрын жоспар құрып, рефлекцияның құрылымын жасауды еңбектенудемін.

Рефлексия - оқушыны өз - өзіне есеп беруге баулиды және білім алуға деген қызығушылығы артады. Сондай- ақ мен жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптастым.

Ақпарат пен күнделікті жұмыс жасап, шығармашылыққа деген ынта жігерім артты.

Сыни ойлауға жетелеп, өзіндік сынның қалыптасуы жоғары болды. Әрбір оқушының пікіріне құлақ түріп, білім алуға қызығушылығын артты. Мен оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс-тәсілдер барысында және іс - әрекеттің нәтижесінде байқадым. Бұл жұмыс түрі оқушының өз - өзіне деген сенімділігін, өз ісінен жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін - өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады және мектептің білім мазмұнының бір талабын оқып - үйренуді іс жүзінде асыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта өзімнің кәсіби өсуіме ықпал ету үшін үшін жасайтын жұмыстарым мына түрде жүргізіліп жатыр:

  • Рефлексияның құрылоымы бойынша әр жұмысымды талдау;

  • Әріптестермен тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарын жүргізудемін;

  • Әр тарау бойынша рефлексияның толықтырып, қорытындылау үстінде жұмыс жасаудамын;

Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.

ХХІ ғасырға аяқ басқан бүгінгі Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстар мен қоғамның жаңғыртулар тұсында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.


© 2010-2022