Мәнерлеп оқу сайысына сценарий. Тақырыбы Бәрінің бастауы - Махаббат

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Смирнов №3 орта мектебі



«Бәрінің бастауы - Махаббат »Мәнерлеп оқу сайысына сценарий. Тақырыбы Бәрінің бастауы - Махаббат

(мәнерлеп оқу сайысы)Мәнерлеп оқу сайысына сценарий. Тақырыбы Бәрінің бастауы - Махаббат





Мәнерлеп оқу сайысына сценарий. Тақырыбы Бәрінің бастауы - Махаббат















Дайындаған:

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Исмакова Ғалия Серікқызы



Мақсаты: оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу. «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу.
Көрнекіліктер: кештің тақырыбың ашатын плакаттар, нақыл сөздер.

Кештің барысы:
І жүрг:
Құрметті оқушылар, ұстаздар!

«Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені алсаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне» - дей отырып, Бүгінгі кешіміз «Бәрінің бастауы - Махаббат» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер !

ІІ жүрг:
«Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева айтқандай: «Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі - жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.»

І жүрг:
« Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланың жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және сүй, хақ жолы деп әділетті », -
деп Абай бабамыз жырлығындай, махаббат - өзін-өзі өзгелерді таңуға жетелейді.
ІІ жүрг:
Махаббат - өзгелерді сыйлауға негіз болады.

І жүрг:
Махаббат - ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді.

ІІ жүрг:
Махаббат - Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.

І жүрг:
Махаббат - табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.

ІІ жүрг:
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат.

І жүрг:
Өз кезендегі адам мен Алла арасындағы махаббат - имандылықтың, ер мен әйел махаббаты - отбасының, ұстаз бен шәкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен қатар, адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншелік сезімі де махабаттың бір көрінісі.

ІІ жүрг:
«Лашын құсқа - ауа қадірлі, жүйрік атқа - дала қадірлі, ата-анаға - бала қадірлі» - деген аталы сөзге құлақ түрсек, зарығып күткен перзенті дүниеге келгендегі әкенің жай - күйін Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдарынан көруге болады.
«Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шынымен өмірге келгенің бе?»

І жүрг:
Белгілі ағылшын ақыны Байрон: «Өзінің елің сүйе алмайтын адам ештенені сүйе алмайды» - деген екен.
«Туған жер, топырағыңнан айналайын,
Гүлінді және шыққан аймалайын.
Құшақтап көктемді гүлмен келген,
Жанымда нұрмен сыйлап жайланайын.
Ауаңа мөлдір, таза тыңығайын,
Қуат ап жүрегіңнен жылынайын,
О, туған жер! Топырағында қасиеттеп,
Тәжім қып, саған ғана сыйынайын! »

ІІ жүрг:
« Мен оның түнін сүйемін, күннің сүйем,
Ағында өзен, асқар тау, күннің сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүіп өтем », -
деп Мұқағали ақын жырлағандай, Отан - ол біздің кіндік қанымыз тамған жер, Отаның шексіз көрген әр адам ол үшін ерлікке де барады.

І жүрг:
« Сүйіспеншілік жүректен» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, сүйіспеншілік - екі адамның жаны мен рухына ортақ. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет.
«Махаббат - мөлдір әлем,
Теңесер кәне күш.
Махаббат - асыл армен мен,
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат - мұнға жат мекен,
Құдірет оны оның аты да.
Махаббат -ғажап ақбөкен,
Айрылып қалсан қапыда.»

ІІ жүрг:
Неміс ақыны Гете «Махаббатсыз тіршілікте мән жоқ» десе, Абай бабамыз «Махаббатсыз дүние - бос » - деген екен.

«Бәрінің бастауы - Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат,
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып нұр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы - мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы - Махаббат!

Бәрінің бастауы - Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жеке көру тілегім -
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегін.

Көктем кеп: «Өмір сүр…» дегенде,
Тербелдің Махаббат - кеменде.
Керілдің көк тіреп иыңың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы - Махаббат!»

ІІ жүрг:
Махаббат барлық адамгершілік бастауы болғандықтан, шындығында, жүрегі махаббатқа толы адамның ақылы да таяз бола алмайды. Себебі, махаббат адамды, коршаған ортаны сүйуге, танып-білмекке жетелейді.

І жүрг:
Барлықтарыңыздың жүректеріңізде ұялаған махаббат сезімі оттай лаулар, өшпей, ізгіліктін бастауы болсын!
ІІ жүрг:
Осымен «Бәрінің бастауы - Махаббат» атты кешіміз осымен аяқталды.



© 2010-2022