Двигателдердің механизмдері мен жүйелері

Двигателдердің механизмдері мен жүйелері   3.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге двигателдердің механизмдері мен жүйелері туралы мағлұмат беру. 3.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.     Двигательдердің жалпы құрылысы 2.     Іштей жанатын поршеньді двигательдің жалпы құрылысы 3.     Двигательдің жүйелері            Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады: кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 тарау. Іштен жану двигательдері


1 тақырып. Трактордар мен автомобилдердің агрегаттар мен деталдарының жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі.


1.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге трактордар мен автомобилдердің жалпы құрылысы және жұмыс імтеу тәртәбі туралы мағлұмат беру.

1.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Трактордың түрлері

  2. Тратордың жалпы құрылысы

  3. Тракторлардың модификациясы

  4. Автомобильдердің құрылысы мен түрленуі

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынадай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш бөлік, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған.

Двигательнегізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отыннан алынған жылу энергиясын траторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бірі электр қуатын, екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын және т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады.

Двигательден алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. Ол негізінен мынадай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан, трансмиссиясының көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді.

Құрылысына қарай трансмиссия да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б.

Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Троактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады.

Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруға арналған. Олар көбінесе иінді тұтқалар немесе гидравликалық механизмдерден құралады.

Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.

Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.

Автомобиль негізінен үш бөліктен тұрады. Олар кузов, двигатель және шасси.

Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтан да ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовына науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.

Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арнаған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін (көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыруға болып табылады. Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады. Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғылар болып табылады.

Трансмиссия - двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.

1.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тракторлар қандай қызмет атқарады?

  2. Тракторларды тарту күші бойынша қандай кластарға жіктейді?

  3. Тракторлардың жалпы құрылысын айтып беріңіз.

  4. Автомобильдер қандай қасиеттеріне байланысты түр-түрге бөлінеді?

  5. Автомобильдер қандай жұмыстарды атқаруға арналған?

1.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).






2 тақырып. Двигателдердің түрлері

2.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді двигательдердің түрлерімен таныстыру.

2.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Двигательдер туралы түсінік.

  2. Іштен жанатын двигательдің жұмыс принципі.

  3. Двигательдің негізгі түсініктері мен анықтамалары.

Двигатель деп энергияның кез-келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады. Олай болса двигательдер қолданатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері жылу, электр. Жел, су және т.с. түрлері.

Олардың ішінде көп қолданылатын түрі ол жылу двигателі. Себебі, одан басқа двигательдер энергия көзіне «байланып» тұрады да, оларды автомобиль сияқты қозғалатын машиналарға пайдалану мүмкін болмайды. Мысалы, электр двигателі энергия көзіне өткізгіштер арқылы жалғасады, ал ол өткізгіштердің ұзындығы шектеулі болғандықтан, ондай двигательмен жабдықталған автомобиль ұзаққа кете алмайды. Оның үстіне электр энергиясын жинайтын қазіргі аккумулятор сияқты қондырғылардың көлемі өте болып, машинаны пайдалануды қолайсыз жағдайға келтіреді.

Сол сияқты ауа ағыны - желді, немесе су ағанын пайдаланатын двигательдер де бір орында ғана жұмыс атқара алады. Оның үстіне олардың жасайтын энергия қуаттары шектеулі болады.

Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердің негізгісі - ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.

Сырттан жанатын двигательдердің оттық ошағы двигательден бөлек сыртта оттық ошағы двигательден бөлек сыртта орнатылады. Ол жерде жанған отынның жылуы басқа суды қыздырып, одан жоғары қысымдағы бу алады да двигательдің қозғалатын бөлігі - поршенін итеріп жұмыс істеп береді. Мұндай двигатель алғаш, «паровоздарда» қолданылған, ал автомобильдерде қолдау тапқан жоқ.

Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады. Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады. Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады. Газ қысымы арқылы қозғалатын басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық энергия түріне беріледі. Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де оны айнымалы қозғалысқа келтіреді.

Сонымен, көптеген түрлі двигательдердің ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.

2.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Двигательдердің қандай түрлері болады?

  2. Двигатель түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасаңыз?

  3. Автомобильдерде неге жылу двигательдерін қолданады?

  4. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің нендей артықшылықтары бар?

2.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


3 тақырып. Двигателдердің механизмдері мен жүйелері


3.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге двигателдердің механизмдері мен жүйелері туралы мағлұмат беру.

3.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Двигательдердің жалпы құрылысы

  2. Іштей жанатын поршеньді двигательдің жалпы құрылысы

  3. Двигательдің жүйелері

Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады: кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.

Кривошипті-шатунды механизм ілгері-кейінді бағыттағы түзу сызықты қозғалысты айнымалы қозғалысқа түрлендіру қызметін атқарады. Бұл механизм сақиналы поршеньдерден, подшипниктері бар шатун мен оның саусағынан, тірек подшипниктері бар иінді біліктен, бір блокқа біріктірілген цилиндрлер блогынан, цилиндрдің үстін жауып тұратын цилиндрлер басынан және маховиктен құралған.

Цилиндр ішінде бітегіш және май сыдырғыш сақиналары бар поршень ілгері-кейінді бағытта қозғалыс жасайды, ал цилиндрдің басында газ тарату механизмі орналасқан. Сол арқылы цилиндрдің поршеньмен шектелген көлемі сыртқы ауамен қатынас жасайды. Ол двигательдің жұмыс тәртібіне байланысты жабылады немесе ашылады.

Двигательдің жұмыс тактісіне байланысты цилиндрді ашып немсе жауып отыру қызметін газ тарату механизмі атқарады. Газ тарату механизмі клапандардан, жұдырықты біліктен және қозғалтқыш механизмнен құралады.

Жұдырықты білік жұмыс кезінде иінді білік арқылы қозғалыс алады да айналып тұрады.

Оның бойындағы жұдырықшалар, өзімен жанасып тұрған итергішті ілгері-кейінді қозғалысқа келтіреді. Ондай қозғалысты қозғалтқыш механизм клапандарға жеткізеді. Қозғалтқыш механизм итергіштен, штангадан, күйентеден құралады. Күйенте ортасы оське бекітілген екі иіннен тұрады. Күйенте иіндерінің бір жағы штангага, екінші жағы клапанға тіреледі.

Двигательдің қоректендіру жүйесі сору түтіктері жатады. Ауа тазартқыш двигатель ішіне сорылып ауаны шаңнан мұқият тазартады. Тазарған ауа сору түтіктері бойымен сору клапаны арқылы цилиндр ішіне кіреді. Кейбір двигательдерде сору тактісі кезінде ауаны қысым арқылы айдап өткізеді. Сол үшін арнаулы трубокомпрессорлы двигательдер деп атайды. Бұл кезде де ауа мұқият тазартылады.

3.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Іштей жанатын двигательдің жалпы құрылысын айтып беріңіз?

  2. Иінді-шатунды механизмі қандай қызмет атқарады?

  3. Тұтату жүйесі қандай двигательде қолданылады?

3.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


4 тақырып. Иінді-шатунды және газреттегіш механизмдері

4.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді иінді-шатунды және газреттегіш механизмдерімен таныстыру.

4.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Иінді-шатунды механизмнің құрылысы мен жұмысы

  2. Иінді-шатунды механизмнің қызметі

  3. Газ тарату механизмінің жұмысы

  4. Газ тарату механизмінің ақаулары

Иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын деп екі топқа жатқызуға болады. Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады. Сонымен двигательдердің иінді-шатунды механизмдері мынадай бөлшектер тобынан құралады: цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.

Осы көрсетілген бөлшектор тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады. Цилиндрлер тобы - поршеннің әрі-бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады. Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берік бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін анықтайды.

Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады. Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топқа бөлінеді. Олар клапындар тобы және оларға қозғалыс беретін жетек тобы.Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.

Олар көбінесе клапындардың орналасуына байланысты, жоғарғы және жандық газ тарату механизмдері болып бөлінеді.

Жұмыс кезінде трактор двигательдерінің газ тарату механизмін реттеп отыру қажет. Себебі тозу салдарынан ол механизмнің жұмысы нашарлайды. Егер клапын тарелкасы өте тозып кетсе, онда оларды шығарып алып, фаскасын қайтадан жонып, бұрынғы қалпына қайтадан келтіреді. Клапын саңылауын реттеумен қоса, декомпрессиялық механизмді де реттейді. Олүшін иінді білікті қозғамас бұрын декомпрессиялық мехнизмнің реттеуіш винтін тік қалыпқа келтіреді. Тексеретін клапындағы реттеуіш винтті оның басы білікке тірелгенше шығара бұрайды.

Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады.

Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде газ тарату фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.

Кейінгі кездерде газ тарату механизмін ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу қолданылып жүр.

Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның ершігінің және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының, штанга мен итергіш ұштығының,тірек втулкасы мен тартқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойвлуы. Бұл атаоған ақаулардан дүрсіл пайда болады,оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді.

4.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Иінді-шатунды механизмнің қызметін айтыңыз.

  2. Иінді-шатунды механизмнің қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер тобына қандай бөлшектер жатады?

  3. Газ тарататын механизм не үшін қолданылады?

  4. Газ тарату механизмінің қандай түрлері бар?

4.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


5 тақырып. Майлау және салқындату жүйелері


5.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді майлау және салқындату жүйелері

таныстыру

5.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Майлау жүйесінің қызметі

  2. Майлау жүйесінің жалпы құрылысы

  3. Суыту жүйесінің жұмыс істеу принципі

Двигателдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйвқтвқ үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырды бір- біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылу енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.

Қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады. Майлайтын сұйық картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі біа мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен үнемі бақылап отырады.

Двигатель жұмысы кезінде тазалығы төмендейді де сүзгіштердің жұмысын нашарлатады. Егер сүзгіштер өте ластанып кетсе, онда олар май жүйесіне қарай майды өткізбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда двигатель механизмдері құрғақ жұмыс істейді де, апатқа ұшырайды.

Суыту жүйесі қызыған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын двигательдерде артық жвлувн шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.

Сонымен сувту жүйесінің негізгі қызметі, ол двигательдің қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады, яғни двигательдің қызған бөлшектерінен сыртқа жылу тасмалдайтын қондырғы болуы қажет.

Ауамен салқындатылатын двигательдерде бөлшектердің қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауа үрлейді. Желдеткіш ротардан тұрадй, оның көп санды қалақшасымен қозғалмайтын бағыттаушысы бар. Желдеткіш ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты түрде реттейді.Осы мақсатта гидродинамикалық муфта қолданылады. Двигатель температурасы неғұрлым жоғары болса, гидромуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады. Тракторлар мен автомобильдердің двигательдерінде көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады.

Двигательдердің суыту жүйесі мынадай негізгі құрылғылардан тұрады: радиатор, желдеткіш, су насосы, термостат, су көйлегі, жалғастырғыш жеңшңлер және термомтр. Қыста суыту жүйесінде антифриз қолдану керек. Су құйылған двигательдерде жұмыс біткеннен кейін суды төгіп тастау керек. Егер оны төкпесе, цилиндрлер блогы, радиатор, түтікшелер жарылып кетуі мүмкін.

5.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Суыту жүйесі қандай қызмет атқарады?

  2. Ауамен суыту жүйесі қалай жұмыс істейді?

  3. Қысыммен майланатын бөлшектерді атаңыз.

  4. Катерді не үшін желдетеді?

  5. Май радиаторы қандай қызмет атқарады?

5.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


6 тақырып. Карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесі.


6.1 Дәрістің мақсаты: Студенттерді карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесімен таныстыру.

6.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Карбюраторлы дизелді двигателдің қоеректендіру жүйесі

  2. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы

  3. Экономайзердің жұмыс істеу принципі

Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы, двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс.

Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.

Крбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газы сыртқа шығаратын бөліктер.

Карбюраторлы двигательдерде жанармай үшін көбінесе мұнайдан алынған ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Ауа мен жанар майды араластыру процесін «карбюрациялық» процес деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал карбюратор болып табылады.

Карбюраторлы двигательдердің жұмыс кезінде негізгі ақуларының біріне детонация құбылысын жатқызуға болады. Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация деп атайды.

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне , дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.

Дизельді двигательдердің тағы бір ерекшелігі , жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады, Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді.

Сору помпасы арқылы насосқа жеткізілетін жанармай мөлшері автоматты түрде өзгереді. Сору помпасының қалыпты өнімділігі - 1,5 л/мин, жанармай жеткізу қысымы - 0,15 МПа.

Дизельді двигательдердегі негігі құралға жоғарғы қысымды насос пен форсунка жатады.

Дизельді двигательдерде жанар май мөлшерін өзгерту арқылы жану қоспасының сапасын өзгертуді, арнаулы реттегіш арқылы іске асырады, яғни автомобильді жүргізуші тікелей жанармай насосына әсер етпей, реттегіш арқылы жанар майды мөлшерлеп отырады.Қоректендіру жүйесінің ең жиі кездесетін ақаулары: дизель двигательдерінің жанармай жүйесіне ауа неуі; жанармай өткізгіштердің және сүзгілердің ластануы; құрамы сәйкес келмейтін жанғыш қоспа түзілуі; жанармайдың форсункамен тозаңдану кезінде сапасы бұзылуы және жоғары қысымды насоста жанармай берілудің басталу бұрышының өзгеруі. Мұндай ақаулар болған жағдайда двигатель от алмайды, толық қуатын үдете алмай үзіліспен жұмыс істейді, түтіндеп немесе кенеттен тоқтап қалады.

6.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі қандай қызмет атқарады?

  2. Қарапайым қоректену жүйесі қалай құрылған?

  3. Бензин насосының жұмысын түсіндіріңіз?

  4. Экономайзер қалай жұмыс атқарады?

6.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).

7 тақырып. Қоректендіру және қосу жүйелері


7.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге қоректендіру және қосу жүйелерін түсіндіру.

7.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Қоректену жүйесі туралы жалпы түсінік

  2. Қосу жүйесінің құрылысы

  3. Қосу жүйесінің жұмыс істеу принципі

Қазіргі автомобиль двигательдерінде қосымша электр двигателін қолданады. Сол электр двигателін стартер деп атайды және оны аккомуляторлық батареяда бұрын жинап алған электр энергиясының көмегімен іске қосылады.

Стартермен двигательді іске қосу жүйесінің нгегізгі бөліктері: аккумуляторлық батарея, стартер, алыстан іске қосқыш. Осылардың әр қайсысы белгілі бір қызметті іске асырады. Аккумуляторлық батарея, двигатель жұмыс істеп тұрған кезде, генератордан электр энергиясын жинап алады да, іске қосқан кезде оны стартерді айналдыруға жұмсайды. Алыстан іске қосқыш, стартерді аккумуляторға тізбектеп қосу қызметін атқарады және оны автомобиль жүргізушісі алыста отырып, кілт арқылы іске қоса алады. Механикалық іске қосқыш стартердің білігі мен иінді біліктің артында бекітілген маховикті тісті беріліс арқылы жалғастырады. Ал стартер, аккумулятордағы электр энергиясының механикалық эгнергиясын айналдырады.

Негізгі двигатель оталғаннан кейін оталдырғыш двигательді тез ажыратпаса, онда оның айналыс жылдамдығы шектен тыс көбейеді де , оны істен шығарады. Осындай болмас үшін еркін жүріс муфтасы қойылған, яғни сол муфтаның көмегімен айналыс тек оталдырғыш двигательден негізгі двигательге ғана беріледі де керісінше берілмейді. Негізгі двигатель оталғаннан кейін ажыратқыш механизмнің ілмекті жүктері орталықтан сыртқа тебетін күштің әсерінен ұстағыш втулкадан шығып кетедіде, серіппенің көмегімен кері итеріледі. Онымен бірге қосқыш шестерня да кері кетеді. Сөйтіп оталдырғыш жүйе негізгі двигательден мүлде ажырайды.

7.3Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Қазіргі автомобильдерде қандай двигательдер қолданылады?

  2. Стартер деген не?

7.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).




2 тарау. Трансмиссия и ходовая часть

8 тақырып. Тракторлар мен автомобилдердің трансмиссиясы.


8.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге тракторлар мен автомобилдердің трансмиссиясының жұмысымен таныстыру

8.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Трансмиссия қызметі мен түрлері

  2. Автомобиль трасмиссиясы

  3. Механикалық трасмиссияның жалпы құрылысы

  4. Трактор трансмисиясының ерекшелігі

Двигательден алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. Ол негізінен мынадай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан, трансмиссиясының көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді.

Құрылысына қарай трансмиссия да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б.

Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Троактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады.

Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу болып табылады.

Автомобильдің жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу немесе оданда көп болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші дөңгелектерге айралдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осылпрға қосымша, автомобиль орнында тұрғанда оталып тұрған двигательден трансмиссия ажырап, дөңгелектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трансмиссия двигательге тұрақты жалғынып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.

Сонымен, автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны двигательге баптап қосу мен ажырату қызметін атқарады.

Механикалық трансмиссия трактор түріне қарай әртүрлі кинематикалық схемамен жасалған. Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Берілісжылдамдығын сатылы және сатысыз өзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік жағдайда мынадай механизмдер мен тораптардан құралады: ажыратқыш муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер, жүргізгіш белдіктер.Тракторлардың кейбір түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған өзгешелі болады. Атап айтқанда, ДТ- 75 тракторында айналдырғыш моменті арттырғыш қондырғы болмайды, ал К- 701 тракторында ажыратқыш муфта болмайды да, оның қызметін беріліс қорабы атқарады. Т- 150 тракторында басқару механизмінің қызметін екі ағынды беріліс қорабы атқарады.

8.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Трансмиссия қандай қызмет атқарады?

  2. Трансмиссияның қандай түрлері болады және олардың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері болады?

  3. Электромеханикалық трансмиссия қалай құрылған және қалай жұмыс атқарады?

8.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


9 тақырып. Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме


9.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеменің қызметімен таныстыру

9.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Карданды берілістер

  2. Жүргізгіш белдеме

Карданды берілістердің негізгі қызметі өсьтері бар түзудің бойында жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу болып табылады. Автомобильдерде ондай өте көп болады. Мысалы беріліс беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты берілістен жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін карданды берілістер қолданылады. Себебі олардың біліктерінің осьтері әртүрлі деңгейде орналасқан. Айталық беріліс қорабы автомобильдің кузовына немесе рамасына бекітіледі, ал басты беріліс жетектеуші дөңгелек белдемесіне орналасады. Кузов немесе рама жектекші белдемелерден аспасының есебінен үнемі өзгеріп отырады. Сол сияқты жетекші дөңгелек пен кузовтың аралары жол бедеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Ендеше осындай тораптарды бір-бірімен тура білік арқылы жалғастыру мүммкін емес.

Трактордың жүргізгіш белдемесі деп жетекші дөңгелектер орналасқан өсін айтады. Дөңгелекті тракторлардың түрлеріне қарай алдыңғы және артқы өсьтері де жүргізгіш белдемеден құралуы мүмкін. Ондай тракторларды өтімділігі жоғары тракторлар деп атайды. Ал өтімділігі қарапайым тракторларда тек артқы осьтері не бір ғана жүргізгіш белдеме қойылады.

Дөңгелекті тракторлардың жүргізгіш белдемесінде мынандай механизмдер орналасады: орталық беріліс, дифференциал, соңғы беріліс. Орталық берілістің негізгі қызметі беріліс қорабынан келген айналдыру моментін тағы да күшейтеді де оны тік бағытқа бұрады. Осы көрсетілген қызметтерді атқару үшін орталық біріліс құрылысына конусты шестернялық беріліс қолданылады. Жетектеуші және жетектелуші конусты шестернялардың тіс сандарының моментінің шамасы өзгереді.

Жетектеуші көнустық шестерняның тіс саны аз болады да, көбінесе беріліс қорабының екінші білігімен бірге жасалады. Мұндай жағдай жартылай рамалы дөңгелекті тракторларда немесе шынжыр табанды тракторларда болады. Ал рамалы дөңгелекті тракторларда жетектеуші конустық шестернялар өзінше бөлек білікте жасалады да, карданды біліктер арқылы беріліс қорабымен жалғасады.

9.3Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Басты беріліс қандай қызмет атқарады?

  2. Қосарланған басты берілістер қандай автомобильдерде қолданылады?

  3. Трактор белдемелерінде қандай механизмдер орнатылады?

  4. Кәдімгі дифференциалдың кемшілігі қалай жоюға болады?

9.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).

10 тақырып. Басқару жүйесі


10.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге басқару жүйесі қызметімен таныстыру.

10.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Автомобильдің басқару жүйесі

  2. Басқару жүйесінің жалпы құрылысы

  3. Рульдік трапеция

Басқару жүйесі автомобильдің жүріс бағытын басқаруға арналған торап. Ол автомобильдің негізгі жауапты тораптарының қатарына жатады. Себебі осы басқару жүйесі автомобильдің жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін торап. Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне өте қатал талаптар қойылады. Сондай талаптардың ішіндегі ең негізгілеріне мынандай екі т.рлі талапты жатқызцға болады. Оның біріншісі - жүргізуші рульді басқару механизмімен бұрған кезде автомобиль белгіленген қисық сызықты траекториямен бұлжымай жүруі керек. Ал екіншісі - жүргізуші рульдік басқару механизміне әсер етпеген кезде автомобиль түзу сызықты бағытынан өздігінен өзгермей жүріп отыруға тиіс. Осы қойылған талаптың біріншісі рульдік бұру механизмінің қасиеті мен кинематикасына байланысты болса, екіншісі ьасқару дөңгелектерінің орналасу геометриясына тәуелді болады.

Басқару жүйесіне рульдік басқару механизмі, басқару дөңгелектері және осы екі тораптардың аралығындағы жетек құралдары жатады.

Ол негізгі мынадай тораптар мен бөлшектерден тұрады құралған: руьдік механизм, рульдік тұтқа дөңгелегі, рульдік құлақша, ұзындық тартқыш,рульдік трапецияның көлденең және жандық тартқыш, бұрылғыш жұдырықшы мен оны тартқыш. Бұрылғыш жұдырықшада басқару дөңгелегі ішкі және сыртқы подшипниктер арқылы бекітіледі, ал жұдырықшаның өзі топса арқылы басқару белдемесінде орналасады. Соның салдарынан, лөңгелек бұрылғыш жұдылықша арқылы әртүрлі бұрышқа бұрыла алады.

Осындай басқару жүйесі мына ретпен жұмыс атқарады. Жүргізузі автомобильді бұратын бағытқа қарай рульдік дөңгелек тұтқаны бұрайды. Сол кезде рульдік механизм арқылы рульдік құлақша бұрылады. Оның бұрылуы ұзындық тартқыш арқылы бұрылғыш жұдырықшаны бақару дөңгелегімен қоса тиісті жағына бырады. Сол жақтағы дөңгелектің бұрылуы рульдік трапеция тартқыш арқылы оң жақтағы дөңгелекті бырады. Сөйтіп басқару дөңгелектерінің жүріс бағытын өзгерткендіктен, онымен автомобильдің де жүріс бағыты өзгереді.

10.3Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Басқару жүйесінің қызметі мен оған қойылатын талаптарды түсіндіріңіз?

  2. Басқару жүйесінің жалпы құрылысы қандай?

  3. Рульдік трапеция қандай қызмет атқарады?

  4. Басқару дөңгелектерін қалай тұрақтандырады?

10.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).


11 тақырып. Тежегіш жүйесі


11.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге тежегіш жүйесі қызметімен таныстыру

11.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Автомобильді тежеу процесі

  2. Тежеудің түрлері

  3. Негізгі гидроцилиндірдің қызметі

Автомобильдің тежеу жүйесі, басқару жүйесі сияқты, негізгі бір жүйелердің қатарына жатады. Себебі автомобильдің жүріс қауіпсіздігі, динамикалық сипаттамасы т.с.с. көптеген көрсеткіштері осы тежеу жүйесінің қызметіне көп байланысты. Жалпы автомобильді тежеу дегеніміз оның массасының кинетиклық энергиясын тежеу түріне қарай азайту немесе мүлде жою болып табылады. Ал автомобильдерді тежеудің екі түрі болады: бірі қызметтік тежеу, екіншісі авариялық тежеу.

Автомобильді қызметтік тежеу кезінде оның жүріс жылдамдығы белгілі бір шамаға дейін азайтылады, ал авариядық тежеу кезінде автомобильдің жүріс жылдамдығы нольге дейін жеткізіп, оны тоқтатады. Қызметтік тежеу кезінде тежеу жүйесінен басқа двигательдің де кедергісін пайдалануға болады. Оны двигательмен тежеу деп атайды. Ол кезде жүріс жылдамдығының төмендеуі өте баяу болады. Ал авариялық тежеу үшін тек қана тежегіш жүйені пайдаланады.

Тежегіш жүйенің құрылысы негізінен екі топқа бөлінеді: 1) тежегіш торап, 2) оның жетегі. Тежегіш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискілі болып екәге бөлінеді, ал жетекші торабының құрылыстарына қарай гидравликалвқ немесе пневматикалық жетек болып бөлінеді.

Гидравликалық жетегі бар колодкалы тежеу механизмінің құрылысы. Мұндай жүйе автомобильдердің әрбір жүріс дөңгелектерінде қойылған колодкалы тежегіш қондырғылар мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргізуші педалінен, басты гидроцилиндрден, таратқыштан, вакуумдық күшейткіштен және кері клапаннан құралады.

11.3Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Автомобильді тежеу процесі деп қандай процесті айтады?

  2. Автомобильді тежеудің қандай түрлері бар?

  3. Гидравликалық жетегі бар тежегіш жүйесінің жалпы құрылысы мен жұмысын түсіндіріңіз.

11.4Әдебиеттер:

  1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

  2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).





© 2010-2022