Мақал-мәтел ҚМЖ 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақал-мәтел ҚМЖ 9 сыныпМақал-мәтел ҚМЖ 9 сыныпМақал-мәтел ҚМЖ 9 сыныпМақал-мәтел ҚМЖ 9 сыныпҚысқа мерзімді жоспар

І тоқсан

10.09.2014ж

45 минут

Пәні: Әдебиет

9а-сынып

Сабақтың тақырыбы

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

Сілтеме

Т. Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев.Қазақ әдебиеті. 9-сынып "Мектеп"баспасы 2009 жыл. Мақал-мәтелдер жинағы.

Сабақтың мақсаты

1. Оқушыларға мақал- мәтелдер мен жұмбақтар туралы ақпарат беру.

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту және сөйлеу қабілеттері мен
қазақ халқының мақалдарынан үлгі-өнеге алуға баулу, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін ояту.
3. Топта бірігіп жұмыс жасай алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

1.Оқушылар мақал- мәтелдер мен жұмбақтар туралы білетін болады.

2. Оқушылар сөздік қорын байыта отырып, сөйлеу қабілеттері мен
қазақ халқының мақалдарынан үлгі-өнеге алуды үйренеді. Сөз өнеріне сүйіспеншіліктері артады.
3. Топта бірігіп жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар

Оқушылар тұрмыс-салт жырлары туралы танысады. Бата-тілектердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіне отырып,қазақтың тұрмыс-салт дәстүрін дәріптеуге қалыптасады.

Сабақтың әдіс - тәсілдері:

Топқа бөлу

Миға шабуыл

Топтық жұмыс

Тапсырмалар

Жеке жұмыс "Деңгейлік тапсырма"( Блум таксономиясы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі(3 минут)

Оқушыларды топқа бөлу.(3 мин)

Мақал-мәтелдер жазылған қағаз қиындыларын құрастыру арқылы оқушылар 4топқа топтастырылады.

Миға шабуыл. (5мин)

1. Мақалдар бүгінгі күнге дейін қалай жеткен?
2. Мақалдар несімен ерекшеленеді?
3. Мақалдар қандай тақырыптарға бөлінеді?
4. Мақалдарда қандай ой айтылады?
5. Мақал-мәтелдер қанша сөйлемнен құрылады?

Оқушылар берген жауаптарына қарай бармақпен бағаланады.

Топтық жұмыс. (15 мин)

Әр топтағы оқушылар рөлдерге бөлінеді. ( Бақылаушы -2, уақыт сақшысы, хатшы-2, баяндамашы, көшбасшы анықтап алады)

1-топ. Мақал-мәтелдер мен бата-тілектердің әлеуметтік мәнін ашып талдаңдар.

2-топ. Мақал мен мәтелдің өзара айырмашылығын таба отырып, мысалдар келтіру.

3-топ. Жұмбақ адам баласының ой-өрісі туралы түсінік беру.

Топта талқылау- 10 мин

Постер дайындау - 5 мин

Топ баяндамашыларының қорғауына 8 минут

Топтардың өзара бағалауы .( 3 мин).

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма» (Блум таксономиясы) 8минут

Деңгей

Сұрақтар

Оқушы жауабы

Білу

Мақал-мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?


Түсіну

Мақал-мәтелдерді іздене отырып, тақырыптарын айқындау.

Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1.Талапты ерге нұр жауар.

1.

2.

2.Өнер-білім

3.Денсаулық -зор байлық

3.

4.

4.Еңбек

5.Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

5.

Қолдану

Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктерін айтыңыз.


Талдау

Мақал мен мәтелдің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыр.

Мақал

Ортақ белгісі

Мәтел


Жинақтау

Жұмбақ туралы ойыңды жинақта


Жұмбақ


Бағалау

Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, «Өнер алды-қызыл тіл» деген тақырыпта ойтолғау жаз.

Мақал-мәтел ҚМЖ 9 сынып

Мақал-мәтел ҚМЖ 9 сынып

=>

Тапсырма тексеріліп, жауабы екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады.

Кері байланыс "Екі түрлі түсініктеме" (2 минут)

Оқушыларға парақтар парақтар таратылып беріледі.

Не ұнады?

Несімен ұнады?

Не қиын болды?

Қиындықты қалай еңсердім?






Үйге тапсырма: Мақал-мәтелдердің тақырыптарына талдау жасап, әрқайсысына мысалдар келтіре жазып келу.



© 2010-2022