Алтын күз сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Алтын күз
Сабақтың мақсаты : Білімділік . Жаңа тақырыпты толық меңгерту. Күз айларын дұрыс айтуға, жаңа тақырыпты жүйелі баяндау. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырту.
Дамытушылық. Тапсырмалар жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың тілін, ойын белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік .Шыдамды болуға, бауырмалдыққа, ел намысын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер : Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Пәнаралық байланыс : Орыс тілі.


Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
Оларды атап шық?
Жаз айларын ата?
Жазда оқушылар не істейді?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қазір қай ай?.
II.Өткен сабақты қайталау:
1.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін, байқау, анықтау.
3.Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
4.Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
III.Жаңа түсінікті қалыптастыру.
1) - Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта «Алтын күз» деген тақырыпты өтеміз.
2) Алтын күз туралы кіріспе сөз.
3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу.Есте сақтауларын қадағалау.
Қаптау- скучиваться, собираться
Топ-топ - группой
Ерекше - особенный
Егін даласы - посевное поле
Қайнау- кипящий
Үздіксіз- непрерывно
1. Сөздіктерді мұғалім оқиды.
2. Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
3. Оқушылардың өздері оқиды.
Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
1-тапсырма. Суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып күз туралы әңгімелестіру.
Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады.Жиі-жиі жауын жауады.Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр.Олардың түстері әр түрлі: сары, қызыл, жасыл.Олар жерге жайылған өрнекке ұқсайды.Құстар топ-топ болып, жылы жаққа ұшты.Адамдар да жылы киіне бастады.Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше.Егін даласында- қайнаған қызу еңбек.Комбайн мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.
2-тапсырма.Сызба бойынша күз туралы әңгіме құрастырыңдар.


Күз айлары

Жаңбыр

Суық жел

молшылық

Жеміс, жидек,
көкөніс

Күз

Ауа райы




IV.Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1.Күз айларында неше ай бар?
2.Неліктен алтын күз деп атайды?
3.Фонетика дегеніміз не?
4.Дауыссыз дыбыстарды ата?
5. Қатаң дауыссыздарды ата?
6.Үнді дауыссыздарды ата?
7.Ұяң дауыссыздарды ата?

V. Сабақты қорыту.
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отырып, дағдыға айналдыру.Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.
VI.Үй тапсырмасын беру.
1-тапсырма .Ережелерді қайталау.
VII.Бағалау.
Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.









© 2010-2022