Қазақ тілі сабақта қолданылатын дидактикалық ойындар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабақта қолданылатын дидактикалық ойындар« Қазақ тілі сабағында

қолданылатын дидактикалық ойындар».

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы мақсат - оқушыларға тіл үйрету, яғни қазақ тілнде біршама сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

Орыс мектептерінің кластарына арналған дидактикалық материалдар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, талабына сай қолданылады.

Дидактикалық материалдардың, оның ішінде дидакти-калық ойындардың мақсаты - оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйретуде, сөздік қорын байытуда. Бір жағынан олар мұғалімге де тиімді көмек көрсетуде. Өйткені балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Әрине, дидакти-калық ойындар пәнаралық байланыста болып, оқушылардың ойлау қызметін дамыту, өздігінен жұмыс істеудағдысын қалыптастыру, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелейді.

Есте сақтауды жеңілдету мақсатында /тез жаттап алу үшін/ әр түрлі ойын түрлерін пайдалануға болады. Бірақ олар-дың сабаққа үйлсімді түрлерін ғана қолдану қажет. Оқушы-лардың есіту қабілетін, ойлау әрекетін дамыту мақсатында «Доп» ойынын пайдаланған жөн. Допты әр оқушыға лақтыру арқылы білетін сөздерін тез айтқызу керек. Сол сияқты оқушылардың өздеріне «Ұшты, ұшты» ойынын ойнату, қолдан жасалған «Теледидар» арқылы сөздерді тез айтуға дағдыландыру, «Базарға бару», «Хайуанаттар паркіне бару», «Дүкенге бару» ойындарын жүргізу арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, «Сиқырла дорба» немесе «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы /ішінде суреттер мен ойыншықтар бар/ 2-3 сөзден тұратын қысқа сөйлемдер құрату. «Телефон» ойыны арқылы бір-бірімен қазақша сөйлету, сөздік қорын байыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ұлттық киім үлгілерін атай отырып, олардың түр-түрімен, жыл мезгіліне қарай қолданылу ерек-шелігімен таныстырудың да тәрбиелік, танымдық мәні бар.

Оқушылардың қазақ тілі сабағына қызығушылығын ояту үшін түрлі ойындар, жаңылтпаштар, сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар, криптограммалар, анаграммалар, чайнвордтар.

Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі соғұрлым кеңейе бермек. Оқушылардың ауызекі тілін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге арналған күрделі емес жұмбақтар мен ойындар оқу процесінде 10-15 минут уақыт ішінде қолдануға ыңғайлы. Осы жұмбақтар мен ойын-дардың алуан түрлерін сабақта қолданған кезде, сөздердің орысша-қазақша баламасын игеруде көп нәтиже береді.

Мемлекеттік тіл болуына байланысты сабақты түрлен-діру мақсатында әр түрлі ойын элементтерін жиі қолданамын. Ойындардың тақырыптары әр түрлі; ұлттық тағамдар, өнері, ойындар, мәдениеті, ұлттық аспаптары және тағы басқалары.

Жұмбақ дегеніміз не, оны қалай құрастыруға болады? С.И.Ожеговтың сөздігінде (1983, 195 б.) былай делінген: «Жұмбақ - шешуді қажет ететін бейне». Сөз жұмбақ үздіксіз ізденуді, талаптануды, ойлануды, жан-жақты білімділікті қажет етеді.

Мен, мысалы сабақта тағы «Лото» деген ойынды өткіземін. Бұны, әсіресе, сабақты қорытындылау кезде немесе ашық тестің орнына қолдануға болады.

«Қырым орта мектебі» ММ

Баяндаманың тақырыбы:





Дайындалған: қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі - Тауқанова Сұлушаш Сайымқызы.

2009-2010 оқу жылы.

© 2010-2022