Урок казахского языка в русских школах Менің Отаным - Қазақстан

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

З.С.Карина,

орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектебі, Балқаш қаласы,Қарағанды облысы

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: тақырыпты толық аша білу. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.

  2. Дамытушылық: ойын дамыту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, үнтаспа, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, тақырып бойынша шағын ойтолғау.

Сабақтың түрі: сайыс - сабақ

Пәнаралық байланыс: тарихпен, сурет сабағымен, әдебиетпен

Бұл сайыс бір сынып ішіндегі екі топ оқушылары арасында өтеді:

  • Оқушылар, қандай мейрам жақындап келеді? (16 желтоқсан)

  • Ендеше осы мейрамға қарсы сендер өз білімдеріңді бәйгеге қосыңдар.

  • Осы сайыс сабағына қазылар алқасын сайлаймыз.

  • Ал енді «Кел танысайық!» іскерлік ойыны. Топ мүшелері өздерін таныстырып аттарын бәйгеге қосады.

1. Команданың аты:

1 топ. Қыран

2 топ. Болашақ

2. Команданың ұраны:

1. «Сайыста, ізденуден жалықпа.

Содан кейін қыран болып қалықта!».

2. «Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында».

3. Өздерің таныстыру;

-Балалар, бәйге басталды. Өз туған жеріміз туралы білетінімізді ортаға салайық.

I тапсырма. Оқулықтағы мәтінді әңгімелеу (міндетті деңгей)

II тапсырма. Өзара сөйлесу (мүмкіндік деңгей)

  • Қазақта «Ат шаппайды, бап шабады» дейді, ендеше білімдеріңмен шабысты үдете түсейік:

I топ. Фонетикалық талдау: еңбегін

II топ. Фонетикалық талдау: аймақта

- Қазылар алқасы қай топ алда келе жатыр?

- Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін суретшілердің тілі - бояу, музыкаттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз (бейнетаспаны қосып, өлең оқимын), (оқушылар әр топтан өлең оқиды)

  • Қазыларға сөз беріледі:

- Ал енді сайысымыздың келесі түрі

I топ: жер деген сөзді тәуелде.

II топ: ел деген сөзді тәуелде.

  • Бәйгенің алдында қай топ келе жатқанын біліп қояйық.

- Біз қазір Отан туралы мақал - мәтелдер айтып жарысамыз

Мұны ермек демейік,

Мықтап көңіл бөлейік.

Үлкен - кіші қуанар,

Мақал айтып берейік.

- Енді мәреге жақындап қалдық, аттың басын жіретін мезгіл келді, мен сендерге сөздерді түбір күйінде айтамын, ал сендер сол сөзге көптік жалғауларын жалғау керек. Ол үшін әр топтан бір - бір баладан кезек - кезекпен тақтаға шығып айтылған сөздерге тиісті көптік жалғауды дұрыс жалғап жазуларын керек.

Отан, халық, көмір, мақта, алтын, мыс, күріш, көл, өзен, аумақ, ұлт.

- Қазылар алқасына сөз берейік.

Суреттер сөйлейді (Әр топ туған жер тақырыбына бір сурет дайындап келу керек болатын, оны қорғау керек).

- Мәре сызығын сызар кезде шабысты үдете түсіңдер, ол үшін сұрақтарға жауап берулерің керек. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

I топқа:

  • Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?

  • Қазақстан мемлекетінің рәміздерін ата

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды?

  • Сенің Отаның қалай аталады?

II топқа:

  • Қазақстан астанасы қай қала?

  • Қазақстанда қандай таулар бар?

  • Туда не бейнеленген?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  • Міне бәйгеден кім бірінші келгенін білетін уақыт жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.

Қортындылау

Бағалау

Үй жұмысы: сөздік диктанттағы сөздерді қолданып өз туған жері туралы шығарма жазу (міндетті деңгей), сөйлем құрау (мүмкіндік деңгей)

© 2010-2022