Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту.

Тақырып: Сан есімнің түрленуі

1- жаттығу.3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40. деген сандардың жалпы адамның өмірі, наным- сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры » тақырыбына пікір жазу. Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жаса.

2- жаттығу. Мына сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қой. Қатынасып тұрған сөзімен теріп жаз. Бұл сөздер заттың санын, әлде сынын көрсетіп тұр ма?

қанша?

Үлгі: Жиырма бес оқушы. (санын)

Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Оның он бесі - ұл, оны- қыз. Бесеуі- үздік оқушы, ал он жетісі үлгілі, үшеуі орташа оқиды.

3- жаттығу. Сан есімдерді қатыстыра отырып, "Дүкенде" немесе "Кітапханада" тақырыптарында диалог құрастыр.

Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)

3- жаттығу.Асты сызылған сөздердің орнына сан есімдерді қойып, сөйлем ішінде қолданып көр. Оны басқа сөз табынан қалай ажыратуға болады?

Қоштасар сәт те келді. Сыныптағы оқушылардың бәрі де бірін- бірі құшақтап, жақсы тілектерін жаудырып жатыр. Бір қарағанда әр жерде жұп- жұп боп тұр екен. Біраз уақыттан кейін бәрі қайта топталып мектепке енді, бірақ көп ұзамай қоштасуға мәжбүр болды.

4- жаттығу. Сан есім қандай сөз табымен байланысады? Мысал келтіріп дәлелде.

5- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.

  • Ер жігіттің ... сөйлегені- өлгені,

Еменнің иілгені- сынғаны.

  • Ер жігіт ... сырлы,

... қырлы болсын.

  • ... орда бұзбаған

... қыр аса алмайды.

  • Баланың ... тісі түседі,

... ердің ерге ісі түседі.

Тиісті есептік сан есімдер: екі, бір, сегізінде, сексенінде, бір, сегіз, отызында, қырқында.

6- жаттығу. Төмендегі сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай топтастыр. Олардың емлелік ерекшелігін түсіндір.

18, 5, 30- 30-дан, 2000 жыл, 3,5, 40 шақты, 7-еу.

Дара:.................................................................................................................

Күрделі:............................................................................................................

Олардың бір- бірінен айырмашылығы бар ма?

7- жаттығу.Төмендегі мысалдардағы араб және рим цифрларымен берілген реттік сан есімдердің жазылуына (емлесіне) назар аудар. Қалай жазылған? Нені аңғарғаныңды жаз.


  • Ол 6- қатардан орын алды. Сен биыл 7- сыныпқа барасың.

  • ҮІ сынып оқушылары жиналыста отыр. Біз ҮІІ үйде тұрамыз.

  • 1 қыркүйекте сабақ басталды. 1991 жылы шілде айында тәуелсіз ел болдық.

8- жаттығу. Сөйлемдерден сан есімдерді тіркесіп тұрған сөзімен теріп жаз. Тіркесіп тұрған сөзі қай сөз табынан екенін анықта.

Үлгі: 1850 жыл (сан есім+ зат есім)


  • Ы.Алтынсарин мектепті 1850 жылы "өте жақсы" деген бағалармен бітірді.

  • Екінші үстелге шахматын жайып салды.

  • Бұл ел Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты.


© 2010-2022