Үй жануарлары

КүніПәні: коррекциялық сабақСыныбы: 2бТақырыбы: Үй жануарлары.Мақсаты: Үй жануарлары, олардың төлдері туралы мәлімет беру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйрету. Үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлары туралы слайдтар, үй жануарларының дыбыстары, сөзжұмбақ, ребус, мәтін, ойын элементтері, l. Ұйымдастыру кезеңі. a) Сәлемдесу ә) Оқушымен амандасу,көңіл-күйін білу...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Пәні: коррекциялық сабақ

Сыныбы: 2б

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: Үй жануарлары, олардың төлдері туралы мәлімет беру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйрету. Үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлары туралы слайдтар, үй жануарларының дыбыстары, сөзжұмбақ, ребус, мәтін, ойын элементтері,

l. Ұйымдастыру кезеңі.

a) Сәлемдесу

ә) Оқушымен амандасу,көңіл-күйін білу.

ІІ. Жылулық шеңбері:

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, жер-ана

Амансың ба, қонақтар

Сіздерді көрсем қуанам.

ІІІ. Сұрақ-жауап әдісі:

Жануарлар неше топқа бөлінеді?

Үй жануарларына нелер жатады?

Төрт түлік малдың төлдерін ата.

ІҮ.Үй жануарларын слайдтан көрсету.Үй жануарларының дыбыстарын тыңдату.

Төрт түлік малға қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі жатады. Төрт түлік малдың пайдасы зор. Олардың сүті, еті-тағам, жүні мен терісі-киім. Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланды. Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олар адамға киім,тамақ береді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды.Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік деп атайды.

Түйе-малдың үлкені,

Жылқы-малдың үркегі,

Сиыр-малдың сүттісі,

Қой-түліктің құттысы.

Ү. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Сиырдың төлі - ... . Қойдың төлі - ... . Жылқының төлі - ... . Түйенің төлі - ... . Ешкінің төлі - ... .

ҮІ.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз.

... қозы, ... құлын, ... бұзау, ... бота.

Керекті сөздер: жүйрік, сүйкімді, момақан, тентек

ҮІІ.Қорытынды.

ҮІІІ. Бағалау.



© 2010-2022