Конспекты по «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру. мектепалды даярлық

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні:

Мұғалімі: Г.Қ.Рамазанова

Ұйымдастырылған оқу - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Ақпараттық сауаттылыққа үйрету

Бөлімі: таным

Тобы: МАД

Тақырыбы: «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру.

мақсаты: Балаларды заттардың құрамды бөліктерімен таныстыру. Заттарды белгілеріне қарай ажырата білуге үйрету. «биік-аласа», «енді-енсіз» ұғымдарымен таныстыру. Балалардың логикалық ойлауын дамыту.

көрнекілігі: нысандар суреті. Суреттер. Көз жаттығулары туралы сергіту сәті.

түрі: Дәстүрлі

әдісі: Түсіндірмелі баяндау, тапсырмалар орындау, сергіту сәті.

типі: аралас сабақ

Оқу іс-әрекеті

Жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

Ынталандыру, сезімді ояту

Сәлемдесу, түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Қағаз қаламдарын ретке келтіру.

«шаттық шеңбері» тренинг

Балалар шеңберге тұрып жаттығу жасайды.

Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

Сәлем дейік кішіге,

Біз бақытты баламыз!

2

Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Конспекты по «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру. мектепалды даярлықКонспекты по «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру. мектепалды даярлық

Үйге еркін тақырыпта салып келген суреттерін тексеру.

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

Ойыншықтың құрылғысына мұқият қарап біріннен кейін екіншісінің өсу ретімен таныстыру, олардың түстеріне, көлеміне көңіл аударту.Конспекты по «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру. мектепалды даярлық

ІҮ. Тәжірибелік жұмыстарды орындау

1-тапсырма: Берілген тапсырмалардағы бейнелер кескінін ажыратып, айналдыра сыз (суретте матрешки кескіні жасырынған). Сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыр. Боя.Конспекты по «Матрешки» заттарды көлемі бойынша салыстыру. мектепалды даярлық

2-тапсырма: «Жұмбақтар шешу»

А) Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті - қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз,
Бұл қай кезде балалар? (Таңертең).
Ә) Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз,
Бұл қай кез? (Түс).
Б) Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез? (Кеш).
В) Үйлерде шам жанады.
Дем алады бар әлем.
Деп әлдилер ақ әжем -
Бұл қай кез? (Түн).

Ү. Сергіту сәті.

Сыңғыр, сыңғыр, сырғалар,
Құлағымызды ырғалар
Оң қоламды білезік
Сол қолымда білезік
Саусақтарда сақина
Санап көрші, қанеки
1 - 2 - 3..... 1 - 2 - 3
Дем алайық жинап күш.

ҮІ. Үйге тапсырма: Берілген «Көбелек» суретін бояп келу. Үлкен кішіні, енді енсізді ажырата білуді жаттау.

Балалар үйге берілген тапсырмаларды орындап келгендігін мұғалімге тексертеді.

Балалар білгендерін топпен айтады.


Берілген тапсырманы орындарында отырып, орындайды.


Балалар топпен жасырынған жұмбақтардың шешімін табады.





Балалар топпен сергіту жаттығуын жетекшімен бірге қайталап орындайды.



3

Оқу

іс-әрекетін қорыту.

Балалар бүгін біз сабақта қандай ұғымдармен таныс болдық?

Балалар жауап береді.

Сауболыңыз!


Күтілетін нәтиже: Балалар Үлкен кішіні, енді енсізді ажырата білуді үйреніп, танысып, қасиеттері бойынша ажырата білу.

Нені білу керек: нысандардың үлкен-кіші, енді-енсіз фигураларды табу.

Қандай түсініктерді игереді: нысанның пішіндерін және оның қасиетін біледі.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Геометриялық пішіндерден матрешкилерді санау арқылы үлкен-кішіні ажырата біледі, ретімен құрастырып жапсыру.


© 2010-2022